Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Олжас Бектенов: Агробизнес ауылда тұрақты жұмыс орындарын құруы тиіс

Олжас Бектенов: Агробизнес ауылда тұрақты жұмыс орындарын құруы тиіс

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Үкімет басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы – ел экономикасының басым бағыты.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саланың қарқынды дамуына ерекше назар аударып, оның ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартудағы маңыздылығын, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін және экономиканың орнықты өсуін қамтамасыз етудегі рөлін үнемі ерекше атап көрсетіп келеді", деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров кеңесте егіс науқанының аяқталғанын айтып, баяндама жасады:

"Биыл 23,8 млн гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 180 мың гектарға артық. Президент тапсырмасы бойынша жоғары рентабельді және әлеуметтік маңызы бар дақылдар алқаптарын ұлғайта отырып, егіс алқаптары құрылымын әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алқабы 15,8 млн гектарға, майлы дақылдар 4,3 млн гектарға, мал азықтық дақылдар 3,3 млн гектарға егілді. Шегірткеге қарсы күрес аясында биыл 2,2 млн гектар жер өңделеді. Бүгінде шамамен 665 мың гектарда зиянкестерге қарсы іс-шаралар аяқталды. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары қабылданды: шаруалар 402 мың тонна жеңілдетілген дизель отынымен қамтамасыз етілді, 2,3 млн тонна көлемінде тұқымға қажеттілік толық жабылды, 2,3 млн тонна минералды тыңайтқыштар енгізу жоспарланған".

Төрт айда ет өндірісі 338 мың тоннаны құрады (+3,4%). Сиыр етін өндіру көлемі 112,9 мың тоннаны (+6,1%), қой еті 34,7 мың тоннаны (+8,1%), жылқы еті 41,2 мың тоннаны (+3,8%) құрады.

Мал шаруашылығын дамытудың тиімділігі ветеринариялық қауіпсіздікке тікелей байланысты. Осыған байланысты Үкімет ветеринариялық қызметті нығайту, инфрақұрылымды жаңғырту және еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған жүйелі шараларды жүзеге асыруда.

"Соңғы екі жылда жергілікті атқарушы органдар 9,1 млрд теңге сомасына шамамен 600 ветеринариялық нысан салды. Мемлекеттік ветеринариялық зертханаларды қосымша жарақтандыру жұмыстары жалғасуда. Республикалық бюджеттен берілетін жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде инфрақұрылымды дамытуға 66,2 млрд теңге бөлінді. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесі елеулі жетістікке әкелді – Қазақстан ресми түрде аусылдан таза ел мәртебесіне ие болды. Бұл мәртебе отандық мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді", — деді Айдарбек Сапаров.

Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнім үлесі 51%-дан асты, бұл саланың қосылған құны жоғары өнім өндіруге кезең-кезеңімен көшіп жатқанын көрсетеді.

Жалпы алғанда АӨК-тегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1,6 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылғы деңгейден жоғары. Соңғы 2 жылда қазіргі заманғы мал шаруашылығы кешендерінен бастап терең өңдеу кәсіпорындарына дейін 540 жаңа өндіріс пайдалануға берілді. Оның ішінде 89 мал шаруашылығы кешені, 70 тауарлы-сүт фермасы, 35 астық қоймасы, 35 көкөніс қоймасы, 16 құс фабрикасы, 11 жылыжай салынды, өсімдік майларын өндіру және терең өңдеу бойынша 12 жоба жүзеге асырылды. 2026 жылы техника паркін жаңарту қарқыны 8%-ға жетпек, бұл ретте парктің тозуы 65%-ға дейін төмендейді.

Премьер-министр ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын мал шаруашылығын дамытуға белсенді тарту қажеттігін атап өтті.

"Кеңес жұмысына бизнес пен ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысып отырғанын пайдаланып, мына мәселеге тағы да назар аударғым келеді: ірі шаруашылықтар жыл бойғы жұмыспен қамтуды тұрақты жолға қоюы тиіс. Бұл – сіздерге қойылатын негізгі талаптардың бірі. Мемлекет қажетті қолдауды көрсетуде, бірақ ірі бизнес тарапынан да бірінші кезекте жыл бойғы жұмыспен қамту жөнінде қарсы міндеттемелер күтеді. Ашығын айтайын, егер осы бағытта тиісті шаралар қабылданбаса, біз сіздермен бірге бұдан әрі жұмыс істей алмаймыз, мұндай меншік иелерінен жер телімдерін кері қайтарып ала бастаймыз", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Суды ұтымды пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Өткен жылы жекелеген шаруашылықтардың егіс құрылымын сақтамауы, әсіресе Түркістан және Қызылорда облыстарында су тұтынудың өсуіне әкелді. Осыған байланысты Премьер-министр су ресурстары және ирригация министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп мәселені бақылауда ұстауды, ылғал көп қажет ететін дақылдар бойынша бекітілген егіс құрылымының сақталуын қамтамасыз етуді және фермерлермен түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

"Дала мен орман өрттерінің қаупі күшейіп отыр. Төтенше жағдайлар министрлігі Экология министрлігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп азаматтық қорғау қызметтері мен күштерінің жоғары әзірлігін қамтамасыз етуі қажет. Өрт сөндіру техникасының, байланыс жүйелерінің және жанар-жағармай қорының дайындық деңгейін тексеру керек. Сондай-ақ алдын алу шаралары аясында орман және дала алқаптарын, әсіресе елді мекендер мен егістік жерлерге жақын аумақтарды қураған шөптер мен өсімдік қалдықтарынан тазарту жұмыстарын жүргізу қажет", — деп тапсырды Олжас Бектенов.

Аталған барлық тапсырмалардың сапалы орындалуын бақылау Ауыл шаруашылығы министрлігіне және облыс әкімдіктеріне жүктелді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:209
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Маусым 2026 17:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары