Ардагерлерді ардақтайық : жастар қарияларға құрмет көрсетті
Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Абай облысы, Семей қаласындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенді волонтелері «Әділет» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Булат Каримов Николаевичпен жүздесіп, үйінің ауласына тазалық жұмысын жүргізіп берді.
– Бұл – аға буынға деген құрметті сөзбен емес, нақты іспен көрсетудің үлгісі. Жастар аула аумағын тазалап, ретке келтіріп, тұрмыстық жұмысқа қолғабыс етті. Мүмкін біреуге түкке тұрғысыз жұмыс көрінуі мүмкін. Десе де осындай қарапайым шаруаның өзі ардагерге маңызы зор. «Көзден кетсе көңілден кетеді» дегендей, біз олардың ұсақ-түйек жұмысын орындай отырып, қарияларымызды ұмытпайтынымзды, әрдайым көңілімде екенін көрсеткіміз келді, – дейді Абай облыстық «Жастарр» жастар қанатының төрағасы Темірлан Бақтияров.
Оның айтуынша, мұндай игі бастамалар өңірде тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады. Мысалы, облыс көлемінде «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы 30-ға жуық өткізілді.
«Біз үшін әрбір акция – аға буынға көмек көрсетумен қатар, жастарға жауапкершілік пен жанашырлықтың мәнін көрсететін мүмкіндік. Үлкенге құрмет – бір күндік науқан емес, күнделікті өмірдегі құндылық болуы керек», – деді ол.
Жастар белсендісі Нұрай Занова «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аға буын өкілдеріне қолдау көрсетіп қана қоймай өскелең ұрпаққтың қоғамдық белсенділігін арттыруға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталғанын сөз етті.
– Біз үшін қалыпты көрінетін бір сағаттық еңбек өзгеге, әсіресе қарияға үлкен қолқамыс болуы мүмкін. Сондықтан осындай бастамаларға қатысу арқылы әрқайсымыз қоғамға аз да болса пайда әкеле алатынымызға себеп. Жалпы, үлкенге құрмет көрсету – міндет емес, адамдық қасиеттің көрінісі», – деді Нұрай Занова.
«Әділет» партиясының жастары дәл осы жоба аясында Шығыс қазақстан облысы да құр қалмады. Олар тыл ардагері, «Алтын алқа» иегері, 96 жастағы аяулы анамыздың хал-жағдайын біліп қайтты.
10 баланың анасы, 17 немере мен 19 шөберенің сүйікті әжесі атанған қарт бүгінде ұрпағының қызығын көріп отыр. Кездесу барысында жастарымыз апамызға жеміс жидек себепітн табыстап, оның ақ батасын алды.
Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ төрағасының міндетін атқарушы Эльмира Нұрсеитова «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының басты мақсаты аға буынға құрмет көрсету, олардың өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа насихаттау және жастардың үлкенге деген ізеті мен қамқорлығын арттыра түсуді меңзейтінін жеткізді.
«Ардагерлер – біздің тарихымыздың тірі куәгерлері. 96 жасқа келген анамыздың өмір жолы, еңбегі мен ұрпағына берген тәрбиесі – кейінгі буынға үлкен өнеге. Осындай кездесулер арқылы жастарға үлкенді сыйлау, батасын алу, қамқорлық көрсету арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптейміз. Апамыздың ақ батасын алып, көңілін бір сәтке болса да көтергенімізге қуаныштымыз», – деді Эльмира Нұрсеитова.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:48
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қыркүйек 2026 18:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















