Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

Үйшік: Атыраудың терең тарихындағы көне қала аты

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

Рақымшылық автоматты түрде қолданылмайды: қанша қазақстандық бостандыққа шықты

Шығыс Қазақстанда жаңадан келген сотталушыдан ақша бопсалағандардың жаза мерзімі ұзартылды

ҰлтССО АҚ ға монополияға қарсы заң бұзушылық үшін ескерту жасалды

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

Рақымшылық: Қазақстанда қанша адам бостандыққа шықты?

Жақында грант иегерлерінің тізімі жарияланады

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

ШҚО да су бетіне сапбордпен шыққан екі шетелдік қиын жағдайға тап болды

Қала басшысы Instagram мен TikTok ты балаларға зиянды деп сотқа берді

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

Түркістандағы Respublica форумы: нақты нәтиже, нақты жауапкершілік

Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Рақымшылық: түрмеден босатылғандардың саны жарияланды

Қазақстанда интерн дәрігерлерді даярлау жүйесі жетілдіріледі

Қазақстандықтар Алматы 1 вокзалын жөндеу кезіндегі қолайсыздықтарға шағымданды

Дүкенге тоқаш алуға бару ақтөбелік отбасының өмірін өзгертті

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

Ерге құрмет елге міндет: AMANAT партиясы ардагерлерді ардақтады

Ерге құрмет елге міндет: AMANAT партиясы ардагерлерді ардақтады

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Елімізде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне әрдайым айрықша құрмет көрсетіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл – бұлжымас парыз, айнымас міндет. Мәселен, Жеңіс күні қарсаңында «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрғасым Әжітаевтың шаңырағына барып, ризашылығын білдірді.

Бүгінде Нұрғасым Әжітаев – 101 жасты алқымдап отырған ардақты ардагер. Ол 1925 жылы 1 қаңтарда бұрынғы Семей облысы Абыралы ауданы Сарықамыс топырағында дүниеге келді. Әр жылдары Құлжабасы елді мекенінде, Семей қаласында өмір сүрді. 1943 жылы 15 қаңтарда әскер қатарына шақырылып, сол жылы Новосібір қаласындағы мергендер мектебін тәмамдады.

Майдан жылдары Нұрғасым Әжітаев Курск доғасындағы шайқастарға қатысты. Авиациялық бөлімдерде атқыш қызметін атқарды. Берлинді алу кезіндегі ұрыс шебінен табылды. 1945 жылғы 9 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында 293-атқыштар дивизиясының құрамында Жапонияға қарсы соғысты. Әскери атағы – рота старшинасы.

Етігімен қан кешкен есіл ердің ерлігі елеусіз қалған жоқ. II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін», «Маршал Г. К. Жуков» медальдарымен және өзге де марапаттармен наградталды. Бүгінде ғасыр жасаған ардагер 7 баласының, 10 немересі және 10 шөбересінің мейіріміне бөленіп, қызығына кенеліп отыр.

«Бейбіт күн – ең қымбат қазына. Ашық аспаннан артық байлық бар ма? Жас ұрпақ біз бастан өткерген қиыншылықты көрмесе екен деймін. Әр күн сайын елімізге тыныштық, жұртымызға амандық тілеп отырамын. Шекарамыз бүтін болсын. Азаматтар арасында әрдайым татулық пен ауызбіршілік берік орнап, мемлекетіміз өркендей берсін», – деді ардагер.

Осы орайда, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек елімізде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне айрықша құрмет көрсетілетін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Ұлы Жеңісті ұлықтау дегеніміз, бұл – ең алдымен, ержүрек батырларымызды жадымызда мәңгі сақтау деген сөз. Айбынды аға буынымыз майдан даласында қайсарлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Өткенге құрмет – ұрпаққа міндет. Ел азаматтары батыр бабаларымыздың ерен ерлігін ешқашан ұмытпайды. Сондықтан «AMANAT» партиясы ардагерлердің атқарған ісін, өнегелі өмірін алдағы уақытта да ұлықтай беруге мүдделі», – деді Дәулет Кәрібек.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында жыл сайын елімізде қарияларға түрлі қолдау шаралары көрсетіледі. Сондай-ақ партияның республикалық  QAISAR  әскери-патриоттық жобасы да ел аумағында жүйелі жүзеге асырылуда. Биыл осы жоба аясында еліміздің 20 өңірінде 5 мыңнан астам жас азаматтың қатысуымен ауқымды іс-шаралар өткізілді. Бұған қоса, партияның аймақтық филиалдары үш жылдан бері «Сарбаз болғым келеді» ауқымды акциясын ұйымдастырып келеді. Оған ел аумағында 600 мыңнан астам мектеп оқушысы қатысып, алғашқы әскери дайындықпен танысты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Мамыр 2026 17:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

06 Тамыз 2026 16:56see127

Үйшік: Атыраудың терең тарихындағы көне қала аты

05 Тамыз 2026 23:24see123

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

06 Тамыз 2026 18:47see119

Рақымшылық автоматты түрде қолданылмайды: қанша қазақстандық бостандыққа шықты

05 Тамыз 2026 12:17see118

Шығыс Қазақстанда жаңадан келген сотталушыдан ақша бопсалағандардың жаза мерзімі ұзартылды

05 Тамыз 2026 13:08see117

ҰлтССО АҚ ға монополияға қарсы заң бұзушылық үшін ескерту жасалды

05 Тамыз 2026 23:23see117

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

06 Тамыз 2026 15:01see117

Рақымшылық: Қазақстанда қанша адам бостандыққа шықты?

05 Тамыз 2026 14:14see116

Жақында грант иегерлерінің тізімі жарияланады

06 Тамыз 2026 08:29see115

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

06 Тамыз 2026 19:10see115

ШҚО да су бетіне сапбордпен шыққан екі шетелдік қиын жағдайға тап болды

05 Тамыз 2026 23:05see115

Қала басшысы Instagram мен TikTok ты балаларға зиянды деп сотқа берді

05 Тамыз 2026 11:03see114

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

06 Тамыз 2026 11:01see113

Түркістандағы Respublica форумы: нақты нәтиже, нақты жауапкершілік

05 Тамыз 2026 22:45see112

Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

05 Тамыз 2026 18:55see112

Рақымшылық: түрмеден босатылғандардың саны жарияланды

05 Тамыз 2026 11:18see111

Қазақстанда интерн дәрігерлерді даярлау жүйесі жетілдіріледі

05 Тамыз 2026 13:01see110

Қазақстандықтар Алматы 1 вокзалын жөндеу кезіндегі қолайсыздықтарға шағымданды

05 Тамыз 2026 12:26see110

Дүкенге тоқаш алуға бару ақтөбелік отбасының өмірін өзгертті

05 Тамыз 2026 08:16see110

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

06 Тамыз 2026 20:22see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары