Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

2027 жылдан бастап Алматы орталығында тағы бір тыйым салынады

2027 жылдан бастап Алматы орталығында тағы бір тыйым салынады

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

2027 жылғы 8 қаңтардан бастап Алматының орталығында отшашу мен басқа да пиротехникалық бұйымдарды іске қосуға тыйым салынады. Бұл туралы Алматының Экология және қоршаған орта басқармасы мәлімдеді. Тыйым қай жерде қолданылатыны және LEZ аймағында тағы қандай өзгеріс болатыны туралы Tengrinews.kz материалында.

Отшашуға тыйым салынады

Экология басқармасының мәліметінше, 2027 жылғы 8 қаңтардан бастап "Атмосфералық ауаны қорғау қағидалары" күшіне енеді. Құжат бойынша төмен шығарындылар аймағында (LEZ) пиротехниканы қолдану шектеледі.

Еркін саудадағы петардалар, фейерверктер, отшашу және басқа да пиротехникалық өнімдерге тыйым салынады.

Бұл ретте шектеу бүкіл Алматыға таралмайды. Ол LEZ шекарасында ғана әрекет етеді. Қазіргі уақытта пилоттық аймақ Бөгенбай батыр көшесінен оңтүстікке қарай, Абай даңғылынан солтүстікке қарай, Желтоқсан көшесінен шығысқа және Достық даңғылынан батысқа қарай орналасқан шаршыны қамтиды.

Дегенмен, LEZ-дің нақты шекарасы пилоттық жобадан кейін бекітілуі тиіс.

"Бұл норма Алматының барлық аумағында бірден қолданылады дегенді білдірмейді. Шектеу тек төмен шығарындылар аймағының шекарасы белгіленгеннен кейін сол аумақта күшіне енеді. LEZ шекарасы Алматы әкімдігінің жеке қаулысымен бекітіледі", – деп хабарлады басқарма.

Алматыдағы LEZ аймағы

Еске сала кетейік, Қазақстандағы алғашқы LEZ аймағы Алматының орталығында 2026 жылғы 28 сәуірде пилоттық режимде іске қосылды. Ол Бөгенбай батыр көшесінен оңтүстікке қарай, Абай даңғылынан солтүстікке қарай, Желтоқсан көшесінен шығысқа қарай және Достық даңғылынан батысқа қарай шаршыда орналасқан. Пилоттық жоба 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Алматыдағы LEZ аймағының картасы / Фото: almaty-parking.kz

Жүйе операторы – "Алматы паркинг". Пилоттық кезеңде ешқандай шектеу, айыппұл немесе кіру ақысы алынбайтыны атап өтілген болатын.

Анықтама: Айта кетейік, қазіргі пилоттық шекара түпкілікті болып саналмайды. LEZ толыққанды жұмыс істеуі үшін әкімдік оның аумағын бөлек анықтауы тиіс.

LEZ аймағында тағы қандай тыйым салынады?

Атмосфералық ауаны қорғау қағидалары пиротехникаға ғана қатысты емес.

2025 жылғы 30 желтоқсанда Алматы мәслихаты төрт бағытты қамтитын құжатты бекітті:

автокөлікке қойылатын арнайы экологиялық талаптар; III санаттағы стационарлық нысандарға қойылатын арнайы экологиялық талаптар; мониторинг жүргізу және заңбұзушылықтарды анықтау; шығарындылар деңгейі төмен аймақты (Low Emission Zone, LEZ) ұйымдастыру. LEZ аймағында не өзгерді?

Бірінші кезең басталып кетті. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Алматыда автокөліктердің экологиялық нормаларға сәйкестігі кезекті жоспарлы техникалық байқау кезінде тексеріледі. Ол үшін міндетті техникалық зерттеу енгізілді.

Бензинмен және газбен жүретін көліктердің пайдаланылған газдарының уыттылығы, ал дизельді көліктердің түтінділігі тексеріледі. Мұндай тексеруден бөлек және алдын ала өтудің қажеті жоқ.

Болашақта экологиялық тексеріс нәтижелерін LEZ аймағына көліктердің кіруін бақылау үшін де пайдалану жоспарланған.

Жаңа ереже кезекті техникалық байқау мерзімі 2026 жылғы 1 қыркүйектен кейін келетін көліктерге қолданылады. Егер автокөлік бұл күнге дейін техникалық байқаудан өткен болса, құжат белгіленген мерзім аяқталғанға дейін күшінде қалады. Рәсімнен қайта өту немесе шығарындылар деңгейін алдын ала тексеру талап етілмейді. Техникалық байқаудан бұрынғыдай кез келген жұмыс істеп тұрған орталықта өтуге болады. Шығарындыларды тексеруді аккредиттелген және бірыңғай жүйеге қосылған, сертификатталған жабдықтары бар станциялар ғана жүргізеді.

Бұл ретте жүргізуші тиісті аккредиттелген станцияны таңдаса, екі рәсімнен бір жерде өте алады. Станциялар тізімі мына сілтемеде.

Ереже бұзу деректері қалай тіркеледі?

Ластаушы заттардың шығарындылар деңгейі автокөлікті техникалық байқаудан өткізу кезінде ТБС-да анықталады.

Бұған дейін LEZ аймағына кіру камералар көмегімен автоматты түрде бақыланатыны хабарланған болатын. Олар мемлекеттік нөмірді оқып, автокөліктің техникалық зерттеуден өткен-өтпегенін және оның нәтижесі қандай екенін автоматты түрде тексереді.

Аймақ шекарасында блокбекеттер мен шлагбаумдар болмайды. Көлік кірген кезде иесіне SMS-хабарлама жіберу жоспарланған, ал техникалық зерттеуден өтпеген жағдайда айыппұл салынуы мүмкін.

Сондай-ақ бұған дейін қала тұрғындарынан ескі автокөліктерді сатып алу мәселесі әлі қаралу сатысында екені хабарланған болатын – бұған бөлінетін бюджет пилоттық жоба қорытындысынан кейін анықталады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:78
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қыркүйек 2026 17:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары