Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Бюджетке түскен батпан

Бюджетке түскен батпан

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Әсіресе бюджет тапшылығы ұлғайып, мемлекеттік қарыз көбейген сайын, сынның да салмағы арта түсетіні түсінікті. 2026 жылдың алғашқы жеті айының қорытындысы жарияланғаннан кейін де осындай пікірлер көбейді. 

Кейбір сарапшылар мен қоғам өкіл­дері бюджет кірісінің жос­пар­ға жетпеуін биылғы салық рефор­ма­сынан көріп, онысын реформа ел күткен нәтижені бермей жатыр деген оймен бе­кіткісі келеді. Шынында да, сандарға қа­ра­сақ, осы ойға жетелейтіндейі бар-ақ. Же­ті айда республикалық бюджетке 12,36 триллион теңге кіріс түскен. Бұл жос­пар­дың 99 пайызына жуық. Ал бюджет тап­шы­лығы 2,8 триллион теңгеге жеткен. Оны жабудың негізгі тетігі бұрынғыдай – мемлекеттік қарыз алу. Тіпті, келесі жылы мемлекет шығыны шамамен 29 триллион теңге, ал кіріс 25,4 триллион теңге дең­гейін­де жоспарланып отыр. Соған сәйкес бюд­жет тапшылығы 4,5 триллион теңге ша­масында болады. Ал мұнайға қатысты тү­сімдерді қоспасақ, тапшылық 10 трил­лион теңгеден асуы мүмкін деген есеп бар. Дефицитті өтеудің амалы деп тағы қа­рыз­ға кіріп жатсақ, таңғалатын жайт емес. 

Оның сыртында қарыздың өзі тұрмақ, мем­лекеттік борышқа қызмет көрсету шы­ғыны да өсіп келеді. Жеті айдың өзінде қа­рыз бойынша пайыз төлеуге 2,4 трил­лион теңгеден астам қаржы жұмсалған. Осы көрсеткіштердің өзі-ақ бюджет сая­са­тына сын айтуға жеткілікті себеп сияқ­ты. Алайда экономист Ғалым Құсайы­нов­тың пікірінше, мәселенің байыбына бар­май тұрып, мұндай қорытынды жа­сау­ға асықпау керек. Оның айтуынша, бюд­жет көрсеткіштерін тек жоспармен са­лыстырып, содан кейін «салық реформасы нәтиже бермеді» деген тұжырым жасау экономикалық тұрғыдан дұрыс емес.

Салық көлемі артқан

Экономиканың қарапайым қа­ғи­дасы бар, кез келген жоспар бел­гі­лі бір болжамдарға сүйеніп жасалады. Ал болжам дегеніңіз өзгермейтін, қатып қал­ған қағида емес. Бюджетті жоспар­лан­ған кезде инфляция қандай болады, мұ­най мен металдың бағасы қай деңгейде қа­лыптасады, ұлттық валюта қанша тұра­ды, экономикалық белсенділік қалай өз­ге­реді деген секілді ондаған фактор есеп­ке алынады. Бірақ соның бәрі бір жыл­дың ішінде бастапқы болжамнан ауыт­қуы мүмкін. Сондықтан Құсайынов бюд­жет кірісін бағалағанда жоспардан қан­ша пайызға ауытқығанына ғана емес, был­тырғы жылдың сәйкес кезеңімен са­лыстырған жөн деп есептейді. 

Бұл жерде көрініс мүлде басқаша кө­рінеді. 2026 жылдың алғашқы жеті айында са­лық түсімдері өткен жыл­дың осы ке­зеңімен салыстырғанда 17 пайы­з­ға өскен. Яғни мемлекет қазы­на­сы­на түсетін салық көлемі қысқарған жоқ, керісінше айтарлықтай артқан. Мұның өзі «салық реформасы бюджет кірісін құл­дыратты» деген қарапайым тұжырым­ның асығыс екенін көрсетеді.

Бірақ мұнда ұлттық валютаның ба­ға­мы дейтін тағы бір маңызды фактор бар. Былтыр алғашқы жеті айда АҚШ ақша­сы­ның орташа бағамы шамамен 514 теңге бол­са, биыл осы кезеңде ол 484 теңге ша­­­­­масында қалыптасты. Бір қарағанда, мұның бюджетке қандай қатысы бар деген сұрақ тууы мүмкін. Шын мәнінде, тікелей байланысты дүние. Қазақстандағы бір­қа­тар салық түсімдері импортқа, сыртқы сау­даға, экспорттық тауарлардың баға­сы­на және валюталық есептеулерге бай­ла­нып қалған. Демек, теңгенің нығаюы бюд­жетке түсетін түсімдердің теңгелік кө­леміне әсер етеді.

Ғалым Құсайыновтың есебінше, ұлт­тық валютаның нығаюы бюджет кірісін ша­мамен 400 млрд теңгеге азайтқан. Егер тең­ге былтырғы деңгейде болғанда, салық тү­сімдерінің жылдық өсімі қазіргі 17 пайыз­дың орнына шамамен 20 пайыздай бо­лар еді. Бұл да «бюджет жоспарының орын­далуына кері әсер еткен салық ре­фор­масы екен» деп сөйлеуге кереғар дерек.

Бюджеттегі жағымсыз көрініске эко­номиканың сыртқы жағдайы мен валюта бағамы да өзіндік «үлесін» қосып отыр. Бұл әсіресе қосылған құн са­л­ығынан анық байқалады. ҚҚС түсімі өткен жылмен салыстырғанда шамамен 39 пайызға өскен. Алайда жоспар толық орын­далмаған. Сырттай қарағанда, бұл қа­рама-қайшылық сияқты. Қалайша са­лық 39 пайызға өсіп тұрып, жоспар орын­далмай қалады?

«Мәселе жоспардың қандай бағаммен жә­не қандай экономикалық болжаммен жа­салғанында болып тұр. ҚҚС бойынша жос­пардан қалған 457 млрд теңгенің ша­мамен 300 млрд теңгесі теңге бағамының ны­ғаюынан келді. Демек жоспардан ауыт­қудың негізгі себебін салық реформа­сы­ның кесірінен көру қисынсыз», – дейді экономист.

Оның сөзінше, корпоративтік табыс са­лығы бойынша жағдай да осыған ұқсас. Жос­­пардан белгілі бір көлемде төмен түс­ке­німен, мұнда да валюта бағамының әсе­­рі бар. Бұл жерде бір маңызды жайт бар. Ұлттық валюта күшейген сайын экс­порттаушылардың теңгелей табысы өз­гере­ді. Ал олардың пайдасы азайса, бюд­жет­ке түсетін корпоративтік табыс салығы да төмендеуі мүмкін. Яғни бір көрсеткішті бө­ліп алып қарағанда, мәселе салық жүйе­сінде сияқты көрінеді. Ал оның ар жа­ғын­дағы валюта қозғалысын есепке алғанда, мүлде басқа картина көреміз.

Өңірлер кірісі неге қысқарды?

Мәселенің тағы бір қызық жері – жергілікті бюджеттер. Бұл жерде сын айтушылар салмақты уәж келтіреді. Кейбір жергілікті түсімдерде шынымен тө­мендеу байқалады. Бірақ Ғалым Құ­сайы­­­нов мұнда да жағдайды жіктеп қа­рауға үндейді. Мәселен, жеке табыс са­лы­ғы­ның өзі төмендеген жоқ. Керісінше, же­ті айда оның көлемі шамамен 1 пайызға өс­кен. Алайда инфляция мен жалақы қо­ры­ның өсуін есепке алғанда, оның өсімі әл­деқайда жоғары болуға тиіс еді.

Экономист тағы мына жайға назар аударады. Жалпы салық түсім­де­рін­дегі республикалық бюджеттің үлесі 60-тан 66 пайызға дейін өскен. Бұл – маңыз­ды көрсеткіш. Өйткені салық ре­фор­­масы тек «қанша ақша жиналды?» де­ген сұрақпен шектелмейді. «Ақша қайда жи­налды?» деген де жағы бар. Бұл жерде са­лық реформасы бюджет кірісін мүлде жойып жіберген жоқ. Керісінше, салық ба­засының бір бөлігі орталық бюджетке кө­бірек шоғырланған.

Бұл жағдайда, бір жағынан, рес­пуб­ли­калық бюджет нығаяды. Екінші жағынан, жер­гілікті бюджеттердің кірісі азаяды. Со­ның салдарынан облыстар мен қалалар Аста­надан келетін ақшаға иек арта беруі мүм­кін. Демек, мәселе салық рефор­ма­сы­ның «жақсы» немесе «жаман» бол­ға­нын­да ғана емес. Бюджеттер арасында қар­жы бөлінісі қалай болып жатыр? Соған да қарап қою керек. 

Жергілікті бюджеттердегі өзгерістің та­ғы бір себебі – шағын және орта биз­нес­тен түсетін корпоративтік табыс са­лы­ғы төмендеген. Оны да жалғыз себеппен тү­сіндіру қиын. Салық жүйесіндегі ре­фор­ма арқылы бизнестің салықтан жалтару не­месе ірі бизнестің салық жүктемесін ұсақ компанияларға бөліп тастау мүм­кін­дігі біраз шектелді. Мұндай шар­алар қыс­қа мерзімде кейбір компаниялардың қыз­метіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан кор­поративтік табыс салығының толық кар­тинасын жеті айдың нәтижесімен ба­ғалау ертерек. 

Әрине, мұның бәрі бюджет тап­шы­лы­ғы мәселесін жоққа шығармайды. Жеті айда республикалық бюджет тапшылығы 2,8 триллион теңгеге жетті. Оның негізгі бө­лігі мемлекеттік қарыз алу есебінен жа­былып отыр. Алаңдатарлық мәселе еке­ні сөзсіз. Өйткені қарыз көбейген сайын оны өтеу ғана емес, оған қызмет көр­сету шығыны да артады. Қазірдің өзін­де бюджеттен қарыз пайызына трил­лион­даған теңге бөлініп отыр. Сондықтан бюд­жетке қатысты сын айтылуы да керек. Бір­ақ сынның өзі дәлелді болғаны дұрыс. Бюджет тапшылығы бар екен деп барлық мә­селені салық реформасына тіреу – эко­номикалық процестерді тым қарапайым тү­сінікке салумен бірдей. Өйткені бюд­жет­ке әсер ететін фактор көп, әлгінде ай­тып кеткен мұнай мен валюта бағасы, одан қалды, инфляция, импорт, эко­но­ми­калық белсенділік дегендер бар. 

2026 жылдың жеті айының қоры­тын­ды­сы, бір жағынан, бюджет тапшылығы мен қарыз жүктемесінің сақталып отыр­ға­нын көрсетті. Екінші жағынан, салық тү­сімдері өткен жылмен салыстырғанда ай­тарлықтай өскенін де байқатады. Де­мек, «бюджет орындалмады» деген бір ға­на сөйлем бүкіл жағдайды сипаттап бере ал­майды. Жоспардың орындалмауы мен кіріс­тің азаюы – екі бөлек нәрсе. Ғалым Құсайы­новтың негізгі уәжі де осында.

Ербол ТҰРЫМБЕТ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қыркүйек 2026 04:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары