Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда студенттер арасында Кітап оқитын университет марафоны өтеді

Қазақстанда студенттер арасында Кітап оқитын университет марафоны өтеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры республикалық «Кітап оқитын ұлт» оқу марафоны аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Құжатқа ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков қол қойды.

Меморандум аясында жоғары білім беру ұйымдарының студенттері республикалық оқу марафонының арнайы «Кітап оқитын университет» бағытына қатыса алады. 

Жоба студент жастар арасында оқу мәдениетін дамытуға, оқырман сауаттылығын арттыруға және отандық әрі әлемдік әдебиетке деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған. 

Алты ай ішінде қатысушылар қазақ немесе орыс тілдерінде 15 кітап оқуға тиіс. Одан кейін студенттер тестілеу және зияткерлік квиздер арқылы өз білімдерін тексереді. 

«Кітап оқу мәдениетін дамыту – заманауи адами капиталды қалыптастырудың маңызды бөлігі. Университет – тек кәсіби білім алатын орын ғана емес, сонымен қатар интеллектуалдық және тұлғалық дамуға мүмкіндік беретін орта. Оқудың студенттік өмірдің табиғи бір бөлігіне айналуы үшін жағдай жасау маңызды. «Кітап оқитын университет» студенттерді кітап төңірегіне біріктіріп, олардың ой-өрісін кеңейтіп, өзін-өзі дамытуға деген тұрақты дағды қалыптастыруға мүмкіндік береді деп сенемін», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. 

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков университет қауымдастығын оқу мәдениетін дамытуға тартудың маңыздылығын атап өтті. 

«Студент жастар – біздің бастамамыздың негізгі аудиторияларының бірі. Біздің міндетіміз – оқуды бір реттік акция емес, күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдыру. «Кітап оқитын университет» форматы тек 15 кітап оқуға ғана емес, сонымен қатар шығармаларды талқылауға, олардың мазмұнын саралауға және пікір алмасуға мүмкіндік береді. Университеттердің қатысуы жастар арасында белсенді оқырмандық қауымдастық қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеміз», – деді Бақытжан Тұрлыбеков. 

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны оқу мәдениетін дамыту, оқырман сауаттылығын арттыру, кітапты кеңінен насихаттау және қоғамда интеллектуалдық орта қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылуда. 

2026 жылы марафон бірнеше бағыт бойынша өткізіледі: «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын университет», «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» және «Кітап оқитын зияткер». 

Қатысушыларды тіркеу 2026 жылғы 15 қыркүйегіне дейін жалғасады. Қазіргі таңда жобаның ресми сайтында 250 мыңнан астам қатысушы тіркелген. 

Марафонға жобаның ресми сайты арқылы қатысуға болады: reading-nation.kz 

Меморандум жоғары білім беру ұйымдарының республикалық марафонға қатысу аясын кеңейтіп, студенттердің оқу мәдениетін, интеллектуалдық қарым-қатынасын және өзіндік білім алуын дамытуға қосымша мүмкіндіктер береді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:52
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қыркүйек 2026 18:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары