Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Кітап оқитын ұлт марафоны биыл 1 миллионнан астам азаматты қамтымақ

Кітап оқитын ұлт марафоны биыл 1 миллионнан астам азаматты қамтымақ

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Кітап оқитын ұлт» және «QAZAQ Creative» қорлары зиялы қауым өкілдерімен тағылымды кездесу өткізіп, 1 қыркүйекте басталатын республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонының жаңа кезеңіне дайындық барысын талқылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Биылғы жоба 1 миллионнан астам азаматты қамтуды көздейді.

Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» марафонының басты мақсаты – азаматтарды кітап оқуға кеңінен тарту ғана емес, оқу мәдениетін қоғамның күнделікті өмір салтына айналдыру.

Жоба дәстүріне сай, ауқымды бастаманың жаңа кезеңі аға буын өкілдерінің ақ батасымен басталды. Ұйымдастырушылар зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, жобаның алдағы міндеттері мен даму бағыттарын ортаға салды.

«Қазақ дәстүрінде қандай да бір үлкен істі бастарда аға буынның ақ батасын алу – тағылымы терең жол. Бұл – үлкендердің өмірлік тәжірибесі мен ізгі тілегін кейінгі буынға аманат етудің бір көрінісі. Сондықтан біз «Кітап оқитын ұлт» сияқты елдің рухани дамуына бағытталған ауқымды жобаны бастар алдында зиялы қауым өкілдеріне арнайы жолығып, ақ батасын алуды жөн көрдік. Аға буынның ақ тілегі бізге үлкен жауапкершілік жүктеп қана қоймай, алдағы жұмысты абыроймен атқаруға жігер береді», – деді «Кітап оқитын ұлт» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков.

Кездесуге жазушылар, ақындар, журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Олардың қатарында Әлібек Асқаров, Шәрбану Бейсенова, Қуандық Жиенбай, Баянғали Әлімжанов, Әбубәкір Смайыл, Оңайгүл Тұржан, Жанат Әскербекқызы, Бауыржан Бабажанұлы, Жанарбек Әшімжан, Мұхарбек Жәкейұлы, Ұларбек Дәлейұлы, Қанат Әбілқайыр, Батырболат Айтболатұлы, Асқар Алтай бар.

Жиын барысында жобаны жүзеге асырудың нақты тетіктері талқыланып, осы жылдың 31 наурызында өткен алдыңғы кездесуде айтылған ұсыныстардың орындалу барысы бойынша есеп берілді.

Зиялы қауым өкілдері жобаның бүгінгі нәтижелеріне жоғары баға беріп, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық сананы жаңғырту және зерделі ұлт қалыптастыру жолындағы ортақ істің маңыздылығын атап өтті.

Жазушы Әлібек Асқаров жобаға ақжолтай тілегін білдірді. «Кітап оқу – ұлттың рухани қуатын арттыратын үлкен құндылық. Осындай игі бастаманың ауқымы кеңейіп, ел көлемінде жалғасын табуына тілектеспін. «Кітап оқитын ұлт» марафонына сәттілік тілеймін. Кітапқа бет бұрған әр азаматтың ой-өрісі кеңейіп, еліміздің зерделі ұрпағы көбейе берсін», – деді жазушы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонның басты көрсеткіші – қатысушылардың саны ғана емес. Негізгі мақсат – кітапты адамның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырып, оқу арқылы ойлайтын, ізденетін, зерделі қоғам қалыптастыру.

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны – кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ортақ іске бірқатар маңызды серіктесті біріктіріп отырған ауқымды бастама.

Жобаны іске асыруға Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры және Yandex Qazaqstan технологиялық компаниясы «Яндекс Кітаптар» сервисімен бірлесіп қатысуда. Серіктестердің бірлескен жұмысы оқу мәдениетін ілгерілетуге, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырман мен кітап арасындағы байланыстың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға бағытталған.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:62
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Тамыз 2026 19:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары