Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Шымкенттегі кітап оқу марафоны: ұстаздары ең көп кітап оқитын мектептер анықталды

Шымкенттегі кітап оқу марафоны: ұстаздары ең көп кітап оқитын мектептер анықталды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Шымкент қаласындағы мектеп мұғалімдері арасында ұйымдастырылған «Кітап оқитын педагог» байқауының бірінші – мектепішілік іріктеу кезеңі аяқталды. 2026 жылғы 18 наурызда тест форматында өткен сынаққа қаладағы 5 980 педагог қатысып, қазақ, орыс және әлем әдебиетінен таңдалған 15 шығарма бойынша білімдерін сынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жоба – Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқитын ұлт» бастамасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба 2025 жылдың қыркүйегінен бастап бірнеше өңірде, оның ішінде Шымкент қаласында пилоттық режимде іске қосылған. Негізгі мақсаты – қоғамның барлық топтарында тұрақты оқу әдетін қалыптастыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және кітапты білім мен рухани байлықтың басты көзі ретінде дәріптеу.

«Кітап оқитын педагог» бағыты мектеп ұстаздарына арналған. Қатысушылар екі лигада – қазақ және орыс тілдерінде  сынға түсті. Онлайн-тест форматы барлық педагогке тең мүмкіндік беріп, ашық бәсекеге жол ашты.

Шымкент қаласының барлық бес ауданын қамтыған іріктеу кезеңіне қазақ лигасында 5 169, орыс лигасында 811 ұстаз қатысты. Бұл көрсеткіш жобаның өңірдегі педагог қауымы арасында кеңінен қолдау тапқанын және кітап оқуға деген қызығушылықтың жоғары деңгейде екенін айқын дәлелдейді.

Байқаудың алғашқы кезеңінен өткен үздік педагогтер дипломдар мен сертификаттарға ие болып, аудандық және қалалық кезеңдерге жолдама алды. 

Үздіктер қатарында:

Шымкент қаласы  Жолдасбеков атындағы №9 лицей мектебі; Шымкент қаласы  №83 жалпы орта білім беретін мектебі; Шымкент қаласы Т.Тәжібаев атындағы №81 жалпы орта білім беретін мектебі.

Қатысушылардың басым бөлігі байқаудың тек білім деңгейін тексеріп қана қоймай, кәсіби өсуге, шығармашылық шабыт алуға және әріптестермен тәжірибе алмасуға зор серпін беретінін атап өтті. Осылайша, жоба ұстаздарды ортақ құндылық – кітап оқу мәдениеті төңірегінде топтастырып, жас ұрпақтың рухани дамуына үлес қосуда.

«Бұл байқау маған кітап оқудың тек жеке даму үшін емес, оқушыларға үлгі болу үшін де қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет сезіндірді. Жобаға қатысу арқылы өзімнің тарихи білімімді тереңдеттім әрі оқушыларға өткенді түсінудің жаңа жолдарын таптым. Жоба ұстаздарды біріктіріп, ортақ мақсатқа жетелейді – кітап оқитын ұрпақ тәрбиелеу», – дейді Шымкент қаласы  Абай ауданы №138 мектебінің тарих пәні мұғалімі Ержан Алиев.

«Онлайн-тест тапсыру процесі өте ыңғайлы болды, бірақ ең бастысы – шығармаларды оқу барысында алған шабыт. Ағылшын әдебиеті мен қазақ, орыс классикасын салыстыра отырып, әлемдік мәдениеттің байлығын сезіндім. Бұл жоба маған шет тілін оқытуда кітапты тиімді құрал ретінде пайдаланудың жаңа әдістерін ашты», – деді Шымкент қаласы Қаратау ауданы №116 мектептің ағылшын тілі мұғалімі Алима Сегизбаева.

«Байқау маған ұлттық әдебиетті тереңірек түсінуге және оқушыларға оны махаббатпен жеткізуге көмектесті. Кітап оқитын педагог – кітап оқитын ұлттың негізі. Осындай жобалар арқылы біз жас ұрпақтың рухани әлемін байыта аламыз», – дейді қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Гаухар Сейітқұлова.

«Жоба кәсіби өсуге ғана емес, әріптестермен тәжірибе алмасуға да серпін береді. Бұл – ұстаздар үшін шынайы шабыт көзі, өйткені кітап оқу – мәңгілік құндылық», – деді орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Екатерина Журавлева.

Келесі кезеңдер 2026 жылдың сәуір айында өтеді, соның қорытындысы бойынша Шымкенттің ең үздік «Кітап оқитын педагогтері» анықталады.

Жобаны «AMANAT» партиясының қолдауымен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры және Шымкент қаласы әкімдігі жүзеге асыруда. Өңірлік демеуші – «Азия Сервис».

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Наурыз 2026 17:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары