Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Қарағанды облысында мұғалімдер арасында ең көп кітап оқитын аудандар мен қалалар анықталды

Қарағанды облысында мұғалімдер арасында ең көп кітап оқитын аудандар мен қалалар анықталды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

1 сәуірде Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» пилоттық жобасының іріктеу кезеңі басталды. Алғашқылардың бірі болып ұстаз аталымының қатысушылары бақ сынады. Облыстың 13 өңірінен жиналған 4 500-ден астам мұғалім мектепішілік іріктеуден өтіп, зияткерлік әлеуеттерін танытты. Соның ішінде оза шапқан жүйріктер де бар. Атап айтқанда, Қарағанды, Теміртау қалаларының және Бұқар жырау мен Ақтоғай аудандарының ұстаздары жоғары нәтиже көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сонымен қатар Қарағанды облысының бірқатар білім ордалары айрықша нәтижелерімен ерекшеленіп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, облыстық Білім-инновациялық лицейінің ұстаздары мен №19 мектептің мұғалімдері 45 сұраққа толық жауап беріп, топ жарды. Демек, тереңнен телміріп білім іздеген ұстаздарымыз байқауға жүйелі түрде дайындалған. 

Педагог санатына жауапты менеджер Мөлдір Әлжанова жоба облыс бойынша барлық мектептерді қамтығанын айтты.

–  Кітап оқу марафонына қатысқан сайыскердің басты мұраты – өздерінің рухани қазынасын еселеу, таным көкжиегін кеңейту, ішкі мәдениетін қалыптастыру. Кітап оқу – олардың өмірлік дағдысы. Жобада Мағжан Жұмабаевтың «Педагогикасы», Сәбит Мұқановтың «Менің мектептерім» секілді мұғалімге қажет кітаптар бар. Ұстаз – саналы ұрпақ тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратын тұлға. Сол себепті, педагогтердің жобаға белсенді қатысуы көңілге қуаныш ұялатады, – деді ол. 

Қарағанды облысында алғаш рет пилоттық форматта іске қосылған «Кітап оқитын ұлт» жобасы оқу мәдениетін дамытуды, қатысушылардың ойлау жүйесін, дүниетанымын, адами құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастыруды көздейді.  

Бүгінде адами капиталды дамыту – елдің тұрақты ілгерілеуінің басты факторы. Бұл үрдіс білім беру мен өзін-өзі дамытудың жаңа жолдарын қарастыруды талап етеді. Мұндай жағдайда ақпаратқа қол жеткізу жеткіліксіз – бастысы оны саралап, талдап, өмірде қолдана білу қажет. Дәл осы дағдылар педагог санаты бойынша қатысқан сайыскеріміз Бекзат Алтынбектің бойында қалыптасқан. 

– Жоба аясында бекітілген 15 кітаптың тізімінде хакім Абайдың даналығы, Шәкәрімнің философиялық трактаттары, классиктеріміз Сәбит Мұқанов пен Бердібек Соқпақбаевтың шебер сомдалған кейіпкерлері қамтылған. Одан әрі тарихи шығармалар жалғасады. Сонымен қатар қазіргі заманғы ғылыми-танымдық, психология және педагогика саласындағы әдебиеттер де бар. Осы кітаптардың барлығын қайта қарап, бұрын оқығандарымызды жаңғыртып, шетел әдебиеттерімен де жаңадан таныстық. Жалпы, бұл тізімдегі әдебиеттердің стильдік, жанрлық, бағыттық ерекшеліктері әртүрлі, сан алуан. «Кітап оқитын педагог» санатына бекітілген туындылар жақсы таңдалған деп ойлаймын, –  деді Бекзат Алтынбек. 

Осы бастамаға Қарағанды облысы бойынша жауапты Жобалық кеңсе жетекшісі Дана Бахтығалиева Арқа жұртшылығының кітапқа деген айрықша ықыласын атап өтті. 

– 6 айдың ішінде аудандарды, шалғай ауылдарды аралап, қатысушылармен кездестік. Жергілікті халық бұл бастаманы іліп алып, тың идеяларымен түрлендірді. Жоба аясында сан алуан шаралар ұйымдастырылды. Жергілікті кәсіпкерлер қаржылай қолдау көрсетіп, қатысушыларды қажетті кітаптармен қамтамасыз етті. Осылайша, жоба жүйелі дамып, жаңа кезеңге шықты. Демек, бәсі биік бәйгенің арқасында елімізде кітапқұмар, саналы, парасат-пайымы жоғары орта қалыптаса бастады. Ал бұл, өз кезегінде, еліміздің қарқынды дамуына ықпал ететін алғышарттардың бірі, – деді Дана Серікбайқызы.

Жалпы, Қарағанды облысынан «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңнан астам адам қатысуда. Олардың қатарында оқушылар, студенттер, ұстаздар, отбасылар және мемлекеттік қызметшілер бар. Байқаудың финалдық кезеңдері Ұлттық кітап күні қарсаңында өтеді. 

Жоба «AMANAT» партиясының қолдауымен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры және Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:77
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Сәуір 2026 18:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары