Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Сауда серіктестігіне серпін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Қазақстанның кітап оқитын картасы кеңейе түсті: Кітап оқитын ұлт жобасына үш өңір қосылды

Қазақстанның кітап оқитын картасы кеңейе түсті: Кітап оқитын ұлт жобасына үш өңір қосылды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасының картасы кеңейіп келеді. Бүгін жалпыұлттық бастамаға бірден үш өңір – Жамбыл, Абай және Павлодар облыстары қосылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің өңір басшыларымен өткізген жұмыс кездесулері аясында кітап оқу мәдениетін дамытуға және жобаны өңірлерде іске асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Жобаға қосылған әрбір өңір Қазақстанның рухани-мәдени картасында айрықша орын алады. Жамбыл облысы – Бауыржан Момышұлы дүниеге келген қасиетті өлке. Оның «Ұшқан ұя» шығармасы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонының ұсынылған әдебиеттер тізіміне енгізілген. Абай облысы – қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының туған жері, олардың әдеби-философиялық мұрасы ұлттық руханияттың берік негізіне айналды. Павлодар облысы – Мәшһүр Жүсіп пен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қасиетті мекені. Олар қазақ әдебиеті мен ағартушылық ойының дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Сондықтан бұл өңірлердің жобаға қосылуының символдық мәні ерекше. «Кітап оқитын ұлт» бастамасы өңірлерді ғана емес, еліміздің бай әдеби мұрасын да бір арнаға тоғыстырып, классикалық шығармалар арқылы жаңа буынның дүниетанымын қалыптастыратын біртұтас оқу кеңістігін құруды мақсат етеді.

Жоба аясында аталған үш өңірде мектеп оқушылары, студенттер, педагогтер, мемлекеттік қызметшілер, спорт саласының өкілдері, еңбек ұжымдары мен отбасылар арасында кітап оқуды насихаттауға, оқу мәдениетін дамытуға және отбасылық кітап оқу дәстүрін нығайтуға бағытталған ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылады.

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков жобаның кеңеюі жалпыұлттық кітап оқу қозғалысын қалыптастырудағы жаңа кезең екенін атап өтті.

«Жобаға қосылған әрбір жаңа өңір – "Кітап оқитын ұлт" тарихындағы жаңа тарау. Бүгін бастамаға Қазақстанға ұлы ақындар мен жазушыларды, ойшылдар мен ағартушыларды сыйлаған өңірлер қосылып отыр. Олардың мұрасы кітаптың қашанда білімнің, рухани құндылықтардың және ұлттық сананың қайнар көзі болғанын айқын көрсетеді. Біздің мақсатымыз – қазақ әдебиетінің таңдаулы туындыларын балалардың, жастардың және әрбір отбасының күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру», – деді Бақытжан Тұрлыбеков.

Алдағы уақытта Жамбыл, Абай және Павлодар облыстарында өңірлік жобалық кеңселер құрылып, білім беру және мәдениет ұйымдарында үйлестірушілер айқындалады. Сонымен қатар қатысушыларды тіркеуге және оқылған кітаптарды есепке алуға арналған цифрлық платформа іске қосылады. Жобаға ауылдық және шалғай елді мекендердің тұрғындарын кеңінен тартуға ерекше назар аударылып, әрбір отбасының қатысуына мүмкіндік жасалады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Шілде 2026 10:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see131

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see131

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары