Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Ақмолада 35 мыңға жуық адам Кітап оқитын ұлт марафонына қосылды

Ақмолада 35 мыңға жуық адам Кітап оқитын ұлт марафонына қосылды

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қатысушылар қатарында мектеп оқушылары мен студенттерден бастап педагогтер, мемлекеттік қызметшілер, отбасылар және өңірдің өзге де тұрғындары бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Ұлттық марафон Ақмола облысында тамыз айында басталған. Ал қыркүйек айынан бері өңірдің барлық 20 ауданы мен қаласында қатысушыларды белсенді тіркеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев, мәдениет басқармасының басшысы Нұрғиса Дауешов мәлімдеді.

Жоба жеті негізгі бағытты қамтымақ. Олардың қатарында «Оқитын мектеп», «Оқитын университет», «Оқитын отбасы», «Кітап оқитын зияткер» секілді бастамалар бар.

Марафонға қатысушылар арнайы тізімге енгізілген отандық және әлем әдебиетінің 330 кітабының ішінен 15 шығарманы оқуы тиіс. Оқу кезеңінен кейін олар тестілеу мен зияткерлік квиздерге қатысады.

Облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаевтың айтуынша, марафонның мәні тек кітап санын көбейтумен шектелмейді. Ең бастысы – тұрғындардың тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталып отыр.

«Кітап оқу – жаңа білім алудың ғана емес, ой-өрісті кеңейтудің, талдау жасауды және өз бетінше қорытынды шығаруды үйренудің де мүмкіндігі. Сондықтан марафонға әр жастағы және әртүрлі салада еңбек ететін адамдардың қатысқаны біз үшін маңызды», – дейді Досұлан Айтбаев.

288 «Зерделі ұлт» бұрышы ашылды

Марафонды ілгерілетуде өңір кітапханаларына да үлкен міндет жүктеліп отыр. Аудандық және ауылдық кітапханаларда қатысушыларға қажетті кітап қоры жасақталған.

Сонымен қатар облыстағы барлық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Зерделі ұлт» атты 288 арнайы бұрыш ашылды. Мұнда тұрғындардың кітап оқып, әдеби шығармаларды талқылауына мүмкіндік жасалған.

Кітап оқуға қызығушылықты арттыру мақсатында кітапханалар жанынан арнайы клубтар да жұмыс істеп жатыр. Бүгінде олардың 35 отырысы өткізілген.

Спикерлердің айтуына қарағанда кітап оқу мәдениетін әлеуметтік желілер арқылы насихаттауға да басымдық берілген. Осы бағытта өңірге танымал тұрғындардың сүйікті кітаптары мен оқу мәдениетінің маңызы туралы айтатын 200-ге жуық бейнесұхбат жарияланған.

Мәдениет басқармасының басшысы Нұрғиса Дауешовтің пікірінше, қазіргі кітапхана дәстүрлі кітап беретін орыннан әлдеқайда кең ұғымға айналуы керек.

- Бүгінде кітапхана кітап алатын орын ғана емес, адамдардың пікір алмасып, әдебиетті талқылайтын және жаңа оқырмандық бастамаларға жол ашатын кеңістік болуы керек. Біз мұндай мүмкіндіктерді облыстың қалалары мен аудандарында да қалыптастыруға тырысып жатырмыз, – дейді Нұрғиса Дауешов.

Өңірдегі марафон жұмысын арнайы құрылған жобалық кеңсе үйлестіреді. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, білім және мәдениет салаларының, сондай-ақ жоғары оқу орындарының өкілдері кірген.

Аудандарда ақпараттық кездесулер мен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, жобаны кеңінен насихаттауға жазушылар, қоғам белсенділері және өңірдің басқа да өкілдері тартылуда.

Жобалық кеңсе жетекшісі Жанар Жүнісованың айтуынша, қазіргі міндет – марафонға мүмкіндігінше көп адам тіркеу ғана емес, қатысушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын бүкіл жоба барысында сақтап қалу.

- Біздің міндетіміз – жобаға қатысуды тек тіркелумен шектемеу. Адамның кітапты шынымен оқып, алған әсерімен бөлісіп, айналасындағыларды да осы үдеріске тартқаны маңызды. Сондықтан кездесулер өткізуді, клубтардың жұмысын дамытуды және оқырман мәдениетін насихаттау үшін әлеуметтік желілерді пайдалануды жалғастырамыз, – деді Жанар Жүнісова.

Марафонның финалы Астанада өтеді

«Кітап оқитын ұлт» марафонының негізгі кезеңі 2027 жылдың наурызына дейін жалғасады. Одан кейін қатысушылар қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздерден өткізілмек.

Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары Ақмола облысын республикалық деңгейде таныстыру мүмкіндігіне ие болады.

Ал ұлттық марафонның финалы 23 сәуір – Ұлттық кітап күні Астана қаласында өтеді. Қорытынды кезеңде еліміздің үздік он оқырманы анықталады.

Осылайша, Ақмолада басталған 35 мыңға жуық адамның кітап оқу марафоны өңір көлеміндегі жобамен шектелмей, Ұлттық кітап күні өтетін республикалық финалға ұласпақ. Басты нәтиже байқау жеңімпаздарын анықтаумен ғана емес, кітапты күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналдырған жаңа оқырмандардың қалыптастыру көзделген.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:64
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қыркүйек 2026 09:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары