Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

“Мұны қалай жеуге болады?“ Астана мектебінде балаларға не беретінін ата аналар көрсетті

“Мұны қалай жеуге болады?“ Астана мектебінде балаларға не беретінін ата аналар көрсетті

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Әлеуметтік желілерде Астанадағы Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейі оқушыларының ата-аналары тегін тамақ аясында балаларға ұсынылатын астың түрін талқылап жатыр, деп хабарлайды Tengri Education.

Неден басталды?

Мұндай жазбалардың бірі қызу талқыға түсті: автордың айтуынша, қызы тегін түскі асты ішкісі келмей, асханаға ақша аударуын сұраған.

"Мен: "Мектеп сені тегін тамақтандырып жатыр, не берсе, соны же" деп ашуландым. Бірақ балалардың алдына құсыққа ұқсайтын тамақ тартады деп үш ұйықтасам түсіме кірмепті!" - деді жазды ата-ана.

Оның сөзінше, тамақтың суретін көргеннен кейін қызының өтінішіне көзқарасы өзгерген.

"Бұл былжыраған нәрсені жемек түгілі, қараудың өзі мүмкін болмаса, маған мұндай тамақтану ваучерінің не керегі бар!" - деді ол.

Бұл ретте автор, баласының айтуы бойынша, ақылы тамақтың сапасы мүлдем басқаша екенін атап өтті.

"Ақшаға дәмді тамақтануға болады екен", - деді Астана тұрғыны.

Скриншот: Threads

Ата-аналар не дейді?

Жазбаның астындағы пікірлерде басқа да ата-аналар, соның ішінде балалары №27 лицейде оқитындар үн қатты.

Олардың бірі баласының осындай түскі астан кейін ақылы тамаққа көшкенін айтты. Оқушының анасының сөзінше, тегін мәзірде балаларға арпа жармасы мен басқа да үйреншікті тағамдар берілген.

"Біз арпа жармасына, макаронға қарсы емеспіз, бірақ дұрыстап пісіруге болады ғой, ал мұнда жарманы езіп берген", - деп жазған ол, былтырғы оқу жылында балалар мектепте жақсы тамақтанғанын атап өтті.

Скриншот: Threads

Пікірлерде ата-аналар мектеп тамағына қатысты басқа да шағымдарын білдірді. Бір ана осыдан екі жыл бұрын балаларға берілетін алманың сапасына назар аударғанын айтты.

"Ол алмаларға қарап жылағың келеді", - деп жазды ол.

Әйелдің айтуынша, сол кезде ата-аналар тобында оған баласына осындай алма берілгеніне де шүкір ету керектігін айтып жауап берген.

Білім басқармасы не дейді?

Осы жағдайға қатысты пікір алу үшін Астананың Білім басқармасына хабарластық.

Ведомство өкілдері №27 мектеп-лицейінің оқушыларына тауық еті фаршынан жасалған тағам ұсынылғанын хабарлады. Басқарма мәліметінше, ол бекітілген технологиялық карта талаптарына сәйкес дайындалған.

"Арнайы құрылған бракераж комиссиясы жүргізген тексеру нәтижесі бойынша тағамның сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың бұзылуы анықталған жоқ", - делінген жауапта.

Десе де, Білім басқармасы ата-аналардың тамақтың сыртқы түріне қатысты ескертулерін назарға алды. Асхана қызметкерлеріне дайын тағамдардың сыртқы түріне, оның берілу мәдениетіне және оқушылар үшін тартымдылығына қосымша көңіл бөлу тапсырылды.

Мектеп тағамына қатысты сұрақ туындаса, ата-аналар не істеуі керек?

Егер ата-аналарды тамақтың түрі ғана емес, сапасы немесе қауіпсіздігі қанағаттандырмаса, мәселені әлеуметтік желідегі талқылаумен шектемей, шешу жолдарын іздеу керек. Бірінші кезекте мектеп әкімшілігіне хабарласып, нақты не нәрсе көңілден шықпағанын егжей-тегжейлі сипаттап беру қажет.

Жағдайды тіркеп қою маңызды: бала тамақты қашан және қандай түрде алды, нақты қандай кемшілік болды, бұл жағдай жиі қайталана ма, сондай-ақ суреті болса, оны сақтап қою керек. Бұл тамақ туралы субъективті пікір емес, нақты факті негізінде сөйлесуге мүмкіндік береді.

Егер мәселе санитарлық талаптардың немесе тамақтану қауіпсіздігінің ықтимал бұзылуы туралы болса, ата-аналар e-Otinish арқылы құзыретті органдарға ресми шағым жібере алады. Мұндай шағымда да жағдайды барынша егжей-тегжейлі баяндап, қолда бар материалдарды тіркеген жөн.

Сонымен қатар ата-аналар мектептегі бракераж комиссиясының жұмысы туралы ақпаратты талап етіп, дайын тағамдар сапасы мектепте қалай бақыланатынын сұрауға құқылы.

Сондай-ақ ата-аналар мектеп мәзіріне нақты не кіретіні, тағамдардың қалай дайындалатыны және олардың сапасы қалай бақыланатыны туралы сұрақтар қоя алады. Егер мәселе қайталана берсе, әр жағдайды тіркеп, ата-аналар чатындағы бір реттік хабарламамен шектелмей, тиісті орындарға шағымдану керек.

Айта кетейік, жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанда мектептегі тамақтану талаптары өзгерді. Мәзірді балалардың жасы мен қажеттіліктерін ескере отырып жасау жоспарланған.

Негізгі өзгеріс - рационда қосылатын тұз бен қант мөлшері шектеледі. Бұл ретте тамақ дайындау үшін тек йодталған тұз қолданылуы тиіс. Мәзірдің кемінде 75 пайызы өсімдік тектес өнімдерден - көкөністер, жемістер, жармалар, бұршақ дақылдары, жидектер, жаңғақтар мен тұқымдардан тұруы керек.

Бұл ретте ыстық тамақ сақталады. Кейбір мектептерде тамақтану "швед үстелі" принципі бойынша ұйымдастырылуы мүмкін, ал шағын жинақ мектептерде және асханасы жоқ жерлерде балаларға ланч-бокстар беріледі.

Бұрынғыдай 1-4 сыныптың барлық оқушысы мен әлеуметтік осал топтағы балалар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:95
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қыркүйек 2026 18:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары