Астанада ата аналар үшін мектепте арнайы кітап бұрышы болады
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Астанадағы «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Темірбек Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінде ата-аналарға арналған кітап оқу бұрыштары ашылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Кітап бұрыштары, негізінен, балаларын мектептен алып кетуге келген кезде күтіп отыратын ата-аналарға ыңғайлы орындарға орналастырылған.
Енді ата-аналар баласын күту уақытын телефонға үңілумен өткізбей, кітап оқуға арнай алады. Кітап сөрелерінен бала психологиясы, тәрбие, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас және отбасы құндылықтарына арналған әдебиеттерді кездестіруге болады.
Жоба арқылы мектеп ұжымы ата-аналарды кітап оқуға ынталандырып қана қоймай, балаларға жеке үлгі көрсетудің маңыздылығына да назар аударуды көздейді.
Себебі бала үшін кітап оқитын ата-ана – ең жақсы үлгінің бірі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:62
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қыркүйек 2026 09:35 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















