Күніне 150 инфаркт пен миллион ота: қазақстандықтар неден қайтыс болады және мұны қалай өзгертуге болады?
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Былтыр Қазақстанда қанша хирургиялық ота жасалғанын білесіз бе? Бір миллион жүз он мың үш жүз он сегіз. Ауруханаларда төрт миллионнан аса науқас емделсе, емханаларға 150 миллионға жуық адам барған. Үш миллионға жуық созылмалы ауруы бар адам есепте тұр және тегін дәрі-дәрмек алады; 3,5 миллион адам скринингтен өтеді.
Былтыр Қазақстанда қанша хирургиялық ота жасалғанын білесіз бе? Бір миллион жүз он мың үш жүз он сегіз. Ауруханаларда төрт миллионнан аса науқас емделсе, емханаларға 150 миллионға жуық адам барған. Үш миллионға жуық созылмалы ауруы бар адам есепте тұр және тегін дәрі-дәрмек алады; 3,5 миллион адам скринингтен өтеді.
Бұл сандардың артында не тұр және неге емдеуден гөрі аурудың алдын алуға көшу керек? TengriHealth айдарында дәрігер әрі денсаулық сақтау менеджері Ерік Байжүнісов өз ойын бөлісті.
Назар аударыңыз: Редакцияның пікірі автордың көзқарасымен әрдайым сәйкес келе бермейді.
Біздің медицина қалай дамыды?Біз медицинамыздың жетістіктеріне қуана білмейміз, бізге сынап-мінеу оңайырақ. Қазір бұл сәнге айналған және көбірек лүпіл жинайды. Осы 30 жыл ішінде медицинамыздың дамуын бақылап жүргендер, әсіресе атсалысқандар, бір кездері бәрімізге қиял болып көрінген деңгейге жеткенімізді айтады.
Қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа дейін өсті. Бұл – мемлекеттің әлеуметтік саясатының, әсіресе денсаулық сақтау саласындағы деңгейін көрсететін бағдар. Еуропада бұл көрсеткіш 81 жасқа тең. Жапонияда тіпті 84 жасқа жетеді. Біз өз өңіріміздегі елдер арасында көшбасшымыз, бірақ, көріп отырғаныңыздай, әлі де өсетін тұстарымыз бар.
Бұған біз медицинаның арқасында қол жеткіздік. Өзіңіз ойлап қараңызшы. 2005 жылы халық саны 15,2 миллион адам болғанда елде 279 мың бала дүниеге келіп, 157 мың адам қайтыс болған, оның 51,5 пайызы қан айналымы жүйесі ауруларынан көз жұмды.
Біз даму бағдарламасын қабылдадық, әр облыс орталығында кардиохирургия бөлімшелерін аштық, кардиохирургия орталығын салдық, қазір жүрек пен қан тамырларына жылына 90 мыңға жуық ота жасаймыз, нәтижесінде 2025 жылы халық саны 20,5 миллион адам болғанда, қайтыс болған 133 мың адамның тек 22,5 пайызы ғана қан айналымы жүйесі ауруларынан көз жұмды.
Бұл тек бір ғана мысал. Көпшілік қарсылық танытса да, мәселелердің көптігіне қарамастан (оны ешкім жоққа шығармайды), 30 жыл ішінде заманауи клиникалар салдық, дәрігерлерді әлемнің ең үздік оқу орталықтарында оқыттық, жаңа технологияларды игердік. Біздің кейбір орталықтар әлемнің үздік клиникалары қатарына кіреді.
Қазақстандықтар қандай аурулардан қайтыс болады?Бұл тақырыпты әрі қарай да жалғастыруға болар еді, бірақ осы жерде кідіріс жасаған дұрыс. Біздің денсаулық сақтау моделіміз экстенсивті түрде дамып келеді, ол негізінен диагностика мен емдеуге бағытталған. Мұндай модельдің тиімділігі төмен, шығыны көп және уақыт өте келе бүкіл жүйенің банкротқа ұшырауына әкелуі мүмкін.
Жағдайды тереңірек түсіну үшін өлім-жітім статистикасына назар аударайық. Елімізде адамдар неден қайтыс болады?
Былтыр қайтыс болған 133 мың адамның 29 998-і қан айналымы жүйесі ауруларынан көз жұмды. 23 728 адам жүйке жүйесі ауруларынан қайтыс болды, мұндағы басты себеп — мидың қан тамырларының зақымдануы.
Қарапайым тілмен айтқанда, еліміздегі адамдар негізінен инфаркт пен инсульттен көз жұмады. Былтыр 55 мың инфаркт және 49 мың инсульт тіркелді. Бұл сандарды оқығанда аса әсер ете қоймайды, солай емес пе? Ал енді басқаша қарап көрейікші.
Елімізде күн сайын 150 адам инфарктпен, 134 адам инсультпен ауруханаға түседі. Күн сайын. "Содан не болыпты?" - дерсіз. Мәселе мынада: 30 жасқа қарай қайтыс болған 1 321 әйелге 3 173 ер адамнан келсе, 50 жасқа қарай бес мың әйелге 11 мың ер адамнан келеді.
Нәтижесінде 70 жасқа тек 700 мың ер адам жетсе, әйелдердің саны миллионға жуықтайды. 70 жастан асқан ерлердің саны екі есеге жуық азайып, 80 жасқа 700 мың әйелге шаққанда тек 355 мың ер адам жетеді. Яғни, әрбір үшінші ер адам 70 жасқа толмай кенеттен қайтыс болу қаупі бар. Мұңды статистика, келісесіз бе? Неге бұлай? Осыны түсініп көрейік.
Қазақстандық медицинаның парадоксы неде?Елде миллионға жуық адам артериялық гипертониямен есепте тұр, алайда зерттеулерге сәйкес, олардың саны әлдеқайда көп: Қазақстандағы әрбір төртінші ересек адамның қан қысымы жоғары. Яғни, бұл дәрігерге барудың орнына шөппен, көк шаймен емделіп жүрген төрт миллионнан аса адам.
13 886 адам онкологиядан көз жұмады. Елде жаппай скринингтер жүргізіліп, жыл сайын 40 мыңнан аса жаңа науқас анықталады. Бұл да әсер етпей ме?
Онда тағы басқаша көрейік: күн сайын 113 жаңа науқас анықталады. Онкологиядан болатын өлім-жітім себептерінің арасында бірінші орында өкпе обыры (16,2 пайыз), одан кейін асқазан обыры (11,2 пайыз), содан соң колоректальды (ішек) обыр (10,6 пайыз).
Осы жерде тағы да кідіріс жасап, түсініктеме беру керек. "Неге түрлі аурумен ауыратындар көбейіп кетті, бұрын мұндай болмаған еді ғой?!" деген сұрақ жиі қойылады. Дұрыс, науқастар көбейді, өйткені олар өмір сүруге мүмкіндік алды. Бұдан 20 жыл бұрын инфаркт көптеген басқа ауру сияқты өлім үкімімен тең болатын - мүгедектік, екінші инфаркт, сонымен бітті.
Қазір бұл емделгеннен кейін пациент қалыпты өмірге оралатын қарапайым диагноз. Жақын арада обыр да қарапайым диагнозға айналады деп үміттенуге негіз бар. Балаларға қатысты бұған қол жеткіздік те — қазір пациенттердің 75 пайызы сәтті емделіп шығады.
Біз неге ауырамыз?Алайда бұл тығырықтан шығар жол емес. Мұндай жүйенің қайшылығы сол – біз медицинаның бұл түрін дамытқан сайын, елде созылмалы ауруға шалдыққандар саны арта береді, демек, көбірек аурухана салып, көбірек дәрі-дәрмек сатып алып, көбірек дәрігер даярлау қажет болады. Сондықтан бұл экстенсивті және шығыны көп жол деп аталады. Онда не істемек керек? Әрі қарай қалай өмір сүріп, қалай дамимыз?
Бұған басқа қырынан қарап көрейікші. Біз неге ауырамыз? Түрлі қабыну мен созылмалы дерттер қайдан шығады? Денсаулығымыздың 50 пайызы өмір салтымызға байланысты. Бұл айта беріп жауыр болған тақырып шығар, бірақ бұны айналып өту мүмкін емес.
Қазақстанда ересектердің 71 пайызы аз қозғалатын өмір салтын ұстанады. Балаларымыздың 69,9 пайызы дене шынықтырумен тұрақты түрде айналыспайды, ал 34 пайызы күніне екі сағаттан астам уақытын гаджеттерге жұмсайды. Мектептегі медициналық тексеру кезінде олардың жартысынан астамынан түрлі ауытқу анықталса, 72 мың бала медициналық көрсеткіштер бойынша дене шынықтыру сабағынан босатылған.
Нәтижесінде 6-9 жас аралығындағы әрбір бесінші баланың салмағы артық, оның ішінде 6,6 пайызы семіздікке шалдыққан. Аналардың 30 пайызы мен әкелердің 44,7 пайызының өздерінде артық салмақ бар, ал ата-аналардың 77,5 пайызы ұлының немесе қызының артық салмағын қалыпты жағдай деп санайды.
Бұл тек аз қозғалудың емес, сонымен бірге дұрыс тамақтанбаудың салдары: құрамында қанты бар сусындар, фаст-фуд, тұзды шамадан тыс тұтыну – қазақстандықтар күніне орта есеппен 17 грамм тұз пайдаланады, бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған нормадан төрт есе көп.
Осының бәрі қан айналымы жүйесі ауруларының өршуіне, ал олар халық өлімінің артуына әкеп соғады. Бірақ бұл бергі жағы ғана. Бұған дәрігерлер зиянын үнемі айтып жүрген шылым шегу мен алкогольді қосыңыз.
Аурудың пайда болуына әкелетін себептерді шешпейінше, біз салдарды емдеуге орасан зор қаражат жұмсай береміз.
Күндердің күнінде мемлекет денсаулық сақтау саласына экстенсивті дамудың айқын мысалы АҚШ сияқты ЖІӨ-нің 16 пайызына жуығын жұмсауға мәжбүр болуы мүмкін.
Жағдайды қалай өзгертуге болады?Не істеу керек? Егер қалыптасқан соқпақпен жүретін болсақ, онда тағы ауруханалар салып, дәрігерлерді оқытып, дәрі-дәрмек сатып алуымыз қажет. Біз науқастарды емдеуге басымдық беріп келеміз, алайда күш-жігерімізді сау адамдардың денсаулығын сақтауға бағыттайтын уақыт жетті.
Бұл мүлдем қиын емес. Жақында біз АҚШ-тан бастап Жапонияға дейінгі түрлі елдің ғылыми мақалаларында жарияланған, бүгінде сәнге айналған "денсаулық қадамдары" бойынша қолжетімді материалдардың бәріне талдау жасадық. Көрсеткіштер әртүрлі және олар көптеген факторға – дәстүрге, мәдениетке, тарихқа байланысты. Дегенмен, барлық мәліметті бір кестеге жинақтағанда, мынадай қорытынды шығады.
Күнделікті жаяу жүрудің пайдасы 2 735 қадамнан басталады, ал жүрек аурулары қаупін азайту үшін күніне 7 126 қадам жүру оңтайлы болып саналады. Егер бұған мүмкіндік болмаса, онда кем дегенде аптасына 2–3 рет сегіз мың қадам басу керек.
Осылайша, егер инфаркт пен инсульттен аулақ болғымыз келсе, күніне жеті мың қадам немесе аптасына 2–3 рет сегіз мың қадам жүрген пайдалы. Келісесіз бе, бұл еш қиын емес қой? Ол үшін ешқандай БАД-тар мен қымбат "ғажайып" дәрілердің қажеті жоқ. Жай ғана жаяу жүріп, таза ауамен тыныстау жеткілікті.
Бұл өз қолымыздағы нәрсе.
Ал мемлекетке байланысты нәрсе – тәтті сусындарға арнайы акциздер енгізу. Бұл туралы көптен бері айтылып келеді, бірақ бұл өндірушілер тарапынан үнемі қарсылық тудырады. Тым болмаса 100 теңге мөлшеріндегі шағын акциз. Бұл ел бойынша үш жыл ішінде 410 миллиард теңгеге дейін қосымша қаражат жинауға мүмкіндік береді, ал егер бұған фаст-фудқа салынатын үш пайызға дейінгі салықты қоссақ, тағы 90 миллиард теңгеге дейін қосымша табыс әкеледі.
Мұндай акциздерді 121 ел енгізген. Олар бұл қаражатты әртүрлі мақсатқа жұмсайды, бірақ негізінен денсаулықты сақтауға, балаларды спортпен және дене шынықтырумен айналысуға ынталандыруға, салауатты тамақтану өндірісін субсидиялауға және т.б. бағыттайды.
Айтарлықтай нәтиже беретін көптеген арзан әрі қолжетімді әдіс бар. Мысалы, Финляндия тұзды, темекі шегуді, қаныққан майларды тұтынуды азайту және алдын алу шараларының арқасында инфаркт пен инсульттен болатын мезгілсіз өлім-жітімді 80 пайыз төмендете алды.
Бған қоса, адамдар үнемі зиян заттар бөлетін кәсіпорынның жанында тұрса, онда оларды өмір бойы өкпе ауруынан немесе обырдан емдеуге қомақты қаражат жұмсауға болады. Немесе бұл кәсіпорынды шығарындыларын нормаға келтіруге мәжбүрлеуге, тіпті оны мүлдем жауып тастауға болады.
Ауқымды зерттеу жүргізу кезінде қалаларымыздағы 11 мыңнан аса ауа сынамасы зиян заттардың рұқсат етілген мөлшерден асып кеткенін көрсетті, ал жұмыс аймағындағы ауаның 1–2 кластағы бу және газдармен ластануы 1,9 есе өскен.
Егер сіз үнемі химикаттармен немесе шаң-тозаңмен жұмыс істесеңіз, ерте ме, кеш пе, сізде соған байланысты ауру пайда болатыны түсінікті. Бұл жағдайда тағы да дәрігер, дәрі-дәрмек, аурухана іздеуге болады немесе жұмыс берушіні қажетті санитарлық нормаларды сақтауға мәжбүрлеуге болады, өйткені бұл тек сіздің денсаулығыңызға қатысты мәселе, солай емес пе?
Шетелде бұл мәселемен кәсіподақтар мен сақтандыру компаниялары айналысады — қызметкердің денсаулығына зақым келсе жағдайлары қиын болады. Бізде, олар әлі күнге дейін көбіне жұмыс берушінің мүддесін қорғайды. Бұл мәселе бойынша бизнестің жауапкершілігін күшейтетін уақыт келген сияқты.
Қазақстанның солтүстігіндегі қысты алайық. Бір тәулік ішінде травматологиялық пункттерге көктайғақтан зардап шеккен жүздеген адам түседі. Қол-аяғы сынғандар мен тағы басқа жарақат алғандар қаншама. Біз бұған "қыс болған соң солай болуы керек" деп үйреніп кеткенбіз.
Ал егер жолдарға уақытында ең болмаса құм себілсе ше? Бәрі қатып, мұзға айналғанша күтпей, тротуарларды қардан тазаласа қайтер еді? Біз болсақ, жаңадан травматологиялық пункттер ашуды жалғастырып жатырмыз. Негізінде коммуналдық қызметтердің жұмысын игерілген қаражат көлемімен емес, аяз бен көктайғақтан зардап шеккендердің санымен бағалауға болар еді.
Денсаулығымыз үшін жеке жауапкершілік алуға дайынбыз ба?Соңғысы - көбінің жүйкесіне тиетін жайт.
Әңгіме біздің жеке жауапкершілігіміз туралы. Біз үнемі одан қашуға немесе басқаға ысыруға тырысамыз. Скрининг пен медициналық тексеруден өтпейміз, дәрігер тағайындаған дәрілерді ішпейміз және диета сақтамаймыз, шылым шегеміз, ішімдік ішеміз, аз қозғаламыз — мұны қайталаудың мәні жоқ, бәріне белгілі жайттар.
Біз шетелдік тәжірибенің тек бір жағын көшіріп, екінші жағын мүлдем ұмытып кетеміз. Ол қалай жұмыс істейді? Өте қарапайым: саған тегін скринингтен өтуге мүмкіндік берілді ме, өт. Ал егер өтпей жүріп ауырып қалсаң, онда қызмет ақысының бір бөлігін өз қалтаңнан төле. Өйткені саған мүмкіндік берілді ғой. Әділетті, солай емес пе? Меніңше, иә.
Егер сен ақшаңды темекі мен ішімдікке жұмсап, белгіленген режимді бұзсаң, онда дәрі-дәрмекті де өз ақшаңа сатып алған дұрыс шығар? Олардың саған не қажеті бар, бәрібір емнен нәтиже болмайды ғой? Не оны, не бұны таңда. Қатал естіле ме? Мүмкін, бірақ бұл сенің денсаулығың ғой.
Немесе мемлекет вакцина сатып алып, саған екпе жасатып, көптеген аурудан сақтануға мүмкіндік беріп отыр. Сен бас тартасың. Жақсы.
Антиваксерлердің сәнді қозғалысы да бізге батыстан келді. Бірақ тағы да жартылай — тек өзімізге ыңғайлы тұсын алдық. Ал батыста вакциналаудан бас тартқан ата-аналар, баласы ауырып қалса, айыппұл төлеуі мүмкін немесе ондай балаларды балабақшалар мен мектептерге кіргізбейді.
Міне, осының бәрі қоғамдық денсаулық сақтау деп аталады, онсыз саланың бұдан арғы дамуы мүмкін емес. Бірақ бұған қалай қол жеткізуге болады? Мемлекет, бизнес және азаматтың, яғни біз бен сіздің мүдделеріміз арасындағы теңгерімді қалай табуға болады?
Ең қиын реформа — адамның ойлау жүйесі мен мінез-құлқын реформалау. Оның салтын денсаулыққа қарай өзгерту. Біз көптеген жыл бойы бұған декларативті шаралармен қол жеткізуге тырысып келеміз, бірақ бұл тек қысқа мерзімді, үзік-үзік әсер береді.
Қаншалықты қарсылық танытсақ та, кез келген әлеуметтік бағдарлама — бұл мемлекет, бизнес және азамат арасындағы келісімшарт екенін мойындауымыз керек. Ал бұл келісімшартта жауапкершілік аймақтары айқын болмаса, ол автоматты түрде мемлекеттің немесе азаматтың мойнына жүктеледі.
Ойынның нақты әрі түсінікті ережелері қажет, олар тиісті заңдарда жазылып, барлық тарап мүлтіксіз орындауы тиіс. Біз денсаулық сақтау саласын дамытудың жаңа тұжырымдамасын іске асыру кезінде осымен айналысқымыз келеді. Жүйені емдеуден алдын алуға бағыттауы тиіс осы шаралардың барлығын талқылап, басты құндылығы әр адамның денсаулығы болатын ең оңтайлы жолды таңдаймыз деп үміттенемін.
Өзіңізді және жақсы дәрігерлерді сақтаңыз!
Назар аударыңыз: Редакция пікірі автордың көзқарасымен әрдайым сәйкес келе бермейді.
Автор туралы: Ерік Байжүнісов — хирург-дәрігер, Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасы, денсаулық сақтау менеджері.
Дайындаған: Айнұр Қапышова
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:95
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Сәуір 2026 18:32 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















