Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Неге Қазақстандағы медицинада мейірім аз және оны қалай өзгертуге болады: дәрігер пікірі

Неге Қазақстандағы медицинада мейірім аз және оны қалай өзгертуге болады: дәрігер пікірі

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

"Егер дәрігермен сөйлескеннен кейін науқастың жағдайы жеңілдемесе, онда ол дәрігер емес", - деген екен Владимир Михайлович Бехтерев. Бұл сөздің төркіні дәрігердің тек дәрі-дәрмек пен технологиямен ғана емес, жан жылуымен де емдейтінінде жатыр. Көбіне науқасқа жай ғана қолдау мен ең бастысы - үміт қажет.

"Егер дәрігермен сөйлескеннен кейін науқастың жағдайы жеңілдемесе, онда ол дәрігер емес", - деген екен Владимир Михайлович Бехтерев. Бұл сөздің төркіні дәрігердің тек дәрі-дәрмек пен технологиямен ғана емес, жан жылуымен де емдейтінінде жатыр. Көбіне науқасқа жай ғана қолдау мен ең бастысы - үміт қажет.

TengriHealth авторлық бағанында белгілі дәрігер әрі денсаулық сақтау менеджері Эрик Байжүнісов дәрігер науқастың бойынан алдымен диагнозды емес, адамды көруі үшін не істеу керектігі туралы толғанады. 

Болашақ дәрігер театрға не үшін бару керек?

Еліміздегі көптеген дәрігердің ұстазы, белгілі ғалым Айқан Ақанов Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры болып тұрған кезінде бірінші курс студенттерін театрға баруға міндеттейтін. Спектакльден шыққан жастардың жанары қалай өзгергенін таныстарымыз жыр қылып айтатын.

Сонымен қатар ол университетке елімізге танымал тұлғаларды, әсіресе шығармашылық интеллигенция өкілдерін жиі шақыратын.

Ақанов дәрігердің рухани болмысы оның физикалық деректерінен әлдеқайда маңызды екенін терең түсінді. Әрине, біздің салада физикалық төзімділіктің де орны бөлек, әсіресе ота үстелінің қасында сағаттап тұратын мамандар үшін.

Мен одан: "Мұның бәрі не үшін қажет?" - деп жиі сұрайтынмын. Ал ол болса, бойында ішкі мәдениеті мен айналасына деген сезімталдығы қалыптаспаған адамнан жақсы дәрігер шығуы мүмкін емес екеніне кәміл сенетін. Тек өнер ғана адам бойында жанашырлық сезімін оята алады деп білетін.

Дәйексөз авторын қосу

Сурет қосу

Эрик Байжүнісов

хирург-дәрігер, денсаулық сақтау менеджері 

Оның болашақ дәрігерлерді тәрбиелеу әдістері пікірталас тудырып, кейде академиялық ортада түсініспеушілікке де ұласатын. Алайда уақыт оның қоғамдағы рухани-мәдени дағдарысты алдын ала сезіп, болашақты болжағанын көрсетті. Өкінішті болса да, біз кітап оқитын соңғы буын шығармыз. Мүмкін.

Нағыз дәрігер кім? 

Бұрын медицина институтына түскен бетте біз медицинаның асқақ әлеміне енетінбіз. Онда кешегі ұл-қыздарға есімі мен әкесінің атын қоса айтып, тек "сіз" деп сыпайы сөйлейтін.

Ауылдан келген қарапайым бала үшін бұл таңғаларлық жағдай еді - алғашқы күннен бастап білім беру жүйесінің өзі бізді ерекше миссияға, жоғары мақсаттарға қызмет етуге дайындады.

Ол кезде оқу өте қиын болатын, көбі жолда қалып қоятын. Әрине, ақылы емтихандар немесе оқытушыларға "алғыс айту" туралы сөз болуы мүмкін емес еді.

Жоқ, бұл жай ғана ностальгия емес. Өткенді аңсау да емес. "Бұрын жақсы еді, қазір жаман" деген пенделік ой да емес. Барлық кезеңнің өз артықшылығы мен кемшілігі болады.

Менің айтпағым басқа. Медициналық жоғары оқу орнын бітірген әрбір түлек нағыз дәрігер бола бермейді. Нағыз дәрігер - бұл тек епті қол, тәжірибе мен техника емес. Бұл, ең алдымен, кең өріс пен мейірімді, ақжарқын жүрек.

Шыны керек, бұл тұрғыда дәрігерлерді оқытудың классикалық жүйесі діни қызметкерлерді дайындауға өте ұқсас. Бәлкім, бұл лазареттер шіркеулер мен мешіттердің жанында болған заманнан қалған үрдіс болар?

Дәрігерлер неге қатыгез болып барады? 

Меніңше, бұл көзқарас келмеске кетті. Дәл осы жерде бүгінгі күннің күрделі мәселесі - медицинадағы қатыгездіктің белең алуы жатыр.

Дәрігерлерді даярлаудың бұрынғы жүйесі сол кезеңдегі - негізінен кедей, әлеуметтік жағынан біртекті, бірақ басым бөлігі білімді әрі асқақ мұраттарға ие қоғамға бейімделген болатын. Бірақ бүгінде әлем түбегейлі өзгерді, біз де басқаша болдық.

Нарықтық экономика мен цифрлық технологиялар қарыштап дамыған дәуірде көптеген әдетіміз бен мұраттарымыз тарих қойнауына кетті. "Дәрігер - науқас" арасындағы дәстүрлі қарым-қатынас та өзгерді. Мұндай жағдайда жалақысы төмен дәрігерден жоғары адамгершілікті талап ету әділетсіз болар.

Қазақстанның денсаулық сақтау саласын клиникалар арасындағы бәсекелестікке, олардың тәуелсіздігіне және пациенттердің еркін таңдауына негізделген нарықтық модельге көшу құтқара алар еді. Көптеген Еуропалық немесе дамыған Азиялық елдеріндегідей.

Біздің денсаулық сақтау жүйесі туралы осылай айтуға бола ма? Өкінішке қарай, жоқ.

Қазіргі медицина - нарықтық қайта құрулар ағынындағы өткен дәуірдің кішкентай аралы іспеттес. Бірақ бұрынғы баяу қарқын мен ескі тәсілдер қоғамды, әсіресе пациенттерді қанағаттандырмайды.

Медициналық қауымдастық мұны түсініп, екі лагерьге бөлінді: жеке секторда жұмыс істейтіндер және мемлекеттік мекемелерде қалғандар (дегенмен дәрігерлер оларды жиі ауыстырып немесе қатар алып жүреді). 

Бүгінгі жекеменшік емхана қызметкерлерінің басым бөлігі - бұрынғы мемлекеттік клиникалардың мамандары. Меншік нысаны әртүрлі медициналық ұйымдар арасында айтарлықтай айырмашылықтың болмауы да содан. Тіпті, меніңше, кейде мемлекеттік мекемелер жекеменшікке қарағанда икемдірек әрі тартымдырақ көрінеді.

Дегенмен, нарық жағдайындағы сапаның негізгі қозғаушы күші - бәсекелестік, ал ол үшін бүкіл жүйені жеке секторға және еркін айналымға жіберу керек. Бұл мүмкін бе? Негізінде, мүмкін.

Көптеген посткеңестік ел осы жолмен жүрді. Бұдан олардың жағдайы жақсара түсті ме? Бұл – даулы мәселе. Технологиялық тұрғыдан, мүмкін, солай да шығар, бірақ қолжетімділік пен әділдікке келгенде қиындықтар туындады. Бірақ... Өздеріңіз білетіндей, сатылған дүниені сол бағасына қайта сатып ала алмайсың.

Сондықтан еліміздің негізінен мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесін сақтап қалғанын тек құптау керек - ол қызметтердің жаппай сипатын және халықты кеңінен қамтуды қамтамасыз етеді.

Бірақ мұндай жүйе адамға бағытталған бола ала ма? Әрине, жоқ. Тек бюджет қаражатына ғана күнелтіп отырған денсаулық сақтау саласы ондай бола алмайды.

Неліктен? Себебі бәсекелестік болмаған соң, ол өз қызметтерінің сапасын жақсартуға мүдделі емес. КСРО кезіндегідей. Қаласаң - сатып ал, қаламасаң - алма, бұдан сатушы үшін де, жалпы дүкен үшін де ештеңе өзгермейді. Ең жақсы әрі құнды дүниелер тек сөре астынан немесе таныстықпен ғана сатылатын.

Біздің денсаулық сақтау саласының қазіргі моделі де негізінен осындай режимде жұмыс істеп тұр, сондықтан одан жоғары сапаны талап ету - бос әурешілік.

Нақты бір пациентке көрсетілген тасбауырлық туралы әрбір мысалыңызға жауап ретінде сізге ел бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымды цифрларын, мүлтіксіз статистика мен жоғары жетістіктерді алға тартады. Біздің модель жеке тұлғаға емес, бұқараға, қоғамға арналған.

Медицина адамға бағытталуы үшін не істеу керек?

Бұл шынымен де түзелмейтін жағдай ма? Әрине, тәсілдер мен көзқарасты өзгертуге болады. Дегенмен, бұл күрделі әрі өте сезімтал процесс екенін және одан өту керектігін есте сақтаған жөн.

Бұл бағыттағы алғашқы қадам барлық қаражатты бір әмиянда орталықтандыру арқылы ӘМСҚ түріндегі бірыңғай төлеушіні құру болды. Егер біз клиникаларға атқарған жұмысына қарай тең шарттарда ақы төлей алсақ, бұл нағыз бәсекелестікке жол ашып, жүйенің пациентке қарай бет бұруын қамтамасыз етеді.

Қазіргі барлық дау-дамай мен шиеленіс дәл осыған - бюджеттік модельден сақтандыру, яғни нарықтық модельге ауыр өту кезеңіне байланысты. Бұл жерде тоқтап қалуға болмайды: қиын, шулы, даулы болса да, соңына дейін бару керек, әйтпесе біз сол баяғы артта қалған "аралшық" күйінде қала береміз.

Денсаулық сақтау министрлігі осы ауыр соққыларды өз мойнына ала отырып, дәл осы шаруамен айналысып жатыр. Мұны біреу істеуі керек қой.

Сондықтан қордың Қаржы министрлігіне берілгенін дұрыс деп санаймын. Неліктен? Қаржыгерлерде сезімталдыққа орын жоқ. Ақша керек пе? Негізде, еңбек етіп тап және есеп бер. Бастапқыда осындай өту кезеңі жоспарланған болатын. Алдымен жүйені құрып алып, содан кейін ғана қаржы органдарына өткізу керек еді. Сондықтан бұған таңғалатын ештеңе жоқ.

"Ал мұнда дәрігерлердің қандай қатысы бар?" - деп сұрарсыз, егер осы жерге дейін оқысаңыз.

Қатысы сол, кез келген реформаның нәтижесіне дәрігер мүдделі болмайынша, оның жолы болмайды. Қазіргі жағдайда, егер біз нарықтық механизмдерді құра алсақ, тек жоғары еңбекақы ғана қордаланған мәселелердің түйінін шеше алады.

Бұл жерде әдеттегідей жалақыны жаппай көтеру туралы сөз болып отырған жоқ. Дәрігердің біліктілігі мен сұранысқа ие болуына байланысты жалақы деңгейін қамтамасыз ететін сараланған тәсіл қажет.

Осындай механизм іске қосылғанда, мамандықтың беделі арта бастайды. Сондай-ақ қажетті дағдылары бар, пациентке сапалы көмек көрсетуге мүдделі, мейірімді, зейінді, білімді дәрігерлерге деген жоғары сұраныс пайда болады, өйткені оның әл-ауқаты соған байланысты болады.

Парыз, Гиппократ анты және асқақ идеалдар туралы қанша айтсақ та, бәріміз пендеміз және бәріміз жақсы өмір сүргіміз келеді. Ал пациенттер - сапалы ем алып, өзіне бейжай қарамайтын маманды көргісі келеді.

Мұндай жағдай тек адамда/пациентте таңдау болғанда ғана мүмкін болады. Сонда ғана жүйені адамға бағытталған деп атауға болады.

Өзіңізді және жақсы дәрігерлерді сақтаңыз!

Редакцияның көзқарасы автордың пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін 

Автор туралы: Эрик Байжүнісов - хирург-дәрігер, Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасы, денсаулық сақтау менеджері.

Дайындаған: Нұрила Ермекбаева

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

дәрігер

дәрігерлер

Жалақы

науқастар

Қазақстан

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Мамыр 2026 09:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары