Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Қоғамдағы масылдық сананы қалай өзгертуге болады

Қоғамдағы масылдық сананы қалай өзгертуге болады

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Сарапшылардың айтуынша, масылдық тек жеке адамдардың мінезінен емес, қоғамдағы жағдайлардан да туындайды. Бұл жылдар бойы қалыптасқан күрделі әлеуметтік және психологиялық мәселе.

– Қазақстан қоғамындағы масыл болу мәселесі ең көп талқыланатын, бірақ өлшеуі ең қиын мәселелердің бірі болып қала береді. Бұған дейін бірнеше буын мемлекет қамтамасыз ететін жүйеде қалыптасқандықтан, «мемлекет жауапты» деген түсінік санамызға терең сіңіп қалған. Мұндай көзқарас бір күнде жоғалып кетпейтіні түсінікті, ол әлі де адамдардың шешімдері мен әрекеттеріне әсер етіп келеді, – дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының әлеуметтану бойынша PhD докторы Айжан Шабденова.

Фото жеке архивінен

Сарапшының айтуынша, кейбір адамдар жұмыс істеуден саналы түрде бас тартса, енді біреулері бұған мәжбүр болып отыр.

– Мәселен, кедейлік пен жоқшылық, лайықты жұмыстың жоқтығы немесе тығырықтан шығар жол таппай, басы қатуы адамның қолын байлап тастайды. Бұған қоса, біліктіліктің жетіспеуі мен тиісті ақпараттың қолжетімсіздігі де кедергі болады, – дейді Айжан Шабденова.

Мамандар бұған қоса тағы бір жайтты атап өтті. Адамның алдында таңдау мүмкіндігі аз болған сайын, оның біреуге телміріп, дайынға үйреніп кетуі де соғұрлым жиілейді. Бұл мәселе әсіресе жұмыс табу қиынға соғатын шалғайдағы ауыл-аймақтарда қатты байқалады.

Егер адамда жұмыс орнын немесе жалақы көлемін таңдайтындай мүмкіндік болмаса, сырттан көмек күту – еркелік немесе балалық емес, аман қалудың амалы. Дәл осындай жағдай жылдар бойы тығырықтан шыға алмай, өмірін қалай өзгертерін білмей жүрген әлеуметтік топтарға да тән.

Жстардың жұмысқа тұру мәселесі

Сарапшылар жастар мәселесіне де жеке тоқталып өтті. Қазіргі таңда кейбір жас буын өкілдерінің арасында еш қиналмай, «бәріне бірден қол жеткізсем» деген түсінік бары рас.

Алайда бұған әсер ететін бірнеше факторлар бар. Бастапқы жалақының тым аздығы, алған білімі мен нарық талабының екі түрлі болуы, сондай-ақ мамандық бойынша жұмысқа орналасудың қиындығы жастардың тауын шағады. Соның салдарынан олар өмірден түңіліп, уақытша болса да отбасына, мемлекетке иек артуға мәжбүр болады.

– Елімізде алға жылжуға мүмкіндік беретін тетіктер бар. Мысалы білім беру гранттары, жастарды қолдау бағдарламалары мен қайта даярлау курстары жеткілікті. Алайда негізгі мәселе еңбек нарығының оқу бітірген жастарды қабылдауға дайын болмауында. Оның үстіне, бұл көмек түрлері туралы ақпарат мұқтаж жандардың құлағына жете бермейді. Оған қоса еңбек нарығының өзгергенін де ескеру қажет. Қазіргі таңдағы интеллектуалдық немесе цифрлық жобалар бірден пайда әкеле бермейді. Сырттан қараған адамға жұмыссыздық немесе масылдық болып көрінгенімен, іс жүзінде бұл мамандықтар нәтижесін кейін беретін нағыз еңбек, – дейді әлеуметтанушы.

Сондықтан кедейліктен құтылғысы келген адам үнемі ізденіп, біліктілігін арттыруға ұмтылуы тиіс.

— Менің ойымша, әлеуметтік көмектің форматын өзгерту керек. Мемлекет тек қаржыландырумен шектелмей, адамның жұмысқа орналасуына, жаңа мамандық игеруіне жағдай жасауы керек. «Балық емес, қармақ бер» деген қағиданы осы мәселеге қатысты қолдану керек деп санаймын. Адамның өз еңбегіне сүйеніп, өмірін түзеуіне жағдай жасау – әлдеқайда қиын, бірақ ең қайырлы іс. Мемлекет қазірдің өзінде осы бағытта реформалар жүргізіп жатыр. Дегенмен бұл шаралардың қаншалықты жемісті екенін және қиын жағдайда қалған адамдардың бұл мүмкіндіктерден қаншалықты хабардар екенін тексеріп отыру маңызды. Көп жағдайда халық мемлекет ұсынып отырған көмек түрлерін білмей жатады, негізгі түйткіл осында болуы мүмкін, – дейді ол.

Экономикалық модель мен «жұмысы бар кедейлер» мәселесі

Экономистердің пікірінше, масылдық – бұл жалпы экономикалық құрылымның нәтижесі.

Фото жеке архивінен

– Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі ресми түрде 5 пайыз шамасында болғанымен, оның ішкі сипаты әр аймақта әртүрлі. Қалалық жерлерде адамдар көбіне жасырын, яғни ресми тіркелмей жұмыс істесе, ауылдық жерлерде мәселе әлдеқайда күрделі. Ауылдық жерлерде жұмыс орны мүлдем жоқ. Қала маңындағы жұмыссыздықтың басым бөлігі көлеңкелі еңбекке тиесілі болса, ауылда керісінше, халықтың 80 пайызы жұмыс таппай отыр, – дейді «Улагат Консалтинг Групп» директоры Марат Қайырленов.

Осылайша, масылдық – өздігінен пайда болған құбылыс емес. Ол – жұмыссыздық, көлеңкелі экономика мен әлеуметтік төлемдерге телміру сияқты өзара астасып жатқан мәселелердің жиынтығы.

– Бұл жағдайға қол сілтеп қарамауымыз керек. Халық табысының құрылымына қарасақ, зейнетақы мен жәрдемақының үлесі қазір шамамен 22 пайызды құрайды. Пандемия кезінде бұл көрсеткіш тіпті 30 пайызға дейін көтерілген. Осыдан бұл мәселе кенеттен пайда болған жоқ деген қорытынды шығаруға болады. Жұмыссыздық, табыстың аздығы және мемлекет көмегіне тәуелділік – бәрі бір экономикалық модельдің бөлшектері, – деп толықтырды ол.

Мәселенің психологиялық қыры / психологтар не дейді?

Психолог Ақмарал Әбдікәрімова масылдықтың астарында жатқан адамның ішкі сезімдеріне тоқталды. Оның айтуынша, кейбір адамдар «қолдан жасалған дәрменсіздік» күйін кешеді.

Психологтар көбінесе барлық адамдардың мәселелері бала кезден санаға сіңетін дағдыдан екенін айтады. Егер бала еңбектің қадірі, тапқан нанның қайдан келетіні балаға түсіндірмей керісінше, біреудің көмегіне сүйену қалыпты жағдай санатындағы ортада өссе, есейгенде де сол соқпақтан шыға алмай қалады.

Фото жеке архивінен

Дегенмен қиындықты уақытша кезең деп білетін жандар да бар. Олар мемлекеттік қолдауды тығырықтан шығар сәтсіз үзіліс ретінде пайдаланып, кейін қайтадан белсенді өмірге оралады.

Маманның пікірінше, бала тәрбиесі мен олардың дұрыс әлеуметтік ортада қалыптасуы өте маңызды. Осындай отбасыларда балалар екі түрлі жолмен өседі, бірі – ата-анасының соңынан еріп, масыл болуды жалғастырады, екіншісі – бұндай өмірге мойынсұнбай, оқуға, еңбекке және жауапкершілікке ұмтылады. Дәл осы екінші топтан өмірдің соққысына төзімді, табысты тұлғалар шығатынын психолог ерекше атап өтті.

– Тарихқа көз салсақ, біздің халық соғысты да, Кеңес Одағының ыдырауын да бастан өткерді. Тарих та, экономика да, психология да біздің ойлау жүйемізге әсер етті. Соның салдарынан бүгінде халықтың бір бөлігі әлі де ескі түсінікпен өмір сүрсе, енді бір бөлігі одан арылып заман талабына сай өмірін жалғастырып жатыр. Қазіргі 18 бен 30 жас аралығындағы жастардың талпынысы көңіл қуантады. Олар өмірге жаңаша қарап, өз бетінше еңбек етіп, үлкен табысқа жетіп жүр, – дейді маман.

Ақмарал Әбдікәрімова халық үлкен тарихи сілкіністерді бастан өткергенде, белгілі бір мінез-құлық қалыптасатынын айтады. Бұл әдеттерден арылу үшін уақыт керек. Біз қазір ауыспалы кезеңде тұрғандықтан, қоғамда түрлі көзқарастардың тоғысуы заңдылық.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы әлеуметтік төлемдер жүйесінің шашыраңқылығын сынға алып, оның масылдыққа жол ашып отырғанын айтқан болатын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Ақпан 2026 20:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары