Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

Алматыда 500 мың теңгеге бала сатылды деген ақпарат тексерілді

Теңге мен бюджетке соққы: ОПЕК+ әлсіреуінің салдары

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

Непалда жүздеген адам су басқан тоннельдерде қалып қойды

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Ыстамбұлдағы сұлулық салонының клиенттерін жасырын түсіріп, жазбаларды Telegram да сатқан

Алматы облысында мектептер маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Жаз өтті, қаз өтті : Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды

Құрылтай депутаттары Ерлан Кариннің вице президент лауазымына кандидатурасын қолдады

Құрылтай депутаттары Ерлан Кариннің вице президент лауазымына кандидатурасын қолдады

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Құрылтай депутаттары Ерлан Каринді Қазақстанның вице-президенті лауазымына тағайындауға келісім берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кариннің кандидатурасын Құрылтайдың қарауына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды. Дауыс беру қорытындысы бойынша депутаттар Мемлекет басшысының ұсынысын қолдап, Ерлан Каринді вице-президент лауазымына тағайындауға келісім берді.

31 тамыз күні таңертең Құрылтай депутаттары Қазақстанның вице-президенті және Премьер-министрі лауазымдарына кандидатураларды келісу үшін жиналды.

Еске сала кетейік: 23 тамызда, Құрылтай сайлауы өткен күні Қасым-Жомарт Тоқаев республиканың вице-президенті қазақстандықтарға жақсы таныс, белгілі тұлға болатынын мәлімдеген еді.

Ерлан Қариннің өмірбаяны

Ерлан Қарин 1976 жылы 26 мамырда Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген. Қазақстандық саяси және қоғам қайраткері, саясаттанушы. Саяси ғылымдар кандидаты, терроризм мәселелері бойынша сарапшы, "Жусан" операциясына қатысушылардың бірі.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін "тарих және география" мамандығы бойынша бітіріп, тарих және география мұғалімі біліктілігін алған. 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің аспирантурасын тәмамдаған.

Еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы № 33 орта мектепте тарих және география мұғалімі болып бастаған. 1998 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан даму институтының Саяси зерттеулер орталығында жұмыс істеді, кейін Ресей және Қытай институты директорының орынбасары қызметін атқарды.

2000 жылдың шілдесінен бастап Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры болды. 2002 жылы Қазақстан Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

2003 жылы республикалық "Асар" партиясы төрағасының бірінші орынбасары және Халықаралық заманауи саясат институтының бас директоры қызметтерін атқарды. 2004 жылдың маусымынан бастап Терроризмге қарсы бағдарламалар орталығын басқарды.

2006 жылдың мамырында Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды. 2008 жылдың ақпанынан бастап Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімін басқарды, ал сол жылдың қарашасынан бастап Nur Otan партиясының стратегиялық даму жөніндегі хатшысы болды.

2013 жылдың желтоқсанында Вашингтондағы Америка университетінің шақырылған профессоры болды. 2014 жылдың қазан айында Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтын басқарды.

2017 жылдың ақпанында Ерлан Қарин "Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. 2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың шілдесіне дейін Президент кеңесшісі болып жұмыс істеді, содан кейін Президенттің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі болды.

2022 жылғы 5 қаңтарда Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Сол жылдың 14 маусымында Мемлекеттік хатшы лауазымы мемлекеттік кеңесші лауазымына өзгертілді. Ерлан Қарин Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі болды.

2026 жылғы 30 маусымда Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болды

Вице-президент институты 2026 жылғы 15 наурыздағы референдумда қабылданған жаңа Конституцияда бекітілді. Қаңтар айында Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президентті тағайындау және оның өкілеттіктерін айқындауды президенттің өзі жүзеге асыратынын мәлімдеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылатынын хабарлады. Ол кезде бұл қызметті Ерлан Қарин атқарып отырған болатын.

Кім вице-президент бола алады?

"Президент туралы" Конституциялық заңға сәйкес, вице-президентті Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайдың келісімімен тағайындайды, ол үшін депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысы қажет.

Қазақстанның вице-президенті болып тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы, жасы 40-тан кем емес, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұратын және жоғары білімі бар адам тағайындала алады.

Қазақстан вице-президентінің өкілеттіктері

Вице-президент Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде оның атынан өкілдік етеді, сондай-ақ Президент айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Вице-президент өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде өкілді органның депутаты болып сайлануға, басқа ақы төленетін қызметтерді атқаруға, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, сондай-ақ саяси партияда болуға құқығы жоқ.

Вице-президенттің өкілеттіктерін тоқтату

Қазақстан вице-президентінің өкілеттіктері мынадай жағдайларда тоқтатылады:

өкілеттіктерін өз еркімен тоқтату туралы өтініш бергенде; Қазақстан Республикасы Президентінің атқарып отырған лауазымынан босату туралы шешімі қабылданғанда; Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанда немесе шет мемлекеттің аумағында тұрақты тұру құқығын растайтын тұруға ықтиярхат не өзге де құжат алғанда; оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;
оны соттың заңды күшіне енген шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танығанда немесе оның әрекет қабілеттілігі шектелгенде; оны соттың заңды күшіне енген шешімімен хабар-ошарсыз кетті деп танығанда; ол қайтыс болғанда немесе соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланғанда;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер туындағанда тоқтатылады.

Вице-президенттің өкілеттігін тоқтатуды Қазақстан Республикасының Президенті осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жүзеге асырады.

Президент вице-президенттің өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап 20 күн ішінде вице-президентті тағайындауға келісім алу үшін Құрылтайға оның кандидатурасын ұсынады.

Егер бұл мерзім Құрылтай өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты оның уақытша болмау кезеңіне немесе Құрылтай сессиялары арасындағы кезеңге сәйкес келсе, Президент кандидатураны тиісінше Құрылтай жұмысы басталған немесе оның кезекті сессиясы басталған күннен бастап 20 күн ішінде ұсынады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда вице-президенттің құқықтық мәртебесін де айқындайтын "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" конституциялық заңға қол қойды.

Еске сала кетейік: 28 тамызда Астанада бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуы өтті. Бұдан кейін бірден Қазақстан үкіметі отставкаға кетті.

Ерлан Қарин 2026 жылғы 30 маусымнан бастап Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымын атқарып келеді. Оған дейін, 2022 жылдың маусым айынан бастап, ол Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі болды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Тамыз 2026 11:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see162

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see160

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see156

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see154

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see153

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see150

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

29 Тамыз 2026 21:14see148

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

29 Тамыз 2026 21:13see145

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

29 Тамыз 2026 21:13see140

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

29 Тамыз 2026 21:14see138

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

30 Тамыз 2026 11:40see136

Алматыда 500 мың теңгеге бала сатылды деген ақпарат тексерілді

29 Тамыз 2026 21:27see132

Теңге мен бюджетке соққы: ОПЕК+ әлсіреуінің салдары

29 Тамыз 2026 21:14see131

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

30 Тамыз 2026 17:24see128

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

31 Тамыз 2026 00:46see119

Непалда жүздеген адам су басқан тоннельдерде қалып қойды

30 Тамыз 2026 22:45see118

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

31 Тамыз 2026 07:42see113

Ыстамбұлдағы сұлулық салонының клиенттерін жасырын түсіріп, жазбаларды Telegram да сатқан

29 Тамыз 2026 18:37see113

Алматы облысында мектептер маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

30 Тамыз 2026 11:02see110

Жаз өтті, қаз өтті : Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды

30 Тамыз 2026 20:52see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары