Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Елорда кітапханаларының жаңа тынысы

Елорда кітапханаларының жаңа тынысы

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ақпарат тасқыны толастамай, цифрлық кеңістік күн сайын сананы жаулаған шақта адам баласы сапалы білімге, тыныш ойға, терең мазмұнға бұрынғыдан да көбірек зәру бола түсті. Осындай сәтте кітапхана оқырманның өз-өзімен сырласуына, кітаппен бетпе-бет қалуға жетелейтін рухани панасына айналып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың тапсырмасына сәй­кес, елордада кітапхана жүйе­сін жаңғырту жұмыстары жүйе­лі түрде жүргізілуде. Аста­на қаласы әкімдігіне қарасты «Орталықтандырылған кітап­ха­налар жүйесінде» 2023 жыл­ға дейін 18 кітапхана жұмыс іс­тесе, сол жылдың ішінде 4 кі­­­тапхана ақпараттық тех­но­ло­гиялар арқылы коуоркинг-орталыққа айналды. Сонымен қатар ғимараттарды жөндеу мен жаңғырту жұмыстары жүр­гізілді.

Ал 2024 жылы елорданың төрт ауданында тағы 4 кітап­ха­на ғимараты жаңғыртылып, 4 жаңа кітапхана ашылды. Олар: Ж.Нәжімеденов көше­сін­дегі №6 көпшілік кітапхана, Ә.Бөкейхан көшесіндегі №1 ба­лалар кітапханасы, Сығанақ кө­шесіндегі №6 балалар кітап­ха­насы және Ш.Қосшығұлұлы кө­шесіндегі №8 көпшілік кі­тап­хана.

Биыл да игі істер жалғасын тауып, оқырмандар қуанышын есе­лейтін үш жаңа кітапхана ашыл­ды. Сарайшық ауда­нын­да №7 балалар кітапханасы, Есіл ауданында №11 көпшілік кі­тапхана, Байқоңыр ауда­нын­да жаңа №13 көпшілік кі­тапхана білім мен мә­де­ниет­тің нағыз орталығына айнал­мақ. Сонымен қатар биыл та­ғы 3 кітапхана ғимараты жаң­­­­­­ғыртудан өтті. Нәти­же­сін­де, бү­гінде Астанадағы кітапха­на­лар саны 25-ке жетті, яғни қа­лада 7 жаңа кітапхана бой кө­теріп, 40-қа жуық жас ма­ман жұмыспен қамтылды. Со­нымен қатар оқырман саны 90 мың адамға дейін өсті, қала тұрғындарының оқуға деген қызығушылығы айтарлықтай артты.

Ерекше атап өтерлігі, кі­тап­хана кеңістігінің жаңғыруы оқыр­ман мәдениетін де өз­герт­ті. Мұнда келушілер тек кі­тап алып кету үшін емес, уа­­­қытын мазмұнды өткізу, жаңа ой­лар­мен танысу, рухани тынығу үшін келеді. Бұл үрдіс әсіресе жас­тар арасында айқын бай­қа­лады. 

Бір мезетте 30 адамға қызмет көрсетеді

Биыл елордада ашылған су жаңа үш кітапхананың бірі – «Ба­ғыстан» тұрғын үй кешенінде заманауи кітапхана. Бұл руханият ор­дасы Конституцияның 30 жыл­дығына орай ашылған. Кі­тап­хананың жалпы аумағы ша­мамен 150 шаршы метрді құ­рай­ды. Кітапханада төрт қызметкер жұ­мыс істейді. Кеңістік «або­не­мент», мультимедиялық және оқу залдарына ыңғайлы түрде бө­лінген. Мұнда поэзияға құмар оқыр­мандар үшін клуб жұмыс іс­тесе, қолөнер үйірмесі, тарихты зерт­теу секциясы және мектепке дайындыққа арналған әдеби-та­нымдық үйірмелер де ұйым­дас­ты­рылады. Қорда 3 мыңнан ас­там кітап бар, оның әрқайсысы оқырманға жаңа ой мен жаңалық сый­лауға бағытталған.

Жаңа кітапхана аудан тұр­ғындарына қазақ және орыс тілдеріндегі бай кітап қо­рын пайдалануға, оқу залда­рын­­да уақыт өткізуге, әдеби кеш­­­­терге, шығармашылық кез­д­е­сулер мен түрлі жастағы оқыр­мандарға арналған білім беру жобаларына қатысуға мүмкіндік бе­ретін заманауи мәдени-ағар­ту­шылық орталыққа айналады.

– Кітапхана заман талабына сай болуы үшін бірқатар бағыт­тар­мен кешенді түрде жұмыс жүр­гізіп жатырмыз. Біріншіден, элек­тронды кітаптар, аудио­кі­тап­тар қорын көбейтіп, оларды балаларға, жастарға, ересектерге арналған арнайы топтамаларын құру керек. Екіншіден, қоғаммен бай­ланыс орнатуды жақсар­та­мыз. Кітап клубтары, оқу мара­фон­дары, авторлармен кездесу, тре­нингтерді жиі ұйымдастару жос­парлануда. Жылына 1500-ден астам оқырман тарту, 4 мың­ға жуық келуші жинау және жыл сайын кемінде 120 мәдени-білім беру іс-шарасын ұйымдастыру кү­тіледі. Кітапханада бір мезетте 30 адамға дейін қызмет көрсе­ті­ле­ді. Барлық қызмет тегін: оқыр­ман­дар кітаптарды орнында оқи алады немесе үйге алып кете ала­­ды. Компьютерлермен жаб­дық­талған мультимедиялық зал жұ­мыс істейді, интернет пен Wi-Fi да тегін. Бұл – жастар мен қала тұр­­ғындары үшін үлкен мүмкін­дік, – деді №11 көпшілік кітап­ха­на басшысы Нұргүл Аманбек­қызы.

Қазіргі заманауи кітапхана кітап мұрағатына айналған орын емес, білім, мәдениет, қарым-қа­ты­нас пен шығармашылық орта­лы­ғы болуы керек. Нұргүл Аман­бек­қызының айтуынша, кі­­­тап­­ханада 2026 жылға жаңа жыл­дан бастап үлкен жоба өз жұ­мысын бастамақ. Бүгінде 6-7 жас­тағы балаларға арналған «Жылдам оқу» үйірмесі аптасына бір рет өтеді. Айына бір рет әжелер мен 10 жасқа дейінгі балаларға «Ертегі мен өрнек» атты шығармашылық терапиялық клуб өткізілу жос­парда бар. 

– Неге шығармашылық тера­пия­лық десеңіз, бұл клубта әже­лер өздерінің өнегелі әңгіме­ле­рін, ертегілерін айта отырып ба­лаларға қолөнер бұйымдары­мен кесте тігу, жүн түтіп ұршық иіру, шашақ жасау,  кілем тоқу се­кілді ұмыт болып бара жатқан дәс­түрімізді жаңғырту мақса­тын­да осы жобаларды қолға алып отырмыз, – деді ол.

Астана қаласы әкімдігінің «Ор­талықтандырылған кітап­ха­налар жүйесінің» қатарына енген №11 көпшілік кітапханасының негізгі қызмет бағыттарына кітап оқуды ілгерілету, шығармашылық клубтар мен үйірмелер ұйымдас­тыру, отбасылық оқуды қолдау және Қазақстанның ұлттық мә­дениеті мен тарихына арналған іс-шаралар өткізу кіреді. Кітап­хана орналасқан мекенжайда шамамен 5 мың адам тұрады. Шағынауданда 8 тұрғын үй және Е-117, ТМ-7 атты екі көше орна­лас­қан. Сондай-ақ №108 жайлы мек­тебі бар, бұл балалар мен жа­сөс­пірімдерді кітапхана іс-ша­раларына тартуға және оқырман аудиториясын қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайды.

Жуырда CEOWORLD жә­не Ranking.kz жарияла­ған жаһандық рейтинг деректері Қазақстанның оқырман белсен­ді­лігі өте төмен екенін көрсетті. Ranking.kz дерегінше, қазақ­стан­дық­тар жылына бар болғаны 65 са­ғат, яғни аптасына 1 сағаттан сәл ғана артық уақытын кітап оқу­ға жұмсайды. №11 көпшілік кі­тапхана басшысы Нұргүл Аман­бекқызы кітапханалардың жаңа үлгіде ашылуы оқырманды тартып, кітап оқуға баулиды. Осы­лайша, еліміз соңғы көр­сет­кіш­ті өзгертіп, кітап оқитын ел­дер арасында көшбасшы қа­тар­дан орын ала алады. 

Шығармашылық орта қалыптастырады

Республика күні қар­саңын­да қалалық орта­лық­­тан­ды­рылған кітапхана жүйесіне қа­рас­ты тағы бір кітапхана ашыл­ды. Ол – №7 жаңа балалар кі­тап­ханасы. Жаңа кітапхана Са­райшық ауданында, А-91 көшесі, 17-үй мекенжайында орналас­қан. Жаңа кітапхана заманауи оқу залымен, интерактивті және коуоркинг-аймақтармен жаб­дық­талған. Кітап қоры көркем әде­биет, анықтамалық, энцик­ло­педиялық және шетелдік әде­биет­ті қамтиды. Кітапхана ди­ректоры Кенжегүл Абдикаримова кітапхананы жастар үшін тар­тым­ды, қызықты ету арқылы олар­ды кітап оқуға баулу керек еке­нін айтады. Сөзінше, кітап­хана ішінен кітап авторларымен, ға­лымдармен сұхбат жүргізу сияқ­ты жобалар жүзеге асы­рыл­мақ. Сондай-ақ №7  балалар кі­тап­ханасында тегін еріктілер жүр­гізетін сурет салу және мойын­шақ тоқу (бисер)  үйірмесі жұмысын бас­тап кеткен.

­– Кітапхананы заманауи, са­па­­лы және оқырманды баурап алат­ын туындылармен толтыру үшін Қазақстанның кітап нары­ғын­­дағы бірнеше бағыттағы же­тек­­ші бас­палармен серіктес бол­ған тиімді. Әлемдік бес­т­­­­­­сел­лерлерді, әлемдік деңгей­дегі танымал туындыларды ​Steppe&WORLD сияқты баспалар қазақ тіліне тікелей аударумен ай­налысады. Дизайны мен сапасы өте жоғары. Осындай туындылар кі­тап қорының қатарынан жай тап­қан. Кітапханаға жас оқыр­ман­дарды тарту үшін балалар әдебиеті мен комикстерді көбі­рек ұсыну өте маңызды. Қазақ әде­биетінің классикалық мұ­ра­сын сапалы басып шығаратын ​«Атамұра», «Фолиант» сынды  бас­палармен жұмыс істеген дұ­рыс болады деп ойлаймын. Біз­дің кітапханаларымызда Қа­зақ­станда шығатын баспалармен жә­не басқа мемлекеттік баспа­лар­дан шығатын кітаптар бар. Кітапханалар – ұлттың рухани тірегі, ал біз жас буын – соны жал­ғастырушылар, – деді №7 жаңа балалар кітапханасының ди­ректоры К.Абдикаримова.

Жаңа кітапханалар кітап қоры бар орыннан бө­лек, қала тұрғындары үшін білім мен ақпаратқа қолжетімділікті арт­тыратын, шығармашылықты да­мытатын заманауи орталыққа ай­налды. Кітапхана әр жастағы адам­дар үшін мәдени, интел­лек­туал­дық және әлеуметтік байла­ныс орталарының бірі болып са­налады. Сонымен қатар жаңа кі­тапхананың ашылуы қоғам­да­ғы оқуға деген қызығушылықты арт­тырып, жастар арасында бі­лім мен танымды насихаттаудың тиім­ді жолының бірі саналады.

«Біздің кітапхана – ақпарат пен білімнің нақты көзі. Мұнда оқу­шылар мен студенттерге, сон­­дай-ақ мұғалімдерге оқу ба­ры­сында көмек көрсетіліп, қа­жетті ресурстарға қол жеткізуге мүм­кіндік бар. Біз үшін рухани тәр­бие де маңызды: ұлттық құн­ды­лықтарды насихаттау арқылы жас ұрпақтың мәдени санасын қа­лыптастыруға күш саламыз. Со­нымен қатар кітапханада шы­ғармашылық орта қалыптасты. Әртүрлі үйірме, кездесулер мен мә­дени іс-шаралар оқырман­дар­ға өзін-өзі көрсетуге және жаңа дағ­дыларға ие болуға жол ашады. Цифрлық сауаттылыққа ерекше мән береміз. Мәселен, элек­трон­ды ресурстармен жұмыс істеу ар­қылы оқырмандар ақпараттық тех­нологияларды тиімді пай­да­лана алады. Ал қоғамдық кеңістік ре­тінде біздің залымыз кез­де­сулер, пікір алмасу және мәдени ша­раларды өткізуге ыңғайлы орын болып саналады», – деді кітап­хана директоры.

Есігі айқара ашық кітап­ха­наның тұрақты оқырма­ны да бар. Креатив клуб болған­дық­тан, кей­бір қала тұрғындары күн­делікті та­бан тірейтін орнына ай­нал­ды­рыпты. Солардың бірі – 6-сынып оқу­шысы Ділназ Русланқызы. Ол кітап қорының алуан­түр­лі­гімен қатар, кітапханашылардың да қызметін жоғары бағалайды. Мұн­да кітапханашылардың қыз­меті іздеген кітапты тауып беру­мен шектелмейді, талғамыңызға сәйкес жазылған кітап жанр­ла­рын ұсына алады.

– Жаңа кітапханадағы ты­ныш­тық, сөрелердегі кітаптар­дың иісі мені бірден баурады. Кітап­тан бөлек, кітапхананың тыныш ауасы өз ауылымды еске тү­сіреді, бала кезімнің есте­лік­терін әлсін-әлсін ойға салады. Осы сәттер мен үшін нағыз ба­қыт пен шабыт болды. Қала­мыз­да кітапхананың ашылып жат­қа­нына қуаныштымын. Өйткені, бұ­рын бізге жақын кітапхана бол­мады. Ал енді дәл үйіміздің жа­нынан ашылыпты. Бұл кітап­хана балалардың білімін арттыру үшін, сауатын ашу үшін таптыр­мас мүмкіндік болды. Бауыр­ла­рым­ды да ерте жастан оқуға бау­­лу­ға болады, – деді қала тұр­ғыны Д.Русланқызы.

Жаңа идеялардың тоғысқан орны

Жаңа №13 көпшілік кі­тап­хананың басты мақ­саты – оқырмандарға мәдени-ағартушылық, ақпараттық және білім беру қызметтерін заманауи талаптарға сай ұсыну. Кітапхана оқыр­ман мен кітап арасындағы бай­ланысты нығайтып қана қой­май, қоғамдағы зияткерлік әлеует­тің артуына үлес қосатын маңызды мәдени кеңістік ретінде қалып­та­сып келеді. «Біз қоғам мүше­ле­рінің рухани дамуына үлес қо­са отырып, кітап оқуды наси­хат­тауды, сондай-ақ шығар­ма­шы­лық пен білім алмасу үшін қо­лайлы орта қалыптастыруды көз­дейміз», – дейді кітапхана ди­ректоры Әйгерім Қауазқызы. Бұл кітапхананың оқырман үшін негізгі құндылығы – қолже­тім­ді­лігінде. Яғни, барлық оқыр­ман­ға тең қызмет көрсетіледі әрі креативті адамдарды біріктіріп, бір ортаға жинайды.

– Кітапхананың негізгі ба­ғы­ты – оқырман қауымдастығын да­мыту. Оның ішінде кітап клуб­тары, психологиялық курстар жә­­не басқа да клубтар жұмыс іс­­­­тейді. Кітап клубтарында әде­биет­терді бірге талқылаймыз, жаңа авторлармен, жаңа идеямен та­нысамыз. Айта кету керек, ағыл­шын тілінде еркін сөйлеуді да­мытатын SPEAKING CLUB бар. Бір сөзбен айтқанда, біздің кі­­тапхана – жаңа идеялардың то­ғысқан орны. Алда бізді оқыр­­­мандармен бірге үлкен ша­бы­т, жаңа жобалар мен жарқын же­тіс­тіктер күтіп тұрғаны сөзсіз, – де­ді Әйгерім Қауазқызы. 

Әлеуметтік маңызы бар алаң ретінде кітапхана әр­­түрлі буын өкілдерін бір ар­наға то­ғыстырады. Мұнда ұйым­­дас­ты­рылатын әдеби кез­десулер, ашық талқылаулар мен шығар­ма­шылық жобалар қо­ғамдық бай­ланыстарды ны­ғайтып, ортақ құндылықтарды дамытуға жол аша­ды. Осындай бастамалар ар­қылы кітапхана қа­ланың мәдени өміріне бел­сен­ді араласып, жаңа идеялар мен тың бастамалардың жүзеге асуына ықпал етеді.

Астанадағы кітапхана­лар­дың жаңғыртылуы – білім мен мәдениеттің дамуына, жастар­дың интеллектуалды дамуына ж­а­салған айрықша қадам. Оқыр­мандар үшін заманауи орталықтарға айналған кі­тап­ха­налар оқу мен ізденіс үшін се­німді әрі ыңғайлы алаңға ай­­налып отыр. Әрі бұл қоғам­ның кітап оқу мәдениетін қа­лып­­тастырып, қызығушы­лы­ғын арттыруға ықпал етеді. Ай­та кетейік, соңғы жылдары Қа­зақстанда кітап оқуға деген қы­зығушылық айтарлықтай ар­тып келеді. Ел аумағындағы кі­тапханалар рекордтық келу­шілер санын тіркеп жатыр. Жыл басынан бері кітап­ха­на­лар­ды аралаған оқырмандар са­ны 37 миллион адамға жет­кен. Тек соңғы бір айдың өзінде Ал­маты қаласындағы Қазақ­стан Республикасының Ұлттық кітапханасына шамамен 13 мың адам келген. Келушілердің ең белсенді бөлігі – 17-25 жас ара­лығындағы жастар, сондай-ақ 45 жастан асқан 2 мыңға жуық адам кітапхана қызметін пайдаланса, 3 мыңға жуық азамат кітапханаға алғаш рет тір­келіпті. Ұлттық статистика бю­росының мәліметіне сүйен­сек, былтыр өңірлік бөліністе кітапханаларға барушылардың басым бөлігі Алматы қаласы – 5581,5 мың келуші, Солтүстік Қа­зақстан – 4512,4 мың келу­ші, Түркістан – 4083,7 мың келу­ші және Ақмола 3722,2 мың келуші облыстарында бай­қалған. Мамандардың ай­туын­ша, оқырмандар арасында қа­зақ және әлем тілдеріндегі клас­сикалық әрі көркем әде­биет сұранысқа ие. Көбіне ро­­­­мандар, повестер мен поэзия таңдалады. Соңғы айларда қа­зақ классикасына және ұлттық фи­лософиялық әдебиетке де­ген қызығушылықтың артқаны байқалады.

Кітапханалардың көптеп ашылуы қаланың білім мен мәдениет саласын дамы­туға, жастардың оқуға деген қы­зығушылығын арттыруға ба­ғытталған маңызды қадам бо­лып отыр. Оқырмандар енді жаңа кітапхананы шығар­ма­шылыққа шабыт беретін орта­лық ретінде пайдалана алады.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Желтоқсан 2025 09:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see161

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see150

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see150

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see150

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see148

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see146

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see142

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see141

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see138

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see136

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see132

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see132

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see127

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see123

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see123

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see121

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары