Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Мешіт мейірім мекені

Мешіт мейірім мекені

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазір көшеге шыға қалып, өткен-кеткен адамдардан «Мешіт деген не?» деп сұрап кө­ріңізші. Басым бөлігі «Намаз, құран оқитын жер» деп жауап береді. Алай­­да мешіт­тің атқаратын міндеті сол ғана ма? Әрине, олай емес.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Мешіттерде адамның бүкіл өмір тіршілігіне қатысты жөн-жоралғылар да жаса­лады. Балаға азан шақырып ат қою­дан бастап, үйленсе некесін қию, отбасы мәселелері бойынша кеңес беру, араздасқан жандарды татуластыру, дүниеден өткен жандардың жаназасын оқу, әруақтарға құран оқып, дұға бағыштау секілді сауапты амалдар мешіттерде атқарылады. Сонымен қатар мешіттерде радикализм мен теріс ағымдардың алдын алу, дәстүрлі дінді насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу жұмыстары да жүргізіледі. Мешіттерді мейірім мекені деуге де болады. Себебі мешіт имамдары қаншама қайырымды жұмыстардың бел ортасынан табылып, ізгі істердің дәнекері болып жүргенін біреу білсе, біреу біл­мейді.

Біріншісі – жол бойындағы мешіт­тердің жәрдемі. Бүгінде жол бойын­дағы кейбір мешіттерде жолау­шыларға арналған тегін демалыс орындары, шай ішіп жылынатын орынжайлар да дайындалған. Әсіресе бүгінгідей қыстың күндері жолда қалған жолаушыларға мешіт имамдары жатын орнын, ас-суын дайындап, қолдау білдіріп келеді. Мәселен, осыдан біраз жыл бұрын қыста жол жабылып, өзбекстандық 40-қа жуық қажы Атбасардың тұсында жолда қалған еді. Сол уақытта имамдар шете­лік жолаушыларды мешітке әкеліп паналатып, оларға арнап ас дайындап, алғысын алған болатын. Елі­міздегі мешіттердің осы секілді қам­қорлығы көп-ақ. Арыста жарылыс болған кезде де тұрғындардың мешіттерді паналағаны да белгілі.

Екіншісі – қайырымдылық іс-шара­лары. Бүгінде жоқ-жітікке қарай­ласуды да мешіттер өз міндетіне айналдырды. Осы уақытқа дейін мешіттердің атсалысуымен жалғызілікті, көпбалалы һәм тұрмысы төмен отбасыларға 883 баспана берілді. Бұл бағытта ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қоры жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Сонымен қатар қор науқас жандарға көмек беру, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз ету, қаржылай қолдау, т.б. қайырымдылық жұмыстарын атқарады. Мәселен, «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында еміне көмек қолын созу, дәрі-дәрмек алып беру арқылы науқас жандарға көмек көрсетіледі. Ал жаңа оқу жылы қарсаңында еліміздегі барлық мешітте «Мектепке жол» жобасы ұйымдастырылады. Жоба аясында жыл сайын 2 мыңнан аса әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыдан шыққан балаға жәрдем беріледі.

Үшіншісі – апатты кездердегі кө­мек­тер. Елімізде, тіпті басқа елдерде апатты жағдай болған кезде де «Зекет және қайырымдылық» қорының қызметкерлері көмекке келді. Мәселен, Абай мен Қостанай облыстарында өрт болған кезде қор апатты жердегі тұрғындарға қаржылақ һәм қол көмегін көрсетті. Сол секілді Түркия, Сириядағы зілзала кезінде де қор қызметкерлері ел ішінен қаржы жинап, жәрдем берді.

Төртіншісі – Рамазан, айт кездерін­дегі жақсы амалдар. Дін қызметкерлері жыл сайын Рамазан айында мешіттерде ауызашарлар ұйымдастырады. Мәселен, Алматыдағы Республикалық бас мешітте күн сайын 500 адамға ауызашар беріліп жүр. Осы секілді ауызашарлар еліміздегі көптеген мешітте өткізіледі. Сондай-ақ жуырда ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қоры Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай рес­публика көлемінде «35 мың азық-түлік себетін тарату» қайырымдылық акция­сы өткенін айта кетейік. Сол секілді Құрбан айт кезінде қор құрбан шалу жұмыстарын үйлестіреді. Жыл сайын еліміз бойынша 80 мыңға жуық отбасы құрбан етімен қамтамасыз етіледі.

Мешіт қызметкерлері «Нағыз иманды адам өзіне қалағанды өзгелерге қалайды деген» Пайғамбар ұстанымына бекініп, халықтың алғысы мен ықы­ласына бөленіп, жұртқа жақсылық ету жолында қызмет етіп келеді. 

Соңғы жаңалықтар

«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады

Оқиға • Бүгін, 12:57

Алматылықтар Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды

Оқиға • Бүгін, 11:27

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:45

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:20

Ілтипат пен ізет үлгісі

Қоғам • Бүгін, 09:55

Дананың сөзі ұраныма айналды

Қоғам • Бүгін, 09:50

Бірлік пен келісім жолындағы миссия

Қоғам • Бүгін, 09:45

Бата-тілектің ең қысқа нұсқасы

Қоғам • Бүгін, 09:40

Халық құрметтеген құтқарушылар

Құтқарушы • Бүгін, 09:35

Антына адал дәрігер

Қоғам • Бүгін, 09:30

Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ауа райы • Бүгін, 09:30

Игі істің иесі

Қоғам • Бүгін, 09:25

Еселенген жақсылық

Пікір • Бүгін, 09:20

Ауғанстан азаматтарының ықыласы

Қоғам • Бүгін, 09:15

Мейірбан жұртыма ризамын

Қоғам • Бүгін, 09:10

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:233
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Ақпан 2026 14:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see144

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see143

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see139

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see133

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see128

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see126

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see118

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see116

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see116

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see115

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see115

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see114

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see114

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see114

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see113

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see112

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see112

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see112

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары