Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Парасат пен мейірім

Парасат пен мейірім

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Наурыз мерекесінің ең маңыз­­ды шарты – елдік негіз­дерді, салт-дәстүрді ұлық­тау. Біздіңше, осы негіз бен дәстүрдің жуан ортасын­да ұстаз тұр. Әліпбиді та­ныт­қан – мұғалім, дүние­танымды кеңейткен – мұға­лім, мәдениетті үйрет­кен – мұғалім. Ал бұл деңгей ғылым­ға ұласқанда, ұстаздың мәні де, мәртебесі де артады.

Студент, жас ғалым, маман ретінде қалыптасу жо­лында отандық география және экология ғылымындағы көрнекті тұлға, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты, Ұлттық ғылым ака­де­миясының академигі, Абай атын­дағы ҚазҰПУ-дағы салалық ғылы­ми мектептің негізін қалаушы Әлия Бейсенованы кезіктіргенімді тағдыр­дың сыйы деп есептеймін.

Әлия Сәрсенқызы – өмірде баға жетпес жан, парасат пен инабаттың мөлдір бұлағы.

1993 жылы 16 жасымда мектепті бітірген соң, қос академик Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенованың қастерлі шаңырағының табалды­рығын жас талап ретінде аттадым. Ата-анамыз ұстаз еді, «Үлкеннің батасын ал!» деген бірауыз сөзі жоғары білімге ұмытылған ниетімді осы үйде қанаттандырды. «Бәрі маңдай термен келеді. Оқу да – жұмыс. Ынта мен ерік-жігер студентке де аса қажет» деген еді Серік Смайылұлы мен Әлия Сәрсенқызы. Сол күннен бастап осы үйдің жылуын, тәрбие тұнған мектебін, ғылым мен мәдениет өресін сезініп өстім.

Апамның үйі қашанда зиялыларға толы, ғылыми әңгіме-дүкен де, дар­қан дастарқан да Қирабаевтар шаңыра­ғын қасиетті ордаға айналдырып тұра­тын. Әлия Сәрсенқызымен әр сөй­лескен сайын жүрегіңе бір сабақ, санаңа бір тәрбие құйыла бе­р­е­тін. Сол кісіден үйренгенім өмір­лік азығыма айналды. Енді сол даналықты жүйелеп көрсетейін:

1) Отбасы үйлесімі – ең жоғары құндылық. Әлия апайдың отағасына – көрнекті әдебиеттанушы, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Серік Смайылұлына деген құрметі біз көрген тәрбиенің ең көркем үлгісі еді. Ағамыз келмей дастарқанға отырмау, жұмыстан кешіксе де күтіп отыру – отбасының шынайы бірлігі мен сый­ластығын көрсететін. Ағаның әр сөзі – сабақ, апаның әр ісі – тағылым-тын.

2) Адамды туысындай қабылдау – тектілік белгісі. Әлия апайдың есігі де, жүрегі де әрдайым ашық. Университеттің үлкен-кіші шәкірті осы үйге келіп, туған бауырындай болып кететін. Сол жылылық пен шынайылық бізді көп адаммен жақындата түсті. Әлі күнге дейін сол жандармен қарым-қатынасты үзбей келемін. Әлия Сәрсенқызы адамды бауыр ете алатын қасиетке ие еді.

3) Қазақы қонақжайлылықтың ең биік мектебі. Апамның қолының кеңдігі мен дастарқанның сәні – егіз ұғым еді. Ет асса, молынан асып, астауға үйіп-төгіп, әр қонақтың сыбағасын жеке салып беретін. Қонақ 13.00-ге шақырылса, 12.00-де
дастарқан жайылып, өзіміз де әдемі киініп отыратынбыз. Бірінші – қуырдақ, екінші ет беріп, жайма-шуақ үзілістен кейін қолдан жасалған тәттілермен шай ұсынатын. Барлығы ретті болатын. Апай маған: «Қонақ келсе, сөзіңді жүйелеп, тілек айт. Сен де бір төбесің» деп, мерейімді асырып қоятын. Бәйкен Әшімов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әзілхан Нұршайықов, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Асанәлі Әшімов, Ақселеу Сейдімбек т.б. ірі тұлғалар осы шаңырақтың кең дастарқанынан дәм татқан сәтін көріп, сол ортаның әңгімесін есту мен үшін қайталанбас мектеп болды.

4) Әсемдікке құштарлық – жүрек мәдениеті. Әлия апайды дизайнер десе де, сәулетші десе де артық емес. Алған әр заты тарихы бар, сапалы, мәні терең дүние болатын. Әр бұрыштың өз эстетикасы, әр заттың өз орны бар еді. Сол арқылы бізге «Әдемілік адамды тәрбиелейді» деген даналықты ісімен үйретті.

5) Сөздің киесін сезіну. Әлия Сәрсен­қызы кітапты ерекше құр­меттейтін. Жазушылардың шығар­малары мазмұнын сұрап, ақындар өлеңін оқытып отыратын.

6) Ғылыми жауапкершілік. Апай­дың жазған еңбектері көп. Әр оқулығын талдап, қайта қарап, толық­тырып отыру – ол кісінің ға­лым­ға тән мызғымас қасиеті-тін. Өз саласының жаңашыл еңбектерін шеттен алдыртып, шәкірттеріне насихаттайтын.

7) Есте сақтау қабілеті. Әлия апай­мен сөйлескенімізде түрлі мәсе­ле­лерді талдай жүріп, сандар мен деректерді тізбектеп айтып отыратын. Сұрақ қойылған сәтте жылдам түсініп, нақты жауап беруді талап ететін. Бұл әдіс – ойлау қабілетін жетілдіретін ерекше тәсіл екенін аңғардық.

8) Қамқорлыққа толы сезім. Әлия Сәрсенқызының бойындағы адами қамқорлық пен мейірім әр шәкіртіне бағыт-бағдар беріп, білім жолында қанаттандыратын. Ол әрбір азаматтың қабілеті мен қызығушылығын дәл танып, дұрыс жол нұсқай білетін. Осы ізгі ниеті мен жанашырлығы арқасында шәкірттері бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарында абыройлы қызмет істеп, танымал ғалымдарға айналды.

Бізді Алматыдағы, Астанадағы, басқа да қалалардағы әріптестеріміз «Әлия Бейсенова мектебі» деп құр­меттейді. Оның астарында жоғарыда айтылған 8 қасиеттен алған өнегеміз тұр.

Менің үлкен бақытым – Серік ағай мен Әлия апай мәуелі жасқа жеткенде, ол кісілердің қалауымен академиктердің үйінде тұрып, күнбе-күн пікірлесу, сұхбаттасу, әрине, сәтімен қолғабыс ету еді. Халқымыз мұндайды сауапты іске балайды. Шүкір, солай көп сауап жинаудың сәті түсті.

Өз ата-анам да – өмірін білімге арнаған ұстаздар. Анашым Жұмакүл Төтеева жүрегімізге сенім ұялатып, жанымызға шуақ сыйласа, асқар тау марқұм әкеміз Қасен Әуелбекұлы – ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз-тын. Екеуі химия-биология саласының дамуына айтар­лықтай үлес қосып, талай шәкіртті ғылым жолына бағыттады. Осындай отбасынан алған игі тәрбиеміз Әлия Сәрсенқызының мейірімімен жетілді, толысты.

Серік Смайылұлы мен Әлия Сәрсен­қызы әкемді ерекше құрмет­тей­тін. Апай ол кісіні «Білікті бауырым» деп жоғары бағалап, ерекше қадірлейтін. Жарықтық әкеміздің еңбегі мен өнегесі ұрпағымен, шәкірт­терімен жасай береді. Әлі есім­де, кандидаттық диссертация қор­ғау сәтімде ата-анам, ғылыми жетек­шіле­рім Әлия Сәрсенқызы мен Махмет­қали Нұрғалиұлы ерекше қуанды. Махметқали ағай – мәде­ниетті тұлға. Жалпы, Сарыбек әулеті, соның ішінде әкелі-балалы Нұрғали Сарыбекұлы, Махметқали Нұрғалиұлы – отандық экологиялық білім мен тәрбиеге зор үлес қосқан ғалымдар.

Серік Смайылұлы мен Әлия Сәрсенқызы ұлдарын ерекше парасатпен тәрбиеледі. Академик Нұр Серікұлы мен дипломат Әлім Серікұлы – бүгінде әлемдік деңгейде абыройлы тұлғалар. Немерелерінің алды – білікті мамандар. Келіндері де әулеттің асыл тәрбиесін жалғастырып отыр. Осыдан бес жылдай бұрын Серік ағайымыз 95-ке қараған шағында бақиға озды. Ел болып ұстаздардың ұстазын ақтық сапарға шығарып салды. Сүйегі Астанадағы Ұлттық пантеонға қойылды.

Осы күндері тоқсанның жуан ортасына қарай адымдайтын Әлия апайымыз елордадағы Қирабаев әулетінің сәулетті шаңырағынан жаңарған еліне, әділеттік жолындағы мемлекетшіл азаматтарға ақ батасын беріп отыр.

Ұстаз, ғалым, қайраткер Әлия Сәрсенқызы – елі мен жерін жүрегінде көтеріп жүретін қайсар, текті қазақ қызы. Ол кісі үшін Отанымыздың тыныштығы, халқымыздың азаттығы мен бірлігі – ең басты құндылық. «Дәстүрді ұмытпаңдар, білім-ғылым­мен жарысыңдар! Наурыздың мәні – бейбітшілік, ендеше жаһандағы дүрбелеңді татулық қана тоқтатады!» дейді ұлт даналарының көзін көрген асыл ұстазымыз.

Айгүл Дәменова,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің  доценті

Соңғы жаңалықтар

Күнімхан әженің қыл шылбыры

Мирас • Бүгін, 08:40

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Мерекелік мәзір: Бағынбайтын баға, тарылмайтын пейіл

Экономика • Бүгін, 08:25

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Адам капиталы – елді сапаландыратын негіз

Қоғам • Бүгін, 08:15

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10

Дәстүр мен технологияның тоғысы

Қоғам • Бүгін, 08:05

Экологиялық жобаларға ерекше көзқарас қажет

Саясат • Бүгін, 08:02

Жан анаңдай шуақты шақ

Наурызнама • Бүгін, 08:00

Alatau City өңірлік дамудың қуатты хабына айналады

Саясат • Бүгін, 07:55

Жаңа Конституция қағидатына сай «Таза Қазақстан»

Саясат • Бүгін, 07:50

Алматының экономикалық индикаторы – 9,4 пайыз

Саясат • Бүгін, 07:45

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Аймақтар • Кеше

Ақтүтек боран кезінде адамдарды құтқарған мұғалім төсбелгімен марапатталды

Марапат • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:278
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Наурыз 2026 09:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары