Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген екі шетелдік анықталды
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Шараның мақсаты – шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету және көші-қон заңнамасын бұзудың жолын кесу. Полиция қызметкерлері іс-шараның үш тәулігінде көші-қон заңнамасын бұзудың 627 дерегін анықтады. Барлық факті бойынша құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін бұзудың 468 фактісі, қабылдаушы тараптың шетелдік азаматтардың болу ережелерін сақтамауының 117 фактісі және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартудың 42 дерегі анықталды.
Сот шешімімен 356 шетелдік елден шығарылды, 158 шетелдіктің Қазақстанда болу мерзімі қысқартылды. Сонымен қатар халықаралық іздеуде жүрген 2 шетелдік азамат анықталды.
Полицейлер шетелдік азаматтардың болу мерзімін уақтылы рәсімдеу және ұзарту әрбір қабылдаушы тараптың жауапкершілігі екенін ескертеді. Сондықтан азаматтар мен жұмыс берушілерді көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға және тиісті құжаттарды уақтылы рәсімдеуге шақырады.


