Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

ШҚО тұрғыны ғасырдан астам тарихы бар қаруды сақтап келген

Басым міндеттер айқындалды

Кәсіпкерлерге заңсыз талап қойғандарға 9,1 млн теңге айыппұл салынды

BMW жаңа X5 ті бес нұсқада таныстырды

3 июля в Казахстане начнётся приём заявлений в докторантуру

VEON алдағы үш жылда елімізге тағы 1 миллиард доллар инвестиция құюға ниетті

SCAT әуе компаниясы президентінің жылдық сыйақысы 335,9 млн теңгені құрады

Нөсерден кейін Алматы өзендеріндегі жағдай қандай? ТЖМ жауабы

Алматыда электрсамокат мінген блогер жол ережесін бұзғаны үшін жазаланды

Несиесі бар қазақстандықтарға қандай құқығы бары ескертілді

Қазақстанда ресейлік көліктерге жанармай құюға рұқсат берілді, бірақ қатаң шартпен

Біз жылауық халыққа айналмауымыз керек : Ермұрат Бәпи тарихи жарақат туралы

Жолаушы вагон мейрамханада жанжал шығарып, Алматыға жете алмады

Астанада жаңа аллея пайда болды: 02 шілде 09:19 жаңалықтар

Астанада көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты ішінара жабылады

Қазақстан ІІМ Түркия азаматына іздеу жариялады

Жоғарғы Рада Украин ұлттық пантеонын құру туралы заң қабылдады

Ғұсман Қосановты еске алуға арналған турнир: қазақстандықтардың нәтижесі қандай

Көңілім тыныш : Алтынай Жорабаева қуанышты жаңалығын жеткізді

Атыраудың тарихи ғимараттарын сақтап қалуға екінші мүмкіндік беріле ме?

Сайлауға қатысатын партиялар туралы не білеміз қызықты деректер

Сайлауға қатысатын партиялар туралы не білеміз қызықты деректер

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Алдағы тамыз айында Қазақстанда құрылатын бір палаталы парламент – Құрылтайға сайлау өтеді. Ал оған кіретін депутаттар тек партиялық тізіммен сайланады. Орталық сайлау комиссиясы жеті партияға өз тізімдерін ұсынуға рұқсат беріп отыр. Sputnik Қазақстан сайлауға қатысатын партиялар туралы қызықты деректерді ұсынады.

"Ақ жолдың" жолы

Партияның тарихы "Қазақстанның демократиялық таңдауы" бірлестігінен* бастау алады. 2001 жылы құрылған ұйымға біраз шенеуніктер кірген. Бірақ екі айдан кейін саяси кеңес мүшелерінің бір тобы бөлініп, "Ақ Жол" демократиялық партиясын құрған болатын.

2004 жылғы мәжіліс сайлауында бұл партия 12,4 процент дауыс жинап, партиялық тізіммен бір ғана мандат алған. Бірақ ұйымның тең төрағасы Әлихан Бәйменов сайлау нәтижесімен келіспей, депутаттық мандатынан бас тартты. Ал жарты жылдан кейін "Ақ Жол"-дың өз ішінен ши шықты, партияның тең төрағалары өзара келіспей қалады. Содан "Ақ Жол" шұғыл съезд өткізіп, тең төрағалар институтын қысқартып тастайды. Бәйменов партияның жалғыз төрағасы болып сайланады.

Бұрынғы тең төрағалар болса, "Нағыз Ақ Жол" атты жаңа партияны құрып алады. Бәйменов бір жылдан кейін бойкотын доғарып, мәжіліске депутат болып барды.

2011 жылы партия съезінде төраға кызметіне сол кездегі "Атамекен" ұлттық экономикалық палатасының басшысы Азат Перуашев сайланды. Содан бері 15 жыл да өтіп кетті.

Биыл "штрафстан" сөзімен танымал болып кеткен Перуашев төрағалықтан бас тартуға шешім қабылдады. Соңғы парламент сайлауында партия 6 мандат алған. Ал ең үздік көрсеткіш 2021 жылы болған. Сол кезде партияға дауыстың 10,95 процентін жинап, 12 депутаттық мандатқа ие болған.

Партияның қазірі төрағасы Дания Еспаева және бұрынғы басшысы Әлихан Бәйменов президенттік сайлауға да қатысқан.

"Ауылдың" басшысы да ауысты

Бұл партияға биыл 26 жыл толып отыр. Осы уақыттың ішінде саяси ұйым өз құрамына патриоттар партиясын қосып алған. Парламент сайлауларына да қатысты. Бірақ 2023 жылға дейін бірде-бір рет қажетті дауыс санын жинай алмады. Ол үшін ешкімді сынаған жоқ, бойкот та жарияламады.

Соңғы парламент сайлауында "Ауыл" партиясы 10,9 процент дауыспен бірден екінші орынға шыққан. Осылайша, мәжіліске 8 бірдей депутаттық мандатпен кірген.

Партия екі рет президенттік сайлауда өз үміткерлерін де ұсынған. Олар – Төлеутай Рақымбеков (2019 ж) пен Жигули Дайрабаев (2022 ж).

Биыл осы партияның төрағасы да ауысты. Бұл қызметке Қайрат Айтуғанов келді. Ал бұрынғы басшы Серік Егізбаев оның бірінші орынбасары болып қалды.

Бұрынғы "Әділет" емес

Алдағы Құрылтай сайлауына ӘDILET партиясы да қатысады. Оның құрылғанына бір ай ғана болса да, өз құрамына AMANAT партиясын қосып алды. https://sputnik.kz/20260614/amanat-partiyasy-adilet-quramyna-endi-64105127.html

Саяси ұйымды президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебай басқарады. Ал негізгі командаға жаңа Конституцияны әзірлеген азаматтар еніп отыр.

Бір қызығы, Қазақстанда бұрын да "Әділет" партиясы болған. Заңгер Мақсұт Нәрікбаев төрағалық еткен демократиялық партия 2004 жылы тіркелген болатын.

Бұл партия парламент сайлауына қатысқан. Бірақ тиісті межеден аса алмады. Ал 2007 жылы "Ақ жол" партиясына қосылуға шешім қабылданған. Үш айдан кейін партия басшылығы ол шешімнен бас тартты.

2013 жылы Әділет пен Руханият бірігіп, "Бірлік" атты жаңа партияны құрған. 7 жылдан кейін атауын "ADAL"-ға ауыстырған ол саяси ұйым да AMANAT-тың құрамына кіріп кеткен.

ЖСДП Халық кеңесін құрған

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия осыдан тура 20 жыл бұрын Жармахан Тұяқбайдың бастамасымен құрылған болатын. Бір жылдан кейін парламент сайлауы қарсаңында "Нағыз Ақ жол" партиясымен бірлесіп "Әділетті Қазақстан үшін" сайлау блогын құруға да шешім қабылданған. Алайда бұл бастама сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты іске аспай қалды. Содан "Нағыз Ақ жол" ЖСДП-ға қосылып кетті.

2007 жылғы сайлауда социал-демократтар 4,54 процент дауыспен екінші орынға шыққан. Бірақ депутаттық мандат ала алмады. Сол кезде партия басшылығы сайлау нәтижесімен келіспей, сотқа 3 мыңнан астам арыз да түсірген. Алайда соттар бірде-бір шағымды қанағаттандырған жоқ.

ЖСДП "Халық кеңесі" атты қоғамдық парламентке де бастамашы болған. 2008 жылы осы жиналыстың алғашқы отырысы ұйымдастырылған.

2009 жылы Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мен "Азат" демократиялық партиясы бірігіп, үш жылдан кейін парламент сайлауына қатысты. Бірақ тағы өте алмады. Орталық сайлау комиссиясының сол кездегі мәліметі - 1,68 процент дауыс. Ал 2021 жылы ЖСДП парламент сайлауына байкот жариялады.

ЖСДП-ның бірнеше айдай Ермұрат Бәпи де басқарған. Бірақ 2019 жылы партияластар оны қызметінен алып тастады. Төрағалыққа Асхат Рақымжанов келді. 2023 жылғы парламент сайлауында партия 5,2 процент дауыс жинап, 4 депутаттық мандатқа ие болды.

Жасылдар партиясы

Биыл "Байтақ" партиясы да Құрылтай сайлауына қатысуға рұқсат алды. Төрт жыл бұрын тіркелген саяси ұйым экологиялық жобалармен айналысып, табиғатқа зиян келтіретін ірі компанияларды сынап тұрады.

2023 жылы "Байтақ" партиясы алғаш рет парламенттік сайлауға қатысып, 146 431 дауыс жинаған. Бұл сол кездегі сайлаушылардың шамамен 2,3 процентін құрады. Осылайша, партия мүшелері мәжіліске өте алмады.

Партияның идеологиясы — табиғатты қорғау, экологиялық сананы дамыту және жасыл экономиканы ілгерілету. "Таза ниет, таза іс, саясатта тазалық!

Таза ауа, таза су, таза жер — таза адами қатынастар!" деген ұраны да бар.

ҚХП да сайлауға қатысады

Қазақстанның Халық партиясы бұрын "Қазақстанның Коммунистік халық партиясы" деп аталған. Осы атаумен мәжіліске алғаш рет 2012 жылы кірген. Сол жылғы сайлауда партия 7,19 процент дауыс жинап, 7 депутаттық мандатқа ие болған. 2021 жылға дейін бұл көрсеткіш 9,1 процентке дейін жеткен. Ал партияның мәжілістегі фракциясы 10 мандатқа дейін артқан. Бірақ ол кезде партияның атауынан "коммунистік" деген сөзді алып тастаған болатын.

Партияны ұзақ уақыт басқарған Владислав Косарев ребрендингке қарсы болған. Тіпті, нағыз коммунистік партияны жасақтайтынын да мәлімдеді. Сол кезде партияның жаңа төрағасы да сайланған болатын. Ал Косарев парламент сайлауына қатыспай қойды.

2023 жылғы парламент сайлауының нәтижесінде ҚХП сайлаушылардың 6,80 процент дауысына ие болып, мәжілістен 5 депутаттық мандат алған.

Жақында партияның төрағасы ауысты. Осы қызметке Нұрсұлтан Шоқанов келді. Ал экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болған Ермұхамет Ертісбаев партия төрағалығынан өз еркімен кетті.

Халық арасында "каратеші" болып танылған Жамбыл Ахметбеков те осы партияның атынан президент сайлауына екі рет қатысқан.

Парламентке бірден өткен партия

Құрылтай сайлауына қатысатын Respublica партиясының құрылғанына көп болған жоқ. 2022 жылы Алматыда саяси ұйымның алғашқы съезі өткен болатын. Ал бір жылдан кейін оны ресми түрде тіркеуге алған.

Сол жылы партия парламент сайлауына қатысып, үшінші орыннан көрінді. Ресми мәліметке сәйкес, оған сайлаушылардың 8,59 проценті дауыс берген. Сөйтіп, жаңадан құрылған партия мәжілістен бірден 6 мандат алды.

Сайлаудан кейін партия жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров үкімет жарты жыл ішінде тиімді жұмыс көрсетпесе, фракция өз кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеген болатын. Тіпті, премьердің отставкасын көтеретінін де айтқан.

*2018 жылдан бері Қазақстанда экстремистік деп танылған және оған тыйым салынған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Шілде 2026 21:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

ШҚО тұрғыны ғасырдан астам тарихы бар қаруды сақтап келген

01 Шілде 2026 22:48see117

Басым міндеттер айқындалды

02 Шілде 2026 10:49see115

Кәсіпкерлерге заңсыз талап қойғандарға 9,1 млн теңге айыппұл салынды

02 Шілде 2026 14:08see114

BMW жаңа X5 ті бес нұсқада таныстырды

02 Шілде 2026 15:25see112

3 июля в Казахстане начнётся приём заявлений в докторантуру

02 Шілде 2026 19:33see110

VEON алдағы үш жылда елімізге тағы 1 миллиард доллар инвестиция құюға ниетті

02 Шілде 2026 18:53see110

SCAT әуе компаниясы президентінің жылдық сыйақысы 335,9 млн теңгені құрады

02 Шілде 2026 15:22see110

Нөсерден кейін Алматы өзендеріндегі жағдай қандай? ТЖМ жауабы

02 Шілде 2026 09:18see110

Алматыда электрсамокат мінген блогер жол ережесін бұзғаны үшін жазаланды

02 Шілде 2026 17:32see109

Несиесі бар қазақстандықтарға қандай құқығы бары ескертілді

02 Шілде 2026 13:43see109

Қазақстанда ресейлік көліктерге жанармай құюға рұқсат берілді, бірақ қатаң шартпен

02 Шілде 2026 23:32see109

Біз жылауық халыққа айналмауымыз керек : Ермұрат Бәпи тарихи жарақат туралы

02 Шілде 2026 12:03see109

Жолаушы вагон мейрамханада жанжал шығарып, Алматыға жете алмады

02 Шілде 2026 14:44see108

Астанада жаңа аллея пайда болды: 02 шілде 09:19 жаңалықтар

02 Шілде 2026 09:22see108

Астанада көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты ішінара жабылады

02 Шілде 2026 14:09see108

Қазақстан ІІМ Түркия азаматына іздеу жариялады

02 Шілде 2026 16:08see107

Жоғарғы Рада Украин ұлттық пантеонын құру туралы заң қабылдады

02 Шілде 2026 23:33see107

Ғұсман Қосановты еске алуға арналған турнир: қазақстандықтардың нәтижесі қандай

02 Шілде 2026 23:11see107

Көңілім тыныш : Алтынай Жорабаева қуанышты жаңалығын жеткізді

02 Шілде 2026 22:04see106

Атыраудың тарихи ғимараттарын сақтап қалуға екінші мүмкіндік беріле ме?

02 Шілде 2026 23:32see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары