Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл: қазақтың мерген қызы туралы қызықты деректер

Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл: қазақтың мерген қызы туралы қызықты деректер

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Бүгін Кеңес одағының батыры, қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толып отыр. Осы уақытқа дейін республика бойынша сан алуан мерекелік шаралар өтті. Sputnik Қазақстан батыр Әлия туралы қызықты деректерді ұсынады.

Шын есімі – Ілия

Әлия Молдағұлова 1925 жылдың 25 қазанында Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында дүниеге келген. Шын есімі – Ілия.

Әкесі Нұрмұхамет Сарқұлов байдың баласы болғаны үшін кеңес үкіметі тарапынан қуғын-сүргінге ұшыраған. Оны НКВД-да да тергеген. Ал түрмеге түспеу үшін бас-сауғалап қашуға мәжбүр болған. Содан жұбайы Маржан қызы Әлия мен ұлы Бағдатпен бірге жалғыз қалған.

Қазақ даласындағы ұжымдастыру салдарынан болған жұт Әлияның балалық шағымен тұспа-тұс келді. Анасы балаларына тамақ тауып беру үшін көрші әйелдермен бірге картоп теруге барған. Сонда күзетшінің қорқытпақ болып атқан оғынан дүние салады.

Әлия 6 жасында бауыры Бағдатпен жетім қалады. Маржанның бауыры Әубәкір Молдағұлов Әлияны бауырына басса, Бағдатты Нұрмұхамет Сарқұловтың әпкесі тәрбиелеуге алады. Әлияның бауыры қайтыс болған. Бағдаттың неден көз жұмғаны әлі күнге дейін белгісіз.

Әлия фамилиясын неге өзгертті?

Кеңес үкіметінен жасырынған Нұрмұхамет Сарқұлов Әлияның анасының фамилиясын алғанын қалайды. Ал тағы бір деректер бойынша нағашысы Әлияны тәрбиесіне алған соң, оған өз фамилиясын берген. Осылайша, ол Әлия Молдағұлова болады.

Ленинградтағы құжаттарда оның аты Лия, Аня деп тіркелген. Бірақ еш жерде "Әлия" деген есім жоқ. Себебі, ленингдрадтықтар оны Аня ретінде таныды. Мектеп журналдарында, сондай-ақ, оқу үлгерімі табельдерінде Әлия "Аня Молдағұлова" деп жазылды.

Мерген қыз орыс тілін қалай үйренді?

Әубәкір Молдағұлов Қызылорда теміржол станциясында әскери комендант болып жұмыс істеген. Ал 1930 жылы Әубәкір отбасымен және Әлиямен бірге Алматы қаласына көшіп келеді. Кішкентай қыз орыс тілін білген жоқ. Нағашысы бос уақытында оған және өз балаларына орыс тілі мен грамматикасын үйреткен.

1933 жылы Әубәкір Молдағұлов Әулиеата қаласындағы (қазіргі Таразда) жаңа қызметке тағайындалады. Сол жаққа отбасымен көшіп барады. Осы жылы Әлия 1-сыныпқа барады. Ал 1934 жылы Әубәкір Молдағұлов Мәскеу әскери транспорт академиясына оқуға түседі. Мәскеуге оқуға аттанғанда жиенін сондағы №35 мектепке береді. Ал 1938 жылы жұмыс барысымен Ленинградқа қоныс аударғанда, Әлияны үйдің іргесіндегі мектеп-интернатқа береді.

Қазақтың мерген қызы

Әлия 1942 жылы Ленинградтағы №46 мектепті бітіріп, Рыбинск қаласындағы авиация техникумына оқуға түседі. Осы жылдың 18 желтоқсанында аудандық әскери комиссариаттың жолдамасымен Мәскеудегі мерген қыздарды даярлайтын орталық мектепке қабылданады.

Әскери мектепті үздік бітірген Әлия өз өтініші бойынша 17 жасында 1943 жылдың тамыз айында майданға аттанды. Ол екінші Балтық жағалауы флотының 22 әскери тобы 54-атқыштар тобының бригадасы құрамында отан алдындағы борышын өтейді. Осы жылдың қазанында мерген қыз 32 жау солдаты мен офицерінің көзін жойыпты.

"Бүгін таңертеңгі жиында командиріміз 3 қадам алға шығарды да "Мерген Молдағұлова 14 фашисті атып түсірді. Оған ерлігі үшін командование атынан алғыс жариялаймын" деді. Сөйтті де әскерлердің алдында мені өз ұлындай құшақтап, бетімнен сүйді" – деп жазды Әлия бір хатында.

Қазақтың батыр қызы 1944 жылдың 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданы Казалиха деревнясы үшін болған соғыста фашист офицерінің қолынан қаза тапты. Ол Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

Әлия Молдағұлованың есімі халық жадында

Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Шымкенттегі №29 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі мен әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий теңізіндегі жүк таситын теплоходына қазақтың қайсар, мерген қызы Әлияның есімі берілген.

Сонымен қатар Астана, Ақтөбе, Алматы, Ресейдің астанасы Мәскеу, Санкт-Петербург (Ленинград) қалаларында, Новосокольники ауданында Әлияның ескерткіштері орнатылған. Ақтөбеде Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова атындағы облыстық музей жұмыс істейді.

Қазіргі Қазақстаның халық әртісі Роза Рымбаева "Әлия" әнімен танылды. Мәскеуліктер "Әлия" әнін "Ең үздік жыл әні" деп жоғары бағалайды.

Коллекциялық монеталар шықты

Жақында ұлттық банк "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясымен Áliya Moldaǵulova. 100 jyl коллекциялық монеталарды шығарды.

Монеталар Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлованың 100 жылдығына арналып отыр. Монетада қазақтың қайсар қызының портреті бейнеленген.

Коллекциялық монеталар мельхиордан (MN 25) жасалған. Салмағы - 15 грамм, диаметрі - 33 мм, ал номиналы - 200 теңге. Айналымға 10 мың дана шығарылды. Оны төлем үшін пайдалануға да болады.

Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы аясында форум өтті. Оған 300 Әлия келді. Әлияның ең үлкені – 88 жастағы қария болса, ең кішісі – 2 айлық сәби.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 09:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары