Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Партиялар сайлауға санаулы күн қалғанда өңірлерді аралап жүр

Партиялар сайлауға санаулы күн қалғанда өңірлерді аралап жүр

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Дауыс беруге санаулы күн қалғанда штабтар тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен және кәсіби қауымдастықтармен тікелей кездесуге басымдық бере отырып, өңірлерге сапарларын аяқтап жатыр. Бағдарламаларын таныстырумен қатар, кандидаттар тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын талқылады. Осылайша, науқанның өңірлік кезеңі қорытындыланды.

«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Қостанай облысының еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесу өткізді. Атап айтқанда, Қостанайдағы KIA Qazaqstan және «Милх» кәсіпорындарында, сондай-ақ Рудныйдағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі мен «Казогнеупор 2015» кәсіпорнында болды. Кездесулерде отандық өндірісті дамыту, кадр даярлау, еңбек қауіпсіздігі және жұмысшыларға берілетін әлеуметтік кепілдіктер талқыланды. Өңір жұртшылығымен кездесуге білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ауыл шаруашылығы және үкіметтік емес ұйымдар саласының өкілдері қатысты. Талқылау барысында орталықсыздандыру, ресурстарды бөлу, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ ауыл мектептерінің жағдайы қарастырылды. Шағын жинақты мектептер мен ауылдық жерлердегі тірек білім беру мекемелерінің желісін дамыту мүмкіндігіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар кең жолақты интернетке қолжетімділікті кеңейту және халықтың цифрлық дағдыларын дамыту мәселелерін қамтитын цифрландыру тақырыбы талқыланды. Қостанай облысы штабтың сапар кестесіндегі қорытынды өңірлердің бірі болды. Бұған дейін кандидаттар еліміздің 18 өңіріне барған.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Қостанайда ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды әлеуметтік қолдау және инклюзивті ортаны дамыту мәселелеріне арналған кездесу өткізді. Семейде кандидат Рүстем Сарманов қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің қызметкерлерімен және қызмет алушыларымен кездесті. Онда тұру жағдайлары, қызметкерлердің жалақысы және әлеуметтік сала мамандарының еңбек құқықтары талқыланды.

«Байтақ» партиясы Таразда экологтердің, үкіметтік емес ұйымдар мен журналистердің қатысуымен «Қазақстанның жасыл болашағы» атты дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару, елді мекендерді көгалдандыру және экологиялық бастамаларды дамыту мәселелері талқыланды. Ақтөбе облысының Хромтау ауданында партия белсенділері тұрғындармен экология мәселелері бойынша кездесті. Ал Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы жергілікті музейде өткен кездесуде партияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалық бағыттары таныстырылды.

Қазақстан Халық партиясы әртүрлі өңірлерде бірқатар кездесу өткізді. Жұмағали Исмаилов Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының жансақтау бөліміне барып, медицина қызметкерлерімен әңгімелесті. Кенжегүл Сейтжан жұмыс тобының құрамында сайлау учаскелерінің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігін, атап айтқанда, тактильді сызбалар мен Брайль қарпімен жазылған материалдардың жағдайын тексерді. Партия төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов Алматыда шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Онда мәдени мұраны сақтау, музей қорларын цифрландыру және қазақстандық нысандарды ЮНЕСКО тізіміне енгізу үшін ілгерілету мәселелері сөз болды. Сондай-ақ Әлихан Бөкейхан ауданындағы қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы мен Маңғыстау облыстық «Балбөбек» қуыршақ театрының еңбек ұжымдарымен кездесулер өтті.

«Ауыл» партиясының кандидаттары мен Auyl Jastary жастар қанатының еріктілері Оралда алдағы дауыс беруге орай 200-ге жуық адамның қатысуымен «Біздің таңдауымыз» атты флешмоб өткізді.

«Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы Астанада «Астана-Теплотранзит» кәсіпорнының 140-тан астам қызметкерімен кездесті. Кездесу барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, ең төменгі жалақы мен зейнетақыны есептеу, сондай-ақ ипотекалық несие беру кезінде көпбалалы отбасыларды қолдау шаралары талқыланды. Батыс Қазақстан облысында партия өкілдері «Ringo Milk» сүт және мал шаруашылығы кешенінің еңбек ұжымымен және Оралдағы №24 «Күншуақ» бөбекжай-бақшасының ұжымымен кездесті. Онда өндіріс, ауыл шаруашылығы және білім беру саласы қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды. Партия Қостанай, Атырау және Абай облыстарында да кездесулер жалғасып жатқанын хабарлады.

Respublica партиясы Солтүстік Қазақстан облысында бірқатар кездесу өткізді. Петропавлда кандидаттар NQDC компаниясының «Фантазия» сауда үйінің құрылыс алаңына барып, өңірді дамыту және жұмыс орындарын ашу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ олар Петропавлдағы Alageum Electric электротехникалық зауытында болды. Мұнда тұрақсыз баға, кадр тапшылығы және энергетика саласы өнімдерін өткізу мәселелері сөз болды. Петропавлда өткен партия жақтастарының форумында заңнамалық жұмыстың нәтижелері мен өңірлік мәселелер талқыланды. Көтерілген тақырыптардың қатарында мектептегі тамақтану мен студенттік инфрақұрылымды дамыту мәселелері бар.

Осылайша, 18 тамызда партиялардың сайлауалды белсенділігі негізінен тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен және кәсіби қауымдастық өкілдерімен тікелей қарым-қатынас форматында өтті. Бұл ретте күн тәртібі сан алуан болды: партиялар өнеркәсіпті дамыту және жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және инклюзия, экология, білім беру, мәдениет, кәсіпкерлік пен инфрақұрылым мәселелерін талқылады. Бағдарламаларды таныстырумен қатар, кездесуге қатысушылар электр желілерінің жағдайы мен еңбек ету шарттарынан бастап, сайлау инфрақұрылымының қолжетімділігі мен отбасыларды қолдауға дейінгі өңірлік және әлеуметтік мәселелерді көтерді. Дауыс беруге санаулы күн қалғанда партиялардың науқаны өңірлік алаңдарда және сайлаушылармен өзара іс-қимылдың жария форматтары арқылы қатар жалғасып жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:76
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Тамыз 2026 11:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары