Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ресей Украинаға әуе шабуылдарының тактикасын өзгертті Financial Times

Мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін көмек кеңеюде

Мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін көмек кеңеюде

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Елімізде қазан айының екінші жексенбісінде Мүгедектігі бар адамдар күні атап өтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл күн әр адамға тең мүмкіндік берудің, қолжетімді орта қалыптастырудың және әркімнің өз қабілетін дамытуына, өз бетінше шешім қабылдауына, қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасаудың маңызын еске салады.

Қазақстанда мүгедектігі бар 756 мыңнан астам адам тұрады. Оның ішінде 120 мыңы – бала, 636 мыңы – ересек адам. Олардың әрқайсысының өз арманы, таланты, кәсіби мақсаты мен жетістігі бар.

Мүгедектігі бар жандар еліміздің қоғамдық және кәсіби өміріне белсенді араласып жүр. Олар кәсіпкерлікпен айналысады, қоғамдық жұмыстарға қатысады, саясатта, спортта, өнерде және басқа да салаларда жетістікке жетіп келеді.

Осы ретте мүгедектігі бар адамдардың өз өміріне тікелей қатысты шешімдерді талқылап, оларды әзірлеуге қатысуы маңызды. Олардың сараптамалық пікірі азаматтардың шынайы қажеттіліктерін ескеріп, әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі жетілдіруге негіз болады.

Бүгінде мемлекет бұл бағытта әлеуметтік төлемдер тағайындаудан бастап, оңалту қызметтерін ұсынуға, техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге дейінгі шараларды жүзеге асырып келеді. Аталған жұмыстың негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясатының тұжырымдамасында белгіленген. Тұжырымдама әр адамның тең құқықтарын қамтамасыз етуге, өз бетінше өмір сүруіне және шешім қабылдауға қатысуына жағдай жасауға бағытталған. Сондай-ақ білім алуға, жұмысқа орналасуға, инфрақұрылымға, ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікке ерекше көңіл бөлінеді.

Азаматтардың өзіне қажетті қызметтерді таңдау мүмкіндігін кеңейтетін құралдардың бірі – Әлеуметтік қызметтер порталы. Жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына сәйкес азаматтар қажетті техникалық оңалту құралдарын, жеке көмекші мен ымдау тілі маманының қызметтерін, сондай-ақ санаторий-курорттық емделу орындарын өздері таңдай алады. Бұл әр адамның жеке қажеттілігін ескеріп, қолдауды нақты бағытта көрсетуге мүмкіндік береді.

Мүгедектікті белгілеу рәсімдерін цифрландыру жұмысы да жалғасып жатыр. Белгіленген жағдайларда азаматқа медициналық ұйымға жүгіну жеткілікті. Қажетті құжаттар электронды түрде жолданып, мамандар оларды медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне бармай-ақ қарайды. Бұл әсіресе шалғай елді мекендерде тұратын азаматтар үшін қолайлы. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, осындай тәртіппен 83,4 мыңнан астам өтінім қаралды. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін тәуелсіз сарапшылар тізіліміне 79 маман енгізілді.

Оңалту қызметтерінің қолжетімділігі де артып келеді. 2023-2026 жылдары Семей, Тараз, Кентау, Орал, Атырау және Астана қалаларында алты жаңа оңалту орталығы пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, еліміздің тағы 12 өңірінде ірі оңалту орталықтарын ашу көзделген. Заманауи орталықтар азаматтардың кешенді оңалуына және қоғамға бейімделуіне қосымша жағдай жасайды.

Балаларға да ерекше көңіл бөлінеді. «Қамқорлық» бастамасының үшінші кезеңі аясында 10 қалада аутизм спектрінің бұзылыстары және басқа да психикалық даму ерекшеліктері бар балаларға арналған күндізгі болу орталықтары жұмыс істейді. Олардың жалпы жобалық қуаты – 1 395 орын. Қазір бұл орталықтар кемінде 1 131 баланы қамтып отыр.

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру жұмысы да жалғасуда. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарды лицензиялау енгізілді. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, 621 ұйым лицензия алды. Оның 455-і – коммуналдық мемлекеттік мекеме, 166-сы – үкіметтік емес ұйым. Лицензиялау қызмет көрсету талаптарының сақталуын, ғимараттардың қолжетімділігін және мамандардың біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу де негізгі бағыттардың бірі болып қала береді. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, мансап орталықтарына 29,5 мың адам жүгінген. Олардың 17,9 мыңы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысты. Нәтижесінде, 10,5 мың адам жұмысқа орналасты, оның ішінде 5 022 адам тұрақты жұмыс тапты. Азаматтарға бос жұмыс орындарын іздеу, кәсіби оқудан өту және субсидияланатын жұмыс орындары бағдарламаларына қатысу бойынша көмек көрсетіледі.

Жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруге және кәсіпкерлік қабілетті дамытуға да жағдай жасалып келеді. Қысқамерзімді кәсіптік оқудан 243 адам өтті. «Бастау Бизнес» жобасы аясында 3 629 адам кәсіпкерлік негіздерін оқыды, оның 2 349-ы сертификат алды. Ал Skills Enbek платформасында онлайн оқудан 2 951 адам өткен болатын.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халыққа көрсетілетін қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру, оларды заманауи талаптарға сай жетілдіру және әр азаматтың жеке қажеттіліктеріне бейімдеу бағытындағы жұмысты жалғастыруда. Негізгі мақсат – азаматтардың қажетті көмекті алуына, қызметтерді өз бетінше таңдауына, кәсіби қабілетін дамытуына, жұмыс істеуіне, жеке кәсібін ашуына және қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау.

Мүгедектігі бар адамдар күні – әлеуметтік қолдау мәселелеріне назар аударып қана қоймай, еңбегімен, кәсібилігімен, талантымен және белсенді өмірлік ұстанымымен еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың жетістіктерін атап өтуге де мүмкіндік беретін күн.

Тең мүмкіндіктер жасау, қолжетімді ортаны дамыту және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары. Басты міндет – әр адамның денсаулық жағдайына қарамастан, өз қабілетін іске асыруына, дербес өмір сүруіне және өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне жағдай жасау.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:54
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2026 12:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see146

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see145

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see142

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see135

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

10 Қазан 2026 17:10see134

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

10 Қазан 2026 16:24see132

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see132

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see128

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

10 Қазан 2026 17:43see128

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see128

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see122

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see119

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see117

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see112

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see109

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see108

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see107

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see107

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see106

Ресей Украинаға әуе шабуылдарының тактикасын өзгертті Financial Times

10 Қазан 2026 22:00see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары