Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Мүгедектігі бар азаматтарға шипажайды өз бетінше таңдау мүмкіндігі берілді

Мүгедектігі бар азаматтарға шипажайды өз бетінше таңдау мүмкіндігі берілді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Бұл қызмет мемлекет қаржысы есебінен тегін беріледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Негізгі мақсат денсаулықты нығайтуға, ағза қызметін жақсартуға және адамның өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Ем алу мүмкіндігі адамның денсаулық жағдайына және медициналық көрсеткіштеріне қарай анықталады. Бұл қызмет мүгедектігі бар адамның жеке оңалту бағдарламасына енгізіледі. Осыдан кейін азамат өзіне қолайлы жерді Әлеуметтік қызметтер порталынан өзі таңдай алады.

Порталда қызмет алушы шипажайда ем көрсететін ұйымдар туралы ақпаратпен таныса алады. Әр ұйымның қандай жағдай ұсынатынын көріп, өзіне қолайлы нұсқаны таңдайды.

Мемлекет шипажайда емделу ақысын белгіленген сома шегінде төлейді. Егер таңдалған қызметтің құны осы сомадан аспаса, азамат емді тегін алады. Ал бағасы белгіленген сомадан жоғары шипажайды таңдаған жағдайда, айырмасын азаматтың өзі төлеуіне болады.

«Шипажайда емделу – оңалту жүйесінің маңызды бөлігі. Әлеуметтік қызметтер порталының көмегімен бұл қызметті алу тәртібі адамдар үшін түсінікті әрі ыңғайлы бола түсті. Азамат шипажайды өзі таңдайды, ал мемлекет емделу құнын белгіленген қаражат мөлшеріне дейін төлейді. Бұл қызмет алушының жеке қажеттілігін ескеруге және көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Илья Скуб.

Порталда санаторийлерге қойылатын белгілі бір талаптар қарастырылған. Соның бірі – мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді жағдай жасау. Адамның ғимарат ішінде еркін әрі кедергісіз қозғалуына қажетті жағдайлар жасалуға тиіс. Оның ішінде пандустар, мүгедектігі бар адамдарға бейімделген бөлмелер мен санитарлық орындар және басқа да қажетті жағдайлар болуы керек.

Медициналық көрсеткіштеріне қарай шипажайда әртүрлі емдеу және сауықтыру шаралары жүргізіледі. Олардың қатарында физиотерапия, бальнеологиялық ем-шаралар, емдік дене шынықтыру және басқа да қалпына келтіру процедуралары бар. Мұндай ем-шаралар оңалту кезінде қол жеткізген нәтижені сақтауға, адамның өзін жақсы сезінуіне және күнделікті белсенділігін жалғастыруына көмектеседі.

2026 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 76 876 мүгедектігі бар адам шипажайда ем алды. Биыл мұндай қызметке қажеттілік білдіргендердің жалпы саны 147 809 адамды құрайды. Ем алушыларды санаторийге қабылдау жыл бойы, белгіленген кезеңдерге сәйкес ұйымдастырылады.

Шипажайда ем алу жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл ретте қолжетімділік пен сапаны арттыруға басымдық берілуде. Ең бастысы, әр адамға қажетті оңалту көмегі жеке қажеттіліктеріне сәйкес және өзіне қолайлы жағдайда ұсынылуы қажет.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Тамыз 2026 12:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see123

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары