Қостанай тұрғыны алаяқтарға 15 млн теңгесін беріп жібере жаздады
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Қостанайда полицейлер тұрғынның 15 млн теңгесін сақтап қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оған белгісіз біреулер өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жинақ ақшасына қауіп төніп тұрғанын, ақшаны шұғыл "қауіпсіз шотқа" аудару керектігін айтқан.
Қаскүнемдерге сенген жәбірленуші 4,5 млн теңгесін аударып үлгерген.
"Алайда полиция қызметкерлерінің арқасында одан әрі қарайғы іс-қимылдар уақытында тоқтатылды. Полицейлер қалған қаражатты аударуға жол бермеді және азаматтың 15 млн теңгесін сақтап қалды", - делінген хабарламада.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция банктердің, құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан "қауіпсіз шоттарға" ақша аударуды талап етпейтінін еске салады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:43
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Шілде 2026 12:03 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















