Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті бір кенші қаза тапты

Тәуелсіздікке бастар жол

Норвегияда қоқыстың 98 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады Еділ Жаңбыршин

Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

новости на сайте Ак Жайык

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Сот Wildberries ханшайымы ісі бойынша Жәния Жұрынская мен Әсел Асқарды тексеруді талап етті

Сот Wildberries ханшайымы ісі бойынша Жәния Жұрынская мен Әсел Асқарды тексеруді талап етті

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Алматы соты Ішкі істер министрлігінен "Wildberries ханшайымы" ретінде танымал Алтынай Дидарқызын жарнамалаған қазақстандық танымал блогерлердің іс-әрекетіне құқықтық баға беруді сұрады. Бұған дейін сот оны алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырған. Tengrinews.kz сот құжаттарын зерттеп, мәселе кімдерге қатысты екенін анықтады.

Неге сот блогерлердің іс-әрекетін тексеруді сұрады

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға Wildberries маркетплейсінде табыс табуды ұсынған блогер Алтынай Дидарқызының ісі қайта талқылана бастады. Соттың жеке қаулысына журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында назар аударды.

Сот Дидарқызына үкім кесумен шектелмегені белгілі болды. Сонымен қатар судья оның қызметін көпмиллиондық аудиторияға жарнамалаған танымал блогерлердің іс-әрекетін тексеруді талап етті.

Олардың қатарында Жания Джуринская, Бейбіт Әлібеков және Әсел Асқар бар.

"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне осы қылмыстық іс бойынша блогерлер Жания Әлиханқызы Ждуринскаяның, Бейбіт Бақытұлы Әлібековтің және Әсел Серікқызы Асқардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру қажеттілігі туралы хабардар етілсін", – делінген Алматының Бостандық аудандық № 2 сотының жеке қаулысында.

"Тексерместен, ақша үшін жарнамалаған": сот блогерлер туралы нені анықтады?

Tengrinews.kz редакциясының иелігіне Алматының Бостандық аудандық № 2 сотының 2024 жылғы 29 мамырдағы үкімі мен жеке қаулысы түсті.

Іс материалдарына сәйкес, Алтынай Дидарқызы "Алтуша" ЖК тіркеп, Wildberries маркетплейсімен жұмыс істеу бойынша қызметтерін ұсына бастаған. Клиенттерді тарту үшін ол миллиондаған аудиториясы бар танымал блогерлердің көмегіне жүгінген.

Олардың арасында сот Жания Джуринскаяны, Бейбіт Әлібековті, Әсел Асқарды және Динара Сәтжанды атады.

"Блогерлер сотталушыдан белгілі бір мөлшерде сыйақы алып, оның қызметінің шынайылығын тексерместен, соңғысын Instagram әлеуметтік желісінде Wildberries маркетплейсінде консалтингтік қызмет көрсететін табысты тұлға ретінде жарнамалаған", – делінген қаулыда.

Сот жәбірленушілердің айғақтарын зерттеп, олардың көбі жарнама пайда болғанға дейін Алтынай туралы да, оның қызметі туралы да ештеңе білмегенін анықтады.

Алайда танымал тұлғалардың ұсыныстары оларды кәсіпкерге назар аударуға көндірген. Адамдар оның парақшасына жазылып, кейін қызметін пайдалануға бел буған.

Қаулыдан белгілі болғандай, Дидарқызы Instagram-да сәнді өмірін: премиум-класты автокөліктерін, элиталық пәтерін, жер учаскесін, брендтік киімдерін және шетелге саяхаттарын белсенді түрде көрсетіп отырған.

Соттың пікірінше, осылайша Алтынай табысты бизнесвумен бейнесін қалыптастырып, болашақ клиенттерді адастырған.

Жоқ пәтер, шағымдар және 10 мың доллар қарыз: сот нені анықтады?

Жеке қаулыда сот әр блогердің іс-әрекетін егжей-тегжейлі талдады. Мәселен, Жания Джуринская Esentai City элиталық тұрғын үй кешеніндегі пәтерден видео жариялаған. Ол Алтынайдың жалғызбасты ана бола тұра, Wildberries арқасында байып, қымбат баспана сатып ала алғанын айтқан.

"Бұл ретте сотталушының Esentai City тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмағаны анық дәлелденді", – делінген қаулыда.

Әсел Асқар болса Дидарқызының үстінен шағымдар алған. Алайда ақпаратты тексерудің орнына, блогер бұл туралы Алтынайдың өзінен ғана сұраған, ал ол бәрін жоққа шығарған.

"Блогер Ә.С. Асқар сотталушы тарапынан құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлаған адамдардан СМС алған, бірақ мән-жайды анықтағысы келмей, тек сотталушыдан осы факт туралы сұраған, оған сотталушы бұл өтірік деп жауап берген", – деп көрсетті сот.

Қаулыға сәйкес, Бейбіт Әлібеков Алтынай Дидарқызы құрбысынан 10 мың доллар қарыз алып, қайтармағанын білген. Соған қарамастан, блогер кәсіпкердің табыстылығы туралы бұрынғы мәліметтерін теріске шығармаған.

Соттың пікірінше, блогерлер күмәнді белгілерге қарамастан, жарнаманың шынайылығын тексермеген. Олардың бұл әрекеттері жәбірленушілердің Дидарқызына сеніп, ақшасынан айырылуына ықпал еткен.

Неге сот Динара Сәтжанды үлгі ретінде келтірді?

Жеке қаулыда тележүргізуші Динара Сәтжанның да есімі аталады. Алайда сот оның іс-әрекетін басқаша бағалады.

Құжатқа сәйкес, Сәтжан Алтынай Дидарқызымен жарнамалық келісімшарт жасап, оның қызметі туралы ақпарат жариялаған. Бірақ блогерге кәсіпкер туралы жағымсыз мәліметтер түскеннен кейін, ол жарияланымды өшіріп тастаған.

"Жарияланым қысқа мерзімді болды және сотталушы туралы жағымсыз ақпараттың түсуіне байланысты алынып тасталды. Кейін ақшалай қаражаттың бір бөлігі сотталушыға қайтарылды", – делінген құжатта.

Соттың пікірінше, мұндай іс-әрекеттер заңнама талаптарына сәйкес келеді.

Судья қалған блогерлердің де дәл солай әрекет етуі тиіс болғанын атап өтті.

"Wildberries ханшайымы" ісі туралы не белгілі?

Алтынай Дидарқызы Wildberries-те табыс табу бойынша оқыту курстары мен қызметтерін жарнамалаған. Ол өзінің салтанатты өмірін көрсетіп, клиенттеріне табысты бизнес құруға көмектесуге уәде берген.

Сот мәліметінше, адамдар тауар алып, саудадан пайда көреміз деген үмітпен оған қомақты қаржы аударған. Алайда кейін олар не табыс, не салған ақшаларын ала алмай жатқандарын айтып, шағымдана бастаған.

2025 жылдың наурызында Алтынай қамауға алынды. 2026 жылғы 29 мамырда Алматының Бостандық аудандық № 2 соты оны аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін кінәлі деп таныды.

Сот Дидарқызына 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті, бірақ оның тәрбиесінде жас қызы болғандықтан, жазаның орындалуын бір жылға шегерді. Үкім жарияланған күні ол қамаудан босатылды.

Сонымен қатар сот оған бес жыл бойы маркетплейстерде оқытумен айналысуға тыйым салды.

Сондай-ақ сот Алтынай Дидарқызына жәбірленушілерге 439 миллион теңгеден аста материалдық шығынды өтеуді міндеттеді. Ең қомақты соманы – 99,3 миллион теңгені сот зардап шеккендердің бірінің пайдасына өндіру туралы қаулы шығарды. Басқа жәбірленушілерге 500 мыңнан 53,2 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде өтемақы тағайындалды.

Редакция блогерлерге және Қазақстан ІІМ-не сауал жолдады. Жарияланым шыққан сәтке дейін жауап келген жоқ.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:54
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2026 13:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

22 Қазан 2026 06:33see144

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

21 Қазан 2026 14:45see138

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

21 Қазан 2026 14:49see136

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

21 Қазан 2026 20:04see135

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

21 Қазан 2026 19:20see134

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

21 Қазан 2026 20:15see133

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

22 Қазан 2026 04:10see127

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

21 Қазан 2026 16:58see126

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

22 Қазан 2026 22:28see123

Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті бір кенші қаза тапты

21 Қазан 2026 15:58see123

Тәуелсіздікке бастар жол

22 Қазан 2026 04:49see122

Норвегияда қоқыстың 98 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады Еділ Жаңбыршин

21 Қазан 2026 16:12see122

Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды

21 Қазан 2026 14:36see120

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

22 Қазан 2026 04:24see119

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

22 Қазан 2026 23:05see119

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

22 Қазан 2026 05:02see117

новости на сайте Ак Жайык

21 Қазан 2026 13:58see116

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

21 Қазан 2026 22:46see112

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see112

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

22 Қазан 2026 23:05see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары