Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Жемісті жеті жыл

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

Ұлдана Мырзуан ісі бойынша сот: жәбірленушілер МИБ төрағасынан 45 миллион теңге талап етті

Ұлдана Мырзуан ісі бойынша сот: жәбірленушілер МИБ төрағасынан 45 миллион теңге талап етті

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Ұлдана Мырзуанның ісіне қатысты сотта жәбірленушілер сотталушы Сәуле Жұбаниязовадан материалдық және моральдық шығынды өтеу туралы азаматтық талап арыз берді. Талап арыздардың жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жәбірленуші Қалиеваның адвокаты қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрайымынан 10 миллион теңге өндіріп алуды сұрады. Бұдан бөлек, тарап 53 мың теңге көлемінде материалдық шығын барын мәлімдеп, сондай-ақ өкілдік шығындары үшін 500 мың теңге өтемақы төлеуді сұрады.

Жәбірленуші Нұрпейісованың адвокаты өзінің сенім білдірушісін азаматтық талапкер деп тануды сұрады. Қорғаушының айтуынша, материалдық шығын сомасы 322 554 теңге болады, ал моральдық зиянды олар 35 миллион теңгеге бағалап отыр.

Сонымен қатар адвокат Нұрпейісоваға есту аппараты қажет болатынын және оны алдағы уақытта ауыстырып тұру керек екенін айтты. Қорғаушы Жұбаниязоваға есту аппаратын жоспарлы түрде ауыстыру үшін әр екі жыл сайын 960 мың теңгеден төлеп тұру міндетін жүктеуді сұрады.

Сотталушы талап арыздарды мойындамады

Азаматтық талап арыздар берілгеннен кейін сот сотталушы олармен танысу үшін үзіліс жариялады.

Үзілістен кейін судья Сәуле Жұбаниязовадан берілген талап арыздарды мойындайтынын не мойындамайтынын сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамайтынын және жәбірленушілердің талаптары негізсіз екенін айтты.

"Мен кінәмді мойындамаймын, өзімді кінәсіз деп санаймын. Талап арызды дұрыс емес деп есептеймі", - деді Сәуле Жұбаниязова.

Берілген талап арыздар қаралғаннан кейін судья сот тергеуінің аяқталғанын және сот жарыссөзіне көшетінін жариялады.

Алдыңғы сот отырысында да Жұбаниязова өзін кінәсіз санайтынын мәлімдеді.

Бүгін, сот отырысы басталмас бұрын, сот іс бойынша барлық тараптың өтініштері тыңдалды. Ұлдана Мырзуан күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпау туралы шешім қабылдады.

Өткен отырыстарда не болды?

18 тамызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында басталды фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Істі судья Меруерт Абаева жүргізіп жатыр.

Айыпталушы орындығында қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрағасы Сәуле Жұбаниязова отыр. Өткен сот отырысында ол өзін кінәсіз деп санайтынын мәлімдеді.

Ұлдананың анасының адвокаты Нұрсұлтан Орынбековтің айтуынша, бұл іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы ("Міндеттеріне адал қарамау") бойынша қаралып жатыр.

20 тамызда сотталушының адвокаты судья Меруерт Абаеваға қарсылық білдірді, алайда бұл өтініш қабылданбай, процесс жалғасты.

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел сотта жауап берді. Ер адам жұбайы қайғылы жағдайға ұшыраған күн туралы баяндады. Сондай-ақ ол сотқа жұбайының қазасы туралы қалай білгенін және әкімдікте алған 20 миллион теңге туралы хабарлады.

Сондай-ақ оның анасы жауап берді. Әйелдің айтуынша, өз қызын танымай қалғанын ауруханаға барған кезде белгілі болған. Сонымен қатар жәбірленуші құдағиының әкімдіктен берілген көмек қаржының 4,5 миллион теңгесін қайтаруды талап еткенін жеткізді.

26 тамызда сотта жәбірленушілер мен куәгерлер жауап берді. Атап айтқанда, жәбірленуші Гүлнәр Қалиева 2025 жылғы 8 қарашада әпкесімен бірге үй маңындағы дүкенге бара жатқанын айтты. Олар ғимаратқа жақындай бергенде, үйдің қаптамасы жоғарыдан құлап түскен. Әйел тек басын қолымен жауып үлгерген. Оның айтуынша, "кірпіштер жаңбырша жауған".

Сондай-ақ Ұлдананың әріптесі Дильназ Байзақова сотта жауап берді. Қайғылы оқиға болған күнді еске алған кезде, ол көз жасына ерік берді.

2 қыркүйекте сот куәгерлердің - үй тұрғындарының жауаптарын тыңдады. Атап айтқанда, куәгер Валерия Самсонова үйдің қабырғаларында жарықтар пайда болғанын айтты. Мұны куәгер Халил Бабалиев те растады. Оның айтуынша, "үйдің іргесі сөгіліп жатыр".

Сондай-ақ сотта қаптама құлаған сәт түсірілген видео көрсетілді.

3 қыркүйекте сотта қылмыстық іс материалдарын зерттеу жалғасты. Мемлекеттік айыптаушы Нұрдәулет Әбуов ғимарат қасбетінің құлау себебі көрсетілген техникалық сараптама қорытындысын жариялады.

“Бүкіл үй құлап жатыр деп ойладым“ - Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша куәгер

9 қыркүйекте сот құрылыс саласындағы маман Вероника Лобаеваны тыңдады. Ол үй жобасындағы сәйкессіздіктерді "мина іспетті" деп атады.

Сондай-ақ сотта сотталушы Сәуле Жұбаниязова жауап берді. Ол қайғылы оқиғаға өзін кінәлі деп санамайтынын сотқа тағы айтты. МИБ төрағасының сөзінше, ол міндеттерін атқаруға кіріскен кезде, тұрғындар да, бұған дейінгі басқарушы да үйге қатысты қандай да бір мәселелерге шағымданбаған.

10 қыркүйекте, сот техникалық қадағалау маманы Денис Воробьёвты тыңдады. Оның айтуынша, ғимарат қасбетінде ақау белгілері қаптама құлағанға дейін пайда болған. Алайда олардың қаншалықты қауіпті екенін ешкім түсінбеген.

“Мерзімі өтіп, адамдар қайтыс болған“. Ұлдана Мырзуанның ісіне қатысты жаңа құжаттар

17 қыркүйекте Ұлдана Мырзуанның ісі бойынша тергеуші айыпталушы МИБ төрайымы қызметін атқарған кезеңде қажетті жұмысты орындамағанын мәлімдеді.

Бұған дейін Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот отырысы тікелей эфирде өтетіні хабарланған еді. Трансляцияны Tengrinews.kz YouTube-арнасынан көруге болады.

Қайғылы оқиға қалай болды?

2025 жылғы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылы, 24 Б мекенжайындағы тоғыз қабатты үйдің қасбетінен кірпіш қаптама құлаған. Салдарынан бес адам зардап шекті. Олар №1 көпбейінді ауруханаға жатқызылды.

Бір пациенттің жағдайы өте ауыр болды, оған ота жасалды. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатты, дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалады. Қалған екі адам бөлімшеге орналастырылды, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланды.

Ең ауыр жарақат алған пациент - оқиға орнына жеткен жедел жәрдем фельдшері, 23 жастағы Ұлдана Мырзуан болып шықты. Қыздың туыстарының айтуынша, ол зардап шеккендерге алғашқы болып көмекке ұмтылған. Олардың арасында бала, оның анасы және туысы болған. Ұлдана зардап шеккендерге қарай жүгірген кезде, "үстіне кірпіш пен кондиционердің бекіткіші құлаған". 18 қарашада ол ауруханада көз жұмды.

Оқиғадан кейін полиция Қылмыстық кодекстің 278-бабы "Сапасыз салынған құрылыс" бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін істе тағы бір бап пайда болды – 306-бап "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету".

“Жарықтарға саусақ сыйып кетеді“. Фельдшер Ұлдана Мырзуанның үстіне қасбеті құлаған тұрғын үйден репортаж

С от талқылауы жүріп жатқанда, көпқабатты үйдің тұрғындары ғимаратта жаңа жарықтар пайда болғанына шағымданып жатыр. Олар өз пәтерлерінде тұруға қорқады. Олардың айтуынша, түнде қабырғалардан шытынаған дыбыстар естіледі. Tengri Home тілшілері оқиға орнына барып, мазасы қашқан астаналықтармен тілдесті.

Бұл репортаждың видео нұсқасын TengriTV YouTube-арнасынан көре аласыз:

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлдана Мырзуанды ерлігі, жанқиярлығы және міндетін үлгілі атқарғаны үшін "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады. Қазақстандықтар жедел жәрдем фельдшерімен қалай қоштасқаны туралы мына материалда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 13:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see115

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see115

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see114

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see114

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see114

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see113

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see113

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see112

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see112

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see111

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see111

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see110

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see110

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see110

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see109

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see109

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see108

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see107

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see105

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

24 Қыркүйек 2026 10:08see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары