Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Сұлтан Сәрсемалиевтің үстінен сот жәбірленушілер 70 миллион теңге көлемінде талап арыз берді

Сұлтан Сәрсемалиевтің үстінен сот жәбірленушілер 70 миллион теңге көлемінде талап арыз берді

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Атырау облысындағы бір отбасын өлтіру дерегі бойынша өтіп жатқан сот процесінде жәбірленуші тарап 70 миллион теңге көлемінде талап арыз берді. Сонымен қатар сотта бір отбасының төрт мүшесінің қаза болу мән-жайына қатысты қорытындысын ұсынған сот-медициналық сарапшының айғақтары тыңдалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысындағы бір отбасын өлтіру дерегі бойынша өтіп жатқан сот процесінде жәбірленуші тарап 70 миллион теңге көлемінде талап арыз берді. Сонымен қатар сотта бір отбасының төрт мүшесінің қаза болу мән-жайына қатысты қорытындысын ұсынған сот-медициналық сарапшының айғақтары тыңдалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айыпталушы қатарында - қайын атасы Мақсот Қарабалинді, қайын енесі Нәсіп Өтешқалиеваны, сондай-ақ олардың ересек балалары Мирамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевті өлтірді деп айыпталған 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиев.

Еске сала кетейік, олардың өлімі туралы жан түршігерлік шындық 2025 жылы, бүкіл отбасы жоғалғаннан бірнеше ай өткен соң, олардың мәйіттері Атырау облысындағы жеке үй аумағында көмілген жерінен табылғанда белгілі болды.

Туыстарын өлтірді деген күдікті Сұлтан Сәрсемалиев Қазақстаннан тыс жерде жасырынбақ болған, бірақ оған халықаралық іздеу жарияланып, Индонезияның Интерпол желісі арқылы ұсталды.

18 маусымдағы сот отырысында жәбірленуші тарап өз талаптарын мәлімдеді, ал сот-медициналық сарапшы Сержан Сейдешевтің егжей-тегжейлі жауаптары қорғаушы тараптың жорамалдарын сейілтіп, қаза тапқандардың ажал алдындағы соңғы минуттарының сұмдық бейнесін ашып берді.

Жәбірленуші тарап 70 миллион теңге өтемақы талап етіп отыр

Процесс барысында қаза тапқан отағасы Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әдемі Шылмағамбетова Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты талап арызын оқыды. Марқұмдардың туыстары айыпталушыдан моральдық және материалдық шығын ретінде 70 миллион теңге өндіруді сұрайды. Олардың айтуынша, бұл сома бірден төрт жақынынан айырылған отбасы қайғысының ауқымымен негізделген.

Әдемі Шылмағамбетованың сөзінше, бұл қайғы бүкіл отбасы үшін эмоционалдық тұрғыдан да, материалдық тұрғыдан да ауыр соққы болған.

"Біз бірден төрт жақын адамымыздан айырылдық. Бұл орны толмас қаза. Туыстарымыз қатты моральдық күйзеліске ұшырады, менің өз жүрегім сыр беріп, қазір күрделі ота қажет болып тұр. Біз 100 күн бойы ас бердік, 11 маусымда ғана соңғы еске алу шаралары өтті. Бұдан бөлек, айтарлықтай материалдық шығын келді - сатылып кеткен малды қайта сатып алуға мәжбүр болдық", - деді марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы.

Сөз 17 қой мен 4 сиырдан тұрған шаруашылық туралы болып отыр. Туыстарының айтуынша, отбасы жоғалғаннан кейін мал сатылып кеткен, кейін оны жаңа иелерінен қайта сатып алуға тура келген.

Айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиев мәлімделген талаптарға қатысты өз пікірін білдірді. Ол ақшасы да, мүлкі де жоқ екенін, бірақ сот шешіміне бағынуға дайын екенін айтты.

"Менің байлығым тек бес балам. Егер сот 70 миллион теңге төлеуді мақұлдаса, мен оны өмірімнің соңына дейін төлеуге міндетті боламын. Бірақ дәл қазір менің шоттарымда ақша да, мүлкім де, жинаған қорым да жоқ", - деді Сәрсемалиев.

Өтемақы мөлшері мен оны төлеу тәртібі туралы мәселе сот аясында қаралады.

Нәсіп Өтешқалиева аман қалуы мүмкін бе еді?

Бүгінгі отырыстың ең ауыр сәттерінің бірі Нәсіп Өтешқалиеваның өмірінің соңғы минуттарын талқылау болды. Жәбірленуші тараптың өкілдері сот-медициналық сарапшыдан сегіз жерден пышақ жарақатын алған әйелдің аман қалуға немесе шабуылдаушыға қарсылық көрсетуге тым болмаса кішкене мүмкіндігі болды ма деп сұрады.

Сержан Сейдешевтің жауабы кесімді болды. Сарапшы жарақаттардың бірі қолқаның кеуде бөлігіне - ең ірі магистральдық артерияға тигенін, оның зақымдануы аман қалуға ешқандай мүмкіндік қалдырмайтынын түсіндірді.

"Дәл қолқаның кеуде бөлігі зақымдалғаннан кейін адам қандай да бір белсенді әрекет жасай алмайды. Ішкі қан кету және қан қысымының күрт төмендеуі лезде естен тануға әкеп соғады. Жәбірленуші физикалық тұрғыдан қарсылық көрсетуге, айқайлауға немесе құтылуға тырыса алмады - өлім бірден болады", - деп жауап берді сарапшы Сержан Сейдешев сотқа.

Процесс барысында тергеу нұсқасы бойынша ерлі-зайыпты мен олардың қызын өлтіруге пайдаланылған суық қарудың сипаттамасы айтылды. Жәбірленуші тарап марқұмдардың денесіндегі жарақат іздерінің тереңдігі қылмыстың аса қатігездікпен жасалғанын айғақтайтынын атап өтті: ол орта есеппен 16–17 сантиметр болса, кейбір жағдайларда 18 сантиметрге және одан да көпке жеткен.

Сарапшы Сержан Сейдешев бұған нақты түсініктеме берді.

"Сот медицинасында жарақат өзегінің тереңдігі қарудың ең қысқа ұзындығын тікелей көрсетеді. Егер тіркелген жарақаттың тереңдігі 18 сантиметр болса, бұл қолданылған пышақ жүзінің ұзындығы кемінде 18 сантиметр болғанын білдіреді. Пышақ жүзі одан да ұзын болуы мүмкін, бірақ бұл көрсеткіштен кем емес", - деді сарапшы.

Сонымен қатар ол жарақаттардың сипаты ұқсас болғандықтан, шабуылдаушының бір пышақпен әрекет еткенін немесе олардың бірнешеу болғанын жүз пайыздық сеніммен айту мүмкін емес екенін қосты.

Сотта Наурыз Мұқанғалиевтің мәйітін эксгумациялау кезінде оның басы мен қолы денесінен бөлініп қалғаны белгілі болды. Қорғаушы тарап бұл жағдайды қарудың басқа түрі қолданылуы мүмкін екендігімен, соның ішінде шабылған жарақаттардың болуымен байланыстырды.

Сарапшы Сержан Сейдешев іс материалдарында бастапқыда жерлеу мерзімі 6-дан 8 айға дейін деп көрсетілгенін, алайда эксгумация кезінде шамамен 10 ай өткенін хабарлады. Оның айтуынша, қоршаған орта жағдайларына байланысты бұл уақыт ішінде жұмсақ тіндер айтарлықтай бұзылуы мүмкін, бұл дене бөліктерінің ажырауына әкелуі ықтимал.

"Мәйітті шығарып жатқан кезде тіндердің дефектісі болды. Яғни, жұмсақ тіндер болмаған. Мысалы, тері, бұлшықет тіндері, мойын мүшелері. Сүйектер аршылып қалған. Мәйітті шығару кезінде мұндай күйде болуы әбден мүмкін. Ол бос бекітіліп жатқан. Шығару кезінде тартқанда немесе басқалай әсер еткенде... ол бөлініп кетеді", - деп түсіндірді сарапшы.

Сарапшы денені бөлшектеу белгілері анықталмағанын атап өтті: сүйектер мен киімдерден шабылған жарақат іздері табылмаған.

Сотталушының өзін-өзі қорғау нұсқасын теріске шығару

Сұлтан Сарсемалиев жасаған ісін ішінара мойындайды. Ол үш адамды өлтірді деген айыппен келіседі, бірақ Наурыз Мұқанғалиевке қатысты жағдайда қорғаушы тарап өзін-өзі қорғау нұсқасын алға тартады.

Сотталушының нұсқасы бойынша, Мұқанғалиев бірінші болып агрессия көрсетіп, оған тап берген, ал Сарсемалиев тек өз өмірін қорғаған. Судья Зарема Хамидуллина процесс қатысушыларының назарын маңызды жайтқа аударды: төрт құрбанның барлығында пышақ жарақаттарының басым көпшілігі дененің сол жақ бөлігінде - жүрек пен өкпе сияқты өмірлік маңызды мүшелер тұсында шоғырланған. Бұл соққылардың нысаналы түрде, өлтіру мақсатымен жүйелі түрде жасалғанын көрсетеді.

Процесс барысында Мейрамгүл Қарабалинаға салынған жарақаттар санына қатысты дау туындады. Сотталушының адвокаты айыптау тарапы қатыгездік дәрежесін асыра көрсетіп отыр деп наразылық білдірді. Қорғаушы тараптың пайымдауынша, 32 жарақат туралы дерек екі мәрте есептеудің нәтижесі болуы мүмкін, ал Сарсемалиев мұншалықты соққыны физикалық тұрғыдан жасай алмас еді.

Сарапшы Сержан Сейдешев сотқа сот-медициналық хаттамалар ерекшелігін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Анықталғандай, 32 деген қорқынышты сан - бұл пышақпен сілтеген соққылар саны емес, тіркелген анатомиялық зақымданулар саны.

"Біздің жұмысымыздың ерекшелігі әрбір жарақат саңылауын бөлек сипаттауды міндеттейді. Егер жарақат тесіп өткен болса, хаттамада ол кіру және шығу тесігі ретінде екі бөлек зақымдану болып тіркеледі. Марқұм Мейрамгүлдің денесінде осындай бірнеше жарақат анықталды. Мысалы, 14 және 15-ші жарақаттар тесіп өткен. Пышақ сол жақ шынтақ буынының алдыңғы жағынан кіріп, иықтың артқы жағынан шыққан. Осылайша, бір ғана соққыдан денеде бірден екі жарақат пайда болады", - деп түсіндірді сарапшы.

Сот залындағы өкініш

Айыпталушы Сұлтан Сарсемалиев жасаған ісінің ауырлығын толық мойындап, қаза тапқандардың туыстарынан көпшілік алдында кешірім сұрады.

"Кешірім сұраймын. Марқұмдар ештеңеге кінәлі емес. Мұны өзімді ақтау үшін айтып тұрған жоқпын. Мен тек бәрі қалай болғанын, шындықты айттым", - деп түйіндеді сотталушы.

Мемлекеттік айыптаушы Мирас Бауыржанов сот назарын сотталушының көрсетпелеріндегі қайшылықтарға аударды. Прокурордың айтуынша, сотқа дейінгі тергеу кезеңінде Сәрсемалиев бұл қылмысқа балалары үшін барғанын бірнеше рет мәлімдеген. Алайда сот талқылауы барысында ол басқа себепті - жиналып қалған реніш мен қаза тапқандар тарапынан балағат сөздерді атады.

"Сіз сотқа дейінгі тергеу барысында да, сот алдында да үнемі екі нәрсені қайталап келдіңіз. Біріншісі: "мен бұл қылмысты тек балаларым үшін жасадым". Алайда соттағы жауап алу кезінде басқаша көрсетпе бердіңіз. Атап айтқанда, марқұмдардың сізге айтқан сөздері, намысыңызға тиіп, отбасыңызды балағаттағаны үшін іштей кек сақтап, осы қылмысты жасағаныңызды айттыңыз", - деді сотта прокурор Мирас Бауыржанов.

Айыптау тарапының сұрақтарына жауап бере отырып, Сұлтан Сарсемалиев бұл қайғылы оқиға көпжылдық жанжалдың, жиналып қалған реніш пен эмоционалдық шиеленістің салдары екенін мәлімдеді.

"Мен олардың әңгімелерін тыңдап тұрдым. "Жарайды, қазір балаларды әкелемін, қызым да, ұлым да осында қалады, мен кедеймін, мейлі" дедім. Бірақ олар тоқтамады. Намысыма тиіп, жаман сөздер айтуды жалғастыра берді. Олар адамды соңына дейін аяққа таптауға тырысты. (...) Кек пен балаларды қорғау ниеті тоғысып, ішімде бәрі жарылды да, өзімді басқара алмай қалдым", - деп мойындады Сарсемалиев.

Сот талқылауы жалғасы жатыр.

Сұлтан Сәрсемалиевтің ісі бойынша сотта негізгі заттай дәлелдемелер көрсетілді

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Маусым 2026 22:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары