Каспийдегі жаттығу кезінде қазақстандық әскерилерді теңіз ағызып кетті: 9 адам қаза тапты
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі әскери жаттығу кезінде әскери қызметшілерді толқын теңізге ағызып әкетті, қаза тапқандар бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің жаттығуы кезінде Каспий теңізі жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында метеорологиялық жағдайдың күрт нашарлауы мен желдің күшеюіне байланысты әскери қызметшілерді теңізге ағызып әкеткенін қайғыра отырып хабарлаймыз", - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Алдын ала мәлімет бойынша, теңізге 19 әскери қызметші ағып кеткен. Қазіргі уақытта 9 әскери қызметшінің қаза тапқаны тіркелді. Үш адам құтқарылды, оның ішінде біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнына шұғыл түрде құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары жіберілді.
Іздестіру-құтқару операциясына Әскери-теңіз күштері, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, авиация және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылды. Оқиғаның мән-жайын анықтау және іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнына министр Дәурен Қосанов бастаған Қорғаныс министрлігінің комиссиясы шұғыл аттанды.
"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі. Іздестіру операциясының барысы мен әскери қызметшілердің жағдайы туралы қосымша ақпарат деректердің түсуі мен расталуына қарай берілетін болады. Тек Қорғаныс министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сенуіңізді сұраймыз", - деп толықтырды ведомство.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:27
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 14:15 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















