Kasper неге алдымен Kaspi Магазинде іске қосылды
Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Клиенттерге миллиондаған ұсыныстың ішінен өзіне лайықты тауарды таңдауға көмектесу — Kaspi.kz Kasper дербес AI-көмекшісін дамытуды осы міндеттен бастады. Бұл туралы компанияның басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе Kazakhstan Growth Forum-да айтты.
«Қазіргі технологияларымыз көптеген міндетті орындауға мүмкіндік береді. Бірақ біз технологияның өзін емес, қай міндетті және қай жерде барынша тиімді шеше алатынымызды ойлаймыз», — деп түсіндірді ол.
Kaspi Магазинде 20 миллионнан астам тауар ұсынылған. Шешім қабылдау үшін клиент тауар карточкаларын қарап, сипаттамаларын оқып, бірнеше нұсқаны салыстыруы керек. Kasper бұл үдерісті әңгімелесуден бастауға мүмкіндік береді: клиент өзіне не қажет екенін түсіндіреді, ал көмекші сұранысты нақтылап, сәйкес тауарларды таңдайды.
Ломтадзе шаңсорғыш сатып алу мысалында сервистің қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Kasper тазаланатын үй-жайдың аумағы мен клиенттің бюджетін нақтылайды. Клиент отбасында аллергиясы бар адам тұратынын айтып, осы ерекшелікті ескере отырып, модельдерді салыстыруды сұрай алады. Егер сипаттамада HEPA-сүзгісі секілді түсініксіз термин кездессе, көмекші оның мағынасын қарапайым тілмен түсіндіреді.
«Сізге көптеген техникалық сипаттаманы оқып шығудың қажеті жоқ. Kasper оларды сіз үшін салыстырып бере алады», — деп атап өтті Ломтадзе.
Нақты тауар әлі таңдалмаған жағдайда да көмекшіге жүгінуге болады. Ол үшін міндетті ғана айту жеткілікті. Мысалы, балаға сыйлық таңдауды сұрауға болады.
Ломтадзенің айтуынша, мұндай технологиялар мен сервистердің болашағы зор. Ең бастысы, олар бірінші кезекте клиентке пайда әкелуге бағытталуы керек.
«Біз Kasper-ді дамытуды Kaspi Магазиннен бастадық. Енді оның көмегімен сүйікті клиенттеріміздің басқа да күнделікті міндеттерін шешетін боламыз», — деді Михаил Ломтадзе.
Көрілімдер:63
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 14:36 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы
Байланыс








Ең көп оқылғандар


















