Маңғыстауда әскери оқу жаттығу кезінде теңізге кеткен 9 әскери қызметші қаза тапты
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Алдын ала мәлімет бойынша, оның 9-ы қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиға 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында болған. Әскери қызметшілер оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген.
Алдын ала мәлімет бойынша, 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Оның үшеуі құтқарылды, біреуі ауруханаға жатқызылды. 9 әскери қызметші қаза тапты. Қалған әскери қызметшілерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Оқиға орнына құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Әскери-теңіз күштері мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, авиация және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылған.
Оқиғаның мән-жайын анықтау және іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін Маңғыстау облысына Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов бастаған Қорғаныс министрлігінің комиссиясы аттанды.
Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, олардың отбасыларына қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
Іздестіру жұмыстарының барысы мен әскери қызметшілердің жағдайы туралы қосымша ақпарат деректер түсуіне және расталуына қарай жарияланады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:72
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 14:36 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















