Ақтау гарнизонында 9 әскери көз жұмды: прокуратура қылмыстық іс қозғады
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Бас прокуратура.
"Жедел тергеу тобы құрылды. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды.
Еске сала кетейік, Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде төтенше жағдай болып, 9 адам көз жұмды.
Алдын ала мәлімет бойынша 24 қыркүйек күні ауа райының күрт нашарлауы және желдің күшеюі салдарынан Каспий теңізіндегі 19 әскери қызметшіні толқын алып кеткен. Қазіргі уақытта оның 9-ы, өкінішке қарай, көз жұмды. Үш әскери қызметші құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:44
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 14:26 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















