Қазақстанда IT қызметтер экспорты 1,1 миллиард долларға жетті
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қазақстан цифрландыруда жаңа кезеңге өтті. Соңғы жеті жылда электрондық үкімет пен цифрлық мемлекеттік қызметтер дамып қана қоймай, IT және ғарыштық технологиялар экспорты қалыптасты. Осы кезеңде IT экспорт көлемі 38 есеге өсіп, 1,1 млрд долларға жетті, — деп хабарлады Aikyn.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жеті жыл ішінде Қазақстан ауқымды цифрлық трансформациядан өтіп, технологиялық дамудың жаңа кезеңіне шықты. 2019–2026 жылдардағы негізгі көрсеткіштер:
Электрондық үкімет: Қазақстан БҰҰ-ның 193 ел арасындағы көрсеткішінде 39-орыннан 24-орынға көтеріліп, 15 сатыға ілгеріледі.
Ғарыштық технологиялар экспорты: нөлден 70 млн долларға дейін өсті.
IT экспорт: 38 есеге артып, 30 млн доллардан 1,142 млрд долларға жетті. Astana Hub көрсеткіші 633 млн долларды құрады.
Интернет: халықты интернетпен қамту деңгейі 84%-дан 98%-ға дейін өсті, орташа жылдамдық 21-ден 88-94 Мбит/с-қа жетті. Бесінші буын байланысы, 5G енгізілуде.
Цифрлық мемлекеттік қызметтер: цифрландырылған қызметтердің үлесі 80%-дан 91%-ға дейін өсті. Цифрлық мемлекеттік қызметтердің 96%-ы смартфон арқылы қолжетімді.
Қолма-қол ақшасыз экономика: қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 14 есеге артып, 13,3 трлн теңгеден 186,3 трлн теңгеге дейін өсті.
Цифрландыру енді тек ішкі жаңғырту құралы емес. Ол экономикалық өсудің, технологиялық құзыреттерді дамытудың, экспорт көлемін арттырудың және елдің бәсекеге қабілеттілігін күшейтудің маңызды факторларының біріне айналып келеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:49
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 14:36 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















