Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Жемісті жеті жыл

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

Тыныштық орнатты Алматыда шулы көліктер бойынша рейдтер басталды. Фоторепортаж

Тыныштық орнатты Алматыда шулы көліктер бойынша рейдтер басталды. Фоторепортаж

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

23 қыркүйекте Алматыда "Гүрілдейтін көлік" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Рейдке барлық саптық бөлімшелер жұмылдырылып, Алматы полициясы күшейтілген қызмет режиміне көшірілді.

Tengri Auto тілшісі тексеріс қалай жүріп жатқанын өз көзімен көру үшін Алматы жол полициясы экипажымен бірге рейдке шықты.

Алдымен - мақсаттар мен міндеттер туралы

Алдымен біз Алматы полиция департаменті аумағына жиналдық. Плацта инспекторлар бізді күтіп тұр екен, ал қатарда көк-ақ түсті патрульдік Kia K5 көліктері тізіліп тұрды.
Фото © Tengrinews.kz / Марат Әлжанов. Саптағы полиция қызметкерлері

Фото © Tengrinews.kz / Марат Әлжанов. Полиция қызметкерлерінің сапқа тұруы

Борттық нөмірлері "0" санынан басталатын белгілеріне қарап, бұл шараға арнайы батальон экипаждары да қатысатыны белгілі болды. Олардан бөлек, полиция түсіне боялған бес мотоциклден тұратын мотобатальонды да көрдік.

Фото © Tengrinews.kz / Марат Әлжанов. Мотобатальон экипажы

Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек бізбен алдағы жоспар және іс-шараның мақсаты туралы бөлісті.

Фото © Tengrinews.kz / Марат Әлжанов. Салтанат Әзірбек БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп жатыр

"Ел басшылығының тапсырмасына сәйкес, Алматыда биылғы 23-30 қыркүйегі аралығында "Гүрілдейтін көлік" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Бұл шара, ең алдымен, 750 000-нан астам автокөлік ресми тіркелген, сондай-ақ күн сайын өзге өңірлерден 400 000-ға жуық көлік кіретін қаламыздағы жол қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған", - деп хабарлады полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Әзірбек рейдтің негізгі міндеті - "агрессивті жүру мәнерін, сондай-ақ пайдалануға заңмен тыйым салынған дыбыс басқыштарды қолдану фактілерінің жолын кесу" екенін атап өтті.

"Сонымен қатар полицейлер көлік құралын заңсыз қайта жабдықтау және тыныштықты бұзу фактілерін анықтайды. Қала тұрғындары тарапынан агрессивті жүру мен дыбыс басқыштардың гүрілі түнде маза бермей, тыныштықты бұзатыны туралы негізді шағымдар түсіп жатыр", - деді ол.

Осыдан кейін взвод командирі экипаждар алдында баяндама жасап, "Адымда! Марш!" деген бұйрық берілді. Қызметкерлер көліктеріне бет алды, біз де олардың соңынан ердік...

Фото © Tengrinews.kz / Марат Әлжанов. Полиция қызметкерлері саптық жиында

Фото © Tengrinews.kz / Марат Әлжанов. Полиция қызметкерлері автокөліктерге қарай адымдап бара жатыр

Патрульдеуді бастаймыз...

Міне, біз әл-Фараби даңғылы мен Дулати көшесі қиылысында қызметке кірістік. Маған арнайы батальон экипажынан орын бұйырды.

Фото © Tengrinews.kz / Марат Әлжанов. Полиция қызметкерлері бекетте

Біз бекетте бір сағатқа жуық болдық, бірақ көлігі гүрілдейтін жүргізушілер байқалмады. Дегенмен, осы уақыт ішінде қызметкерлер төленбеген айыппұлы бар KIA көлігін тоқтатты. Полицейлер жүргізушіге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, берешекті өтеу қажет екенін ескертті.

Фото © Tengrinews.kz / Марат Әлжанов. Жүргізушіге төленбеген айыппұл туралы ескерту жасалып жатыр

Бұдан кейін біз әл-Фараби даңғылы бойымен патрульдеуге шықтық. Көлік ағынының тығыздығына қарамастан, инспекторлар қайта жабдықтау немесе сыртын өзгерту белгілері бар көліктерге ерекше назар аударды.

Фото © Tengrinews.kz / Марат Әлжанов. Полиция экипажы әл-Фараби даңғылын патрульдеп жүр

Тексеріс тек гүрілге қатысты емес

Инспекторлар алдымен Toyota көлігін тоқтатты. Көліктің алдыңғы бүйір әйнектеріне бүркемелегіш пленка жапсырылған екен. Полиция қызметкері жүргізушіге ол әйнектің жарық өткізгіштігін төмендететінін және оны пайдалануға ереже бойынша тыйым салынғанын түсіндірді.

Фото © Tengrinews.kz / Марат Әлжанов. Toyota көлігі тонировка үшін тоқтатылды

Жүргізуші пленканы сол жерде сыпырып тастады. Содан кейін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Фото © Tengrinews.kz / Марат Әлжанов. Жүргізуші әйнектегі тонировканы алып жатыр

Біраз уақыттан соң инспекторлар бірден екі Subaru Legacy көлігін тоқтатты. Сырт көзге бұл көліктер жалпы ағыннан ерекшеленбегенімен, тексеріс барысында екі машинаға да дыбыс басқыштар орнатылғаны анықталды.

Фото © Tengrinews.kz / Марат Әлжанов. Subaru көлігі қайта жабдықтау үшін тоқтатылды

Фото © Tengrinews.kz / Марат Әлжанов. Subaru көлігі қайта жабдықтау үшін тоқтатылды

Полиция қызметкерлері көліктерді қарап шығып, қайта жабдықтау фактісін тіркеді. Екі жүргізушіге де көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Рейд қорытындысы

Экипажбен бірге болған уақытта шығару жүйесі тым қатты дыбыс шығаратын автокөліктер немесе көлікті агрессивті жүргізетін жүргізушілер кездеспеді.

Жалпы, патрульдеу кезінде инспекторлар дабысы қатты көліктерді ғана тоқтатқан жоқ. Тексеріске көлік конструкциясына енгізілген ықтимал өзгерістер, оның техникалық жағдайы, сондай-ақ тікелей жолда байқалған ЖҚЕ бұзу себеп болды.

Бұл жерде мынаны түсіну маңызды: шығару жүйесінің қатты дыбысы немесе басқа да белгілер көлікке назар аударуға себеп қана емес. Егер шығару жүйесіндегі өзгерістер қайта жабдықтауға жатса және олар келісілмеген болса, жүргізуші тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлікті басқарғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін. Шу деңгейі белгіленген нормативтерден асқан жағдайларға бөлек жауапкершілік қарастырылған.

Сондықтан инспекторлар орнатылған стандартты емес шығару жүйесін, конструкциядағы өзгерістер мен көліктің басқа да жақсартуларын машинаның қаншалықты қатты дыбыс шығаратыны немесе әсерлі көрінетіні тұрғысынан емес, техникалық талаптарға сәйкестігі мен қажетті рұқсаттардың болуы тұрғысынан бағалайды.

Фото © Tengrinews.kz / Марат Әлжанов. Бекеттегі полиция қызметкері

Шу мен қайта жабдықтау үшін қандай айыппұл қарастырылған?

Егер рейд кезінде (немесе жалпы жағдайда) инспекторлар автокөлікті заңсыз қайта жабдықтау фактісін анықтаса, ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі бойынша жауапкершілік қарастырылған және ол 15 АЕК көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады, 2026 жылы бұл 64 875 теңге. Бір жыл ішінде қайталанса айыппұл 20 АЕК-ке немесе 86 500 теңгеге дейін артады.

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ ақауы немесе пайдалануға тыйым салынатын жайттар бар көлікті пайдаланғаны үшін бөлек жауапкершілік көзделген. ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі бойынша айыппұл 5 АЕК немесе 21 625 теңге болады.

Тағы бір бап тікелей шуға қатысты. Егер автокөлік жұмыс кезінде шығаратын шу деңгейі белгіленген нормативтерден асса, жеке тұлғаға ескерту жасау немесе 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл 20 АЕК-ке немесе 86 500 теңгеге дейін өседі.

Осылайша, гүрілдейтін бір ғана көлік инспекторлардың назарын әртүрлі себеппен аударуы мүмкін. Мұнда шығару жүйесінің дыбысы ғана емес, оның белгіленген нормативтерден асуы, көліктің техникалық талаптарға сәйкестігі және конструкцияға енгізілген өзгерістердің белгіленген тәртіппен рәсімделуі маңызды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:68
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 13:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see115

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see115

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see114

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see114

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see114

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see113

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see113

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see112

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see112

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see111

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see111

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see110

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see110

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see110

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see109

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see109

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see108

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see107

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see105

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

24 Қыркүйек 2026 10:08see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары