“Айқайлап“ тұратын атауларынан басқа түгі жоқ. Тоқаев “қызмет көрсету“ ұйымдарын тексеруді тапсырды
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тек қағаз жүзінде ғана бар қоғамдық бірлестіктердің мәселесін шешуді, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты игеру үшін құрылатын "қызмет көрсету" ұйымдарына тосқауыл қоюды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан Халық кеңесінің отырысында мәлімдеді.
Президенттің айтуынша, оған кейбір республикалық қоғамдық бірлестіктің тек қағаз жүзінде тіркелген жалған құрылымдар екені баяндалған.
"Маған бірқатар республикалық қоғамдық бірлестіктің тек қағаз жүзінде тіркелгені, шын мәнінде, "айқайлап" тұратын атауларынан басқа түгі жоқ, жалған құрылымдар екені баяндалды. Мұндай ұйымдар азаматтар мүддесін қорғау үшін емес, басқа пиғылда, берісін айтсақ, мансапқорлық мақсатта құрылғаны анық", - деді Президент.
Президент бұл кейбір жағдайда алаяқтыққа дейін жеткенін, оған жол беруге болмайтынын айтты. Сондықтан мұндай фактілер құқық қорғау органдарының назарына жолданады.
"Тек мемлекеттік тапсырысты игеру мақсатында құрылған "қызмет көрсету" ұйымдарының жұмысына тосқауыл қою қажет. Жалпы, Халық Кеңесі қоғамға ұйытқы болуға тиіс. Елімізде көптеген консультативтік-кеңесші орган бар, алайда басым бөлігінің қызметі шашыраңқы, бір-бірін қайталайды. Олардың жұмысын үйлестіріп, сараптамалық әлеуетін біріктіру және келіп түскен ұсыныстарды жүйелеу Халық Кеңесіне жүктеледі".
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Халық кеңесі қоғамдық кеңестермен жүйелі өзара іс-қимылды жолға қойып, еліміздегі қоғамдық бақылауды күшейтуі тиіс екенін мәлімдеген болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:79
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 12:50 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















