Тоқаев: Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру Қазақстан Халық Кеңесі қызметінің негізгі бағытының бірі
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіру және қоғамдық бақылауды жүйелеу қажет екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Президент Үкіметке Қазақстан Халық Кеңесімен бірлесіп, қоғамдық кеңестердің кәсіби әлеуетін арттыру жолдарын пысықтауды тапсырды.
Мемлекет басшысы: «Бірақ қоғамдық кеңестерде мұндай байланыс та, тәжірибе де болмаған.
Сондықтан біз алғаш рет Халық Кеңесі арқылы осы жұмысты қолға аламыз.
Елдік мәселелер талқыланған кезде қоғамдық кеңестердің мүмкіндіктерін толық пайдалану қажет.
Осы орайда қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы жетілдіру керек.
Халық Кеңесі қоғамдық кеңестермен тұрақты байланысты жолға қойып, оларға арналған жан-жақты қолдау шараларын қарастыруы қажет.
Үкіметке Қазақстан Халық Кеңесімен бірлесіп, мұндай құрылымдардың кәсіби әлеуетін арттыру жолдарын пысықтауды тапсырамын.
Тағы бір маңызды мәселе – қоғамдық бақылауды жүзеге асыру. Бұл – Кеңес қызметінің негізгі бағытының бірі.
Дегенмен қазір елімізде қоғамдық бақылауды жүргізудің бірыңғай және нақты тәртібі немесе біртұтас жүйесі жоқ. Бұл жұмысты бағалаудың ортақ өлшемдері де әзірленбеген.
Халық Кеңесі қоғамдық бақылау саласын жүйелеп, оны ретке келтіруге атсалысуы керек. Бұл жұмысқа тәуелсіз сарапшылар мен кәсіби мамандарды көбірек тартқан жөн», – деді Президент.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:82
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 12:49 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















