новости на сайте Ак Жайык
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
ChatGPT көмегімен жасалған сурет«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Дарбаза — Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысын салу үшін Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен (АИИБ) 135 миллион долларға дейін қарыз тартуды көздеп отыр. Қарыз мемлекеттік кепілдіксіз рәсімделмек. Бұл туралы банк құжаттарына сілтеме жасаған forbes.kz жазды.
Қазақстанның оңтүстігін Өзбекстанмен байланыстыратын ұзындығы 115 шақырымдық біржолды теміржол желісінің құрылысы 2024 жылдың наурыз айында басталған. 2026 жылдың шілдесіндегі жағдай бойынша нысанның дайындық деңгейі 78 пайызға жеткен. Құрылысты 2026 жылдың желтоқсан айында толық аяқтау жоспарланып отыр.
Жаңа теміржол желісі екі ел арасындағы қолданыстағы теміржол дәлізінің жүктемесін азайтып, жүк тасымалы көлемін арттыруға және Орталық Азияның транзиттік әлеуетін нығайтуға тиіс.
Жер телімдерін алып қою кімдерге әсер етеді?Теміржол магистралінің құрылысы Түркістан облысының бес ауданы — Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай және Мақтаарал аудандары арқылы өтеді.
Жер телімдерін алып қоюдың ресми жоспарына (LARP) сәйкес:
Жоба 308 үй шаруашылығы мен 23 заңды тұлғаға әсер етеді;
14 отбасы толықтай басқа жерге көшіріледі;
Тұрғындар ауыл шаруашылығы жерлерінен және табыс көздерінен айырылуы мүмкін.
«Қазақстан темір жолы» зардап шеккен азаматтарға мүлкінің нарықтық құны бойынша өтемақы төлеуге, көшу кезінде көмек көрсетуге және әлеуметтік осал топтарды қолдауға уәде беріп отыр. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың шағымдарын беру мен қараудың үш түрден тұратын тетігі қарастырылған.
Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі жобаға жоғары тәуекел деңгейін білдіретін А санатын берген. Теміржол бағыты Шардара су қоймасының негізгі табиғат қорғау аймағын кесіп өтеді. Бұл — бұйра бірқазан, кіші суқұзғын және Сырдария тасбекіресі сияқты сирек кездесетін түрлердің тіршілік ететін маңызды мекені.
Экожүйеге келетін зиянды азайту үшін «Қазақстан темір жолына» биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі арнайы жоспарды іске асыру, құстардың қырылу жағдайларын тұрақты бақылау және елді мекендерге жақын аумақтарда пойыздардан шығатын шудың деңгейіне егжей-тегжейлі бағалау жүргізу міндеттелген.
Жобаны тағы кім қаржыландырады?Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен бөлек, ауқымды инфрақұрылымдық жобаны қаржыландыруға Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) мен Азия даму банкін (АДБ) тарту жоспарланып отыр.
Банк қаржы бөлу туралы түпкілікті шешімді 2026 жылдың қараша айының соңында қарастыруды жоспарлап отыр.
Бүгін, 13:53
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:106
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2026 13:58 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















