Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жиын терін маусымының жетістігі мол

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

Петропавлда үш адам белгісіз сұйықтық ішіп уланды: екеуі көз жұмды

Әйел денсаулығы: үнсіз қауіп, өзекті мәселе

Такси үшін 15 миллион Балиге сапар қазақстандыққа қомақты сомаға түсті

Ақылы кеңес міндеттелген: Қызылордада микроқаржы ұйымы несие алушы 43 мың адамды алдады

Мессенджерде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Әскерге кеткен азаматтардың кредиттері бойынша төлемдер автоматты түрде тоқтатылады

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

Түркия Украина бойынша келіссөзді жіті бақылап отырады дереккөз

Анкарада Құрылтай феномені кітабының түрік тіліндегі нұсқасы таныстырылды

Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі 7 жылда қалай өзгерді?

Жалақысы 1,4 миллион теңгеге жуық: Қазақстанда кімдер бәрінен көп табады

Кимешекке көмкерілген тарих

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

КҚК 2026 жылы Қазақстан мұнай экспортының 83 пайызын тасымалдайды

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

Кедендік келісімдер ратификацияланды

Кедендік келісімдер ратификацияланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Құжаттардың ережелерін депутат­тарға Қаржы министрі Мәди Такиев таныстырды.

Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы екі елдің кеден қызметі өкіл­діктерін ашу туралы келісім осы саладағы өзара іс-қимылдың құқықтық және ұйым­дастырушылық негіздерін қалып­тастыру мақсатында жасалды. Құжат жедел ақпарат алмасуды және кеден ісіндегі ынтымақтастық жөніндегі шара­ларды келісуді көздейді.

– Келісімді ратификациялау кедендік әкімшілендірудің тиімді­лігін арттыруға, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан кеден қызметтерінің өзара іс-қимы­лы­ның қосымша институцио­налдық тетігін қалыптастырады, – деп түсіндірді Мәди Такиев.

Министрдің дерегі бойынша, бүгінде Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 11 өткізу пункті бар. Оның сегізі – автомо­биль, үшеуі –темір­жол өткізу пункті. Олар­дың бірқатарын жаңғырту нәтижесінде жүк, автомобиль көлігі мен жолау­шыларды өткізу қуаты артты.

Құрылтай депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Бақтыбек Бибаев қосымша баяндамасында кеден қызметі өкілдіктерін өзара орналастырудың жаңа тетігі сауданы анағұрлым серпінді дамытуға мүм­кіндік беретінін атап өтті.

– Биылғы сегіз айда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 3,7 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл өт­кен жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тыр­ғанда 29 пайызға артық. Мемлекет басшысының 2030 жылға дейін елдеріміз арасын­дағы өзара тауар айналымын 10 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу міндетін алға қойғанын ескерсек, өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшу шекара маңындағы тиімді ынтымақтастық үшін бірыңғай байланыс арнасын қал­ыптастыра­ды, – деп атап өтті депутат.

Оның айтуынша, құжат тауар­лардың үздіксіз жеткізілуін қамта­масыз етуге, әкімшілік және тех­ни­калық кедергілерді жоюға, іс-қимылдарды уақытылы үйлес­тіруге және шекарада туындайтын мәселелерді бірлесіп шешуге жол ашады.

Талқылау барысында депутаттар Қазақстанның кеден қызметі өкіл­дік­терінің санын арттыру жоспары­на, артық бюрократиялық рәсім­дерсіз кедендік кедергілерді жедел жою мүмкіндіктеріне, келісім қа­был­данғаннан кейін отандық кәсіп­керлер үшін ашылатын перс­пек­тиваларға және басқа да мәселе­лерге қызығушылық танытты.

Қазақстан мен Пәкістан Үкімет­тері арасындағы кеден істеріндегі ынтымақ­тастық және өзара әкім­шілік көмек туралы келісім кеден заңнамасын бұзушы­лық­тардың алдын алу, оларды тергеу және жолын кесу бойынша өзара көмек көрсетуге, экспорттық және тран­зиттік декларациялар, оның ішінде күдік туды­ратын декларациялар туралы ақпарат алмасуға, сондай-ақ құпиялылық пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

– Келісім есірткі құралдарының, прекурсорлардың, контрафактілік өнім­дердің және басқа да тыйым салынған тауарлардың контра­бандасына бірлесіп қарсы іс-қимыл жасаудың нормативтік негізін қалайды. Алдын ала ақпарат алма-су – трансшекаралық қылмысқа қарсы күрестегі аса маңызды фак­тор­лардың бірі, – деп атап өтті өзінің қосымша баян­дамасында Құрыл­тай депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Бөріхан Нұрмұхамедов.

Депутат құжаттың тағы бір ар­тық­­шы­лығы ретінде тауарлардың кедендік құны мен шығу тегі туралы ресми сұрау салу және ақпарат алмасу тетігін атады. Оның айтуын­ша, бұл – Пәкістанның кеден қызметінен растайтын құжаттарды жедел алуға мүмкіндік беретін тіке­лей әрі заңды құрал. Сонымен қатар қарастырылған тәуекелдерді талдау есебінен кедендік бақы­лаудың сапасы артады.

Баяндамашы мен жауапты тұлғаларға депутаттардың қойған сұрақтары Қазақстан мен Пәкіс­тан­ның ақпараттық жүйелерін инте­грациялау барысына, ақпарат беруден бас тарту негіздеріне, Пә­кістан тарапының сұрау салуларын орындау кезінде ұлттық экономи­калық мүдделерді қорғау тетік­теріне, сондай-ақ өзара ақпарат алмасу барысында азаматтардың дербес деректерін қорғау кепілдіктеріне және басқа да мәселелерге қатысты болды.

Өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқ­та­тылған Татьяна Савельеваның орнына «Әділет» партиясынан Гүлнәр Тойлыбаева Құрылтай деп­утаты болып сайланды. Ол Құрылтай депутатының антын қа­был­дап, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды. 

Отырыс соңында Құрылтай депутаттары өзекті әлеуметтік және экономикалық мәсе­лелер бойынша мемлекеттік орган­дарға 12 депутат­тық сауал жолдады. Олар­дың бар­лығы Құрылтайдың ресми сайты мен Telegram арнасында жария­ланды.

Отырыс қорытындысы бойынша екі ратификациялық құжатқа қа­тысты БАҚ өкілдеріне арналған бриф­инг өтті. Жур­налистердің сұрақтарына Қаржы министрі Мәди Такиев, сондай-ақ Құрылтай деп­ут­аттары Бақтыбек Бибаев (Өзбек­станмен келісім бойынша жұмыс тобының жетек­шісі) және Бөріхан Нұрмұхамедов (Пәкістанмен келісім бойынша жұмыс тобының жетек­шісі) жауап берді.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:37
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2026 03:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жиын терін маусымының жетістігі мол

20 Қазан 2026 06:15see142

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

20 Қазан 2026 17:30see132

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

20 Қазан 2026 17:30see132

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

20 Қазан 2026 17:38see132

Петропавлда үш адам белгісіз сұйықтық ішіп уланды: екеуі көз жұмды

20 Қазан 2026 19:22see129

Әйел денсаулығы: үнсіз қауіп, өзекті мәселе

20 Қазан 2026 05:05see128

Такси үшін 15 миллион Балиге сапар қазақстандыққа қомақты сомаға түсті

20 Қазан 2026 16:42see124

Ақылы кеңес міндеттелген: Қызылордада микроқаржы ұйымы несие алушы 43 мың адамды алдады

20 Қазан 2026 21:42see123

Мессенджерде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

20 Қазан 2026 17:03see121

Әскерге кеткен азаматтардың кредиттері бойынша төлемдер автоматты түрде тоқтатылады

20 Қазан 2026 17:03see120

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

21 Қазан 2026 11:52see119

Түркия Украина бойынша келіссөзді жіті бақылап отырады дереккөз

21 Қазан 2026 09:07see119

Анкарада Құрылтай феномені кітабының түрік тіліндегі нұсқасы таныстырылды

21 Қазан 2026 07:56see119

Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлі 7 жылда қалай өзгерді?

21 Қазан 2026 09:46see119

Жалақысы 1,4 миллион теңгеге жуық: Қазақстанда кімдер бәрінен көп табады

21 Қазан 2026 08:16see119

Кимешекке көмкерілген тарих

20 Қазан 2026 07:00see118

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

21 Қазан 2026 14:45see117

КҚК 2026 жылы Қазақстан мұнай экспортының 83 пайызын тасымалдайды

20 Қазан 2026 17:29see116

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

21 Қазан 2026 20:04see116

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

21 Қазан 2026 14:49see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары