Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

Жиын терін маусымының жетістігі мол

Әкем ренжіді : әнші Бүркіт отбасы құрған кезін еске алды (видео)

Қазақстан Балтық теңізі порттары арқылы мұнай мен көмір экспортын арттырмақ

7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

Әйел денсаулығы: үнсіз қауіп, өзекті мәселе

Концерттен кейін таныстық: Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншіні алғаш көрген кезін еске алды (видео)

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

Кимешекке көмкерілген тарих

Мессенджерде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Мессенджерде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Полиция тұрғындарды мессенджердегі күмәнді сілтемелерден сақ болуға шақырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында Telegram және WhatsApp мессенджерлеріндегі аккаунттарды бұзып, азаматтардың атынан ақша сұрайтын алаяқтық схемаға қатысты 14 дерек тіркелді. Полиция тұрғындарды бейтаныс сілтемелерге өтпеуге және ақша аудармас бұрын ақпаратты тексеруге шақырады.

Соңғы екі аптада Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына Telegram арқылы таныстарының атынан күмәнді хабарламалар келе бастаған. Хабарламаларда “Сашаға дауыс берші” деген өтініш жазылып, белгілі бір байқауға қатысып жатқан қызға дауыс беруге арналған сілтеме қоса жіберіледі. Есім әртүрлі болуы мүмкін.

Алайда бұл – азаматтардың мессенджердегі аккаунттарын иемденуге бағытталған алаяқтық тәсілдердің бірі. Жіберілген сілтемеге өткен жағдайда, аккаунтқа алаяқтардың қол жеткізу қаупі бар.

Аккаунтты бақылауына алғаннан кейін алаяқтар оның иесінің атынан контактілеріне хабарлама таратып, ақша сұрайды. Мәселен, “80 мың теңге жіберші, кешке қайтарамын” деген мазмұндағы өтініштер жіберіледі. Ақша аударуға дайын екенін білдірген немесе мән-жайды сұраған адамдарға қаражаттың шұғыл қажет екенін айтып, өзге есепшотқа ақша аударуды ұсынады.

Бұл ретте аккаунттың шынайы иесі мессенджерге кіре алмай қалуы мүмкін. Ал оның атынан хат алмасып отырған алаяқтың әрекетінен хабарсыз қалады.

СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әлібек Құжахметовтің айтуынша, облыста осындай схема бойынша жасалған алаяқтықтың 14 дерегі тіркелген.

– Кез келген азамат осындай қауіпке ұшырауы мүмкін. Оның ішінде кеңінен қолданылатын WhatsApp та бар. Адамға қаншалықты сенсеңіз де, ол сілтеме жіберсе, әдеттегі телефон қоңырауы арқылы хабарласып, мұндай хабарламаны шынымен өзі жіберген-жібермегенін анықтаңыз, — деп ескертті Әлібек Құжахметов.

Сонымен қатар полицейлер фотосуретке қатысты хабарламаларға да сақтықпен қарауға кеңес береді. Мәселен, “Мына суреттегі сен емессің бе? Мұны қашан түсірдің?” деген мәтінмен бірге сілтеме келсе, оны ашуға асықпаған жөн. Мұндай сілтемелер арқылы телефонға зиянды бағдарламалар орнатылуы мүмкін.

Полиция тұрғындарға мынадай қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

– Күмәнді хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз;

– Танысыңыздан ақша аударуды сұраған хабарлама келсе, оған телефон арқылы тікелей хабарласып, өтініштің рас-өтірігін анықтаңыз;

– Мессенджерге келген ақпаратты бірден шындық деп қабылдамай, оның дұрыстығын тексеріңіз;

– Аккаунтыңызға бөтен адамның қол жеткізгенін байқасаңыз, оны қорғау үшін шұғыл шаралар қабылдаңыз.

Интернеттегі алаяқтықтан сақтанудың басты жолы – күмәнді сілтемелерді ашпау және кез келген ақша аударымының алдында ақпаратты мұқият тексеру.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2026 17:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see137

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

19 Қазан 2026 14:28see132

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

19 Қазан 2026 12:32see132

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

19 Қазан 2026 13:35see131

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

19 Қазан 2026 18:07see131

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19 Қазан 2026 12:39see128

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

19 Қазан 2026 12:22see128

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

19 Қазан 2026 16:30see127

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

19 Қазан 2026 17:07see126

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

19 Қазан 2026 07:21see124

Жиын терін маусымының жетістігі мол

20 Қазан 2026 06:15see123

Әкем ренжіді : әнші Бүркіт отбасы құрған кезін еске алды (видео)

19 Қазан 2026 22:42see119

Қазақстан Балтық теңізі порттары арқылы мұнай мен көмір экспортын арттырмақ

19 Қазан 2026 19:44see116

7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

19 Қазан 2026 21:47see116

Әйел денсаулығы: үнсіз қауіп, өзекті мәселе

20 Қазан 2026 05:05see113

Концерттен кейін таныстық: Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншіні алғаш көрген кезін еске алды (видео)

19 Қазан 2026 21:23see110

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

20 Қазан 2026 17:30see109

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

20 Қазан 2026 17:38see109

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

20 Қазан 2026 17:30see109

Кимешекке көмкерілген тарих

20 Қазан 2026 07:00see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары