Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

Астанада робот иттер қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті бақылай бастады

Павлодарда қарсы жолаққа шыққан жүргізуші алты айға көлік басқару құқығынан айырылды

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Республика күні қарсаңында «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында кітап сыйлау мәдениетін дамытуға және ел тұрғындарының әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған «Саған кітап арнадым» акциясы басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Республика күні – Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуын, ұлттық бірлікті және ел болашағы алдындағы жауапкершілікті айшықтайтын ерекше мереке. Бұл – түрлі буын өкілдерін байланыстыратын, қоғамның дамуына бағыт-бағдар беретін құндылықтарға назар аударуға мүмкіндік. Сол құндылықтардың бірі – кітап оқу. Өйткені кітап адамның ой-өрісін кеңейтіп, білім мен тәжірибе алмасуға жол ашады және жаңа жаңалықтарға жетелейді.

«Саған кітап арнадым» акциясы еліміздің басты мемлекеттік мерекесін игі әрі мағыналы іспен атап өтуге шақырады. Бұл бастама зерделі ұлт қалыптастыру әр адамның жеке үлгісінен, әдебиетке деген шынайы қызығушылығынан және кез келген адам жасай алатын қарапайым әрекеттерден басталатынын еске салады.

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының атқарушы директоры Аян Сакошев акцияның маңызы туралы былай дейді: «Республика күні – ел болашағы мен келешек ұрпаққа қалдырар аманат-құндылықтарымызды саралайтын күн. Кітап – ерекше сыйлық, өйткені онымен бірге біз білімімізді, идеямызды және әлемге жаңаша көзқараспен қарау мүмкіндігін бөлісеміз. «Саған кітап арнадым» акциясы – оқуды күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдырудың қарапайым әрі мазмұнды жолы. Кітап адамдардың қарым-қатынасына себеп болып, оларды біріктіріп, жаңа шығармаларды оқуға шабыттандырғанын қалаймыз. Зерделі ұлт мәдениеті осындай шынайы ниеттен туған игі істер арқылы қалыптасатынына сенімдіміз».

Акцияға қатысу үшін жаңа немесе жеке кітапханаңыздағы жақсы сақталған кітапты таңдап, оның алғашқы таза бетіне жылы лебіз жазу немесе ішіне құттықтау салу ұсынылады. Құттықтауда кітапты кімге және кімнен сыйға тартылғаны, сондай-ақ дәл осы кітаптың неліктен таңдалғаны көрсетіледі.

Одан кейін кітапты жақын адамыңызға, досыңызға, әріптесіңізге, сыныптасыңызға немесе курстасыңызға сыйлауға болады. Қатысушыларға кітап сыйлау сәтімен әлеуметтік желілерде бөлісу ұсынылады. Ол үшін кітаптың фотосуретін немесе қысқа бейнежазбасын жариялап, кітап пен оны сыйлаған адам туралы шағын әңгіме жазып, марафонның ресми @kitap_oqityn_ult аккаунтын белгілеу және #CағанКітапАрнадым #КнигаДляТебя #BookForYou #Republicday хэштегтерін пайдалану ұсынылады.

Әр қатысушы достарын, әріптестері мен таныстарын акцияға қосылуға шақырып, игі бастаманың эстафетасын жалғастыра алады.

«Саған кітап арнадым» – жай ғана сыйлық емес. Бұл – білімді бөлісудің, жақын жандарға көңіл бөлудің және өзгені кітап оқуға шабыттандырудың мүмкіндігі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:102
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2026 16:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see134

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see132

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see132

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

17 Қазан 2026 20:13see130

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see123

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see122

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see121

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see119

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

19 Қазан 2026 12:32see113

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

18 Қазан 2026 14:28see112

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

19 Қазан 2026 14:28see112

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

18 Қазан 2026 13:22see111

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

18 Қазан 2026 08:10see111

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

19 Қазан 2026 13:35see111

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

18 Қазан 2026 16:49see110

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

19 Қазан 2026 12:22see109

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19 Қазан 2026 12:39see109

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

19 Қазан 2026 07:21see105

Астанада робот иттер қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті бақылай бастады

18 Қазан 2026 06:44see103

Павлодарда қарсы жолаққа шыққан жүргізуші алты айға көлік басқару құқығынан айырылды

19 Қазан 2026 10:00see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары