Атырау облысының соты 9 айда 782 адамды соттады
Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Сурет: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіАтырау облыстық сотының төрағасы Мұхтар Парменовтің басшылығымен өткен жиында сот алқаларының басшылары мен өңір судьялары биыл 9 айда атқарылған жұмыстардың есебін берді.
Облыста биыл соттарға келіп түскен қылмыстық істер мен бас бостандығынан айырылғандар саны азайды. Сонымен бірге өңірде азаматтық даулар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар керісінше өскен.
Есепті кезеңде өңір соттары 1 096 адамға қатысты 927 қылмыстық істі қараған. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 302 іске аз. Аталған істердің ішінде 785 адамға қатысты 664 іс бойынша үкім шығып, 782 тұлға сотталды. Алқабилердің қатысуымен 17 адамға қатысты 7 іс сарапталды. Сотқа түскен қылмыстық істердің азаюымен қатар, қамауға алуды санкциялау жағдайлары да сиреген.
Керісінше, әкімшілік құқық бұзушылық пен азаматтық даулар бойынша сотқа жүгінгендер қатары көбейген:
Әкімшілік құқық бұзушылықтар: Соттар 17 034 істі қарады (былтырғыдан 1 374 іске артық). Азаматтық істер: Өңірде 19 201 азаматтық іс қаралып, өсім 21,37 пайызды (4 105 іске көп) құрады. 9 974 іс бойынша сот шешімі шықса, 3 352 дау татуластыру рәсімдерімен аяқталған. Әкімшілік әділет (мемлекеттік органдармен даулар): Соттар 887 әкімшілік істі қарап, 287-сі бойынша шешім қабылдады. Нәтижесінде талап қоюлардың 57,1 пайызы (164 іс) қанағаттандырылып, азаматтар мен бизнестің пайдасына шешілді. Мемлекеттік органдардың заңбұзушылықтары бойынша 32 ақшалай өндіріп алу қолданылып, 15 жеке ұйғарым шығарылды.Кеңесті қорытындылаған облыстық сот төрағасы Мұхтар Парменов судьяларға сот төрелігінің сапасын арттыруды, заңнама нормаларын біркелкі қолдануды және татуластыру рәсімдерін жиірек пайдалануды тапсырды. Сондай-ақ судья әдебін сақтау, жемқорлыққа жол бермеу және қабылданатын сот актілерінің сапасы арқылы халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру басты міндет болып қала беретінін ескертті.
Бүгін, 16:13
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:20
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2026 16:28 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















