Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

Атырауда вокзалды қайта жаңғырту кезінде жұмысшы бес метр биіктіктен құлады

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Дастан Сәтпаев Вулверхэмптонға қарсы матчта көзге түсті

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

Қазақстан Америка ұшақтарына отын құю қызметін көрсете бастады

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Бүгін Қазақстанда Құтқарушы күні аталып өтеді. Бұл мамандық иелері күн-түн демей, өрт сөндіріп, адамдарды құтқарады. Биік таулардағы мұздық көлдерді бақылайды, тікұшақпен іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Sputnik Қазақстан кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректерді ұсынады.

Мерекенің тарихы

Қазақстанда Құтқарушы күні 2008 жылы ресми түрде белгіленді. Оған дейін өрт сөндірушілер кәсіби мерекесін 17 сәуірде атап өтетін. Себебі 1918 жылы дәл осы күні "Отпен күресудің мемлекеттік шараларын ұйымдастыру туралы" декретке қол қойылған болатын.

Кеңес дәуірінде құтқарушылардың жеке кәсіби мерекесі болған жоқ. Өйткені бірыңғай мемлекеттік құтқару қызметі құрылмаған еді. Ол кезде төтенше жағдайлар мен апаттардың салдарын жоюға ведомстволық құрылымдар – әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері, азаматтық қорғаныс бөлімшелерінің құтқарушылары мен альпинистік-құтқару жасақтары тартылатын.

1995 жылғы 19 қазанда Қазақстан президентінің жарлығымен төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды. Содан бері 31 жыл ішінде бұл құрылым бірнеше рет өзгерді. Алдымен агенттік, кейін министрлік болды. Одан соң Ішкі істер министрлігінің құрамына енді. 2020 жылы қайтадан дербес министрлік болып құрылды.

Құтқарушылар қолданатын технологиялар

Бүгінде Төтенше жағдайлар министрлігінің Дағдарыс орталығына еліміздің түкпір-түкпірінен маңызды мәліметтер келіп түседі. Осы деректердің негізінде төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік бар.

Қолданылатын цифрлық жүйелердің қатарында:

табиғи өрттерді ерте анықтауға арналған "Табиғат" жүйесі;

су тасқыны үдерістерін модельдеуге көмектесетін "Тасқын" және "Талсим" жүйелері;

Каспий теңізіндегі жағдай мен сейсмикалық белсенділікті цифрлық бақылау құралдары бар.

Дағдарыс орталығына еліміздің сегіз өңірінде орнатылған, орман өрттерін ерте анықтауға арналған 114 камерадан бейнеақпарат келіп түседі. Бұдан бөлек, мамандар "Qarmet" АҚ, "Қазақмыс" АҚ және "Шалқия Цинк" ЖШС-не тиесілі 18 шахта мен кеніштен деректер алып отырады.

Қызықты деректер

Төтенше жағдайлар жүйесінде 324 отбасылық жұп қызмет етеді.

Дрондардың көмегімен 28 адам құтқарылды.

Құтқарушылардың иелігінде 45 ұшақ пен тікұшақ бар. Олар іздестіру жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, науқастарды да тасымалдайды.

Биік таулы аймақтарда ұзақ мерзімді кезекшілікті қамтамасыз ету үшін 12 модульдік тұрғын үй салынды.

Шомылу маусымында 376 адам құтқарылды. Олардың 125-і — кәмелетке толмағандар.

"Теңіз жасағы" үшін авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ мұнай төгінділері мен Каспий теңізінің Қазақстан секторындағы төтенше оқиғаларға ден қоюға арналған мамандандырылған кеме сатып алынды.

Қазақстанның өртке қарсы қорғанысын 457 өрт сөндіру бөлімшесі қамтамасыз етеді.

"Ауыл құтқарушылары" ведомстволық бағдарламасы аясында 292 өрт сөндіру бекеті салынды.

Құтқарушыларға қандай жағдай жасалған?

2025 жылғы маусымнан бастап азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне бірқатар әлеуметтік қолдау шарасы енгізілді. Олардың қатарында:

тұрғын үй төлемдері;

қызмет бабымен басқа жерге ауысқан кезде берілетін көтерме жәрдемақылар;

жол жүру және мүлікті тасымалдау шығындарын өтеу бар.

Сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған аумақта қызметтік міндеттерін орындаған қызметкерлерге ақшалай ынталандыру шаралары қарастырылған.

Қазақстанның өртке қарсы және құтқару қызметтерінің тарихында қызметтік міндеттерін атқару кезінде 77 қызметкер қаза тапты.

Тоғыз айда атқарылған жұмыс

2026 жылдың басынан бері төтенше жағдайлар қызметтері шамамен 82 мың рет шақыртуға шыққан.

Осы кезеңде:

8,8 мыңнан астам адам құтқарылды;

10,3 мыңнан астам азамат эвакуацияланды;

3,2 мыңнан астам зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді.

Бұдан бөлек, осы уақыт аралығында "112" қызметінің пультіне 4,2 миллионнан астам қоңырау түскен.

Қазанда қандай кәсіби мерекелер бар?

Қазан айында бірнеше кәсіби мереке аталып өтеді. Олар:

1 қазан – Радио күні;

5 қазан –Мұғалімдер күні;

6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні;

10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күні;

19 қазан – Құтқарушы күні;

қазанның үшінші жексенбісі – Орман шаруашылығы қызметкері күні;

24 қазан – Кітапханашы күні;

қазанның соңғы жексенбісі – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні;

29 қазан – Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні.

Республика күніне орай қанша күн демалыс беріледі?

Қазан айында Қазақстанда мемлекеттік мереке – Республика күні де аталып өтеді.

Биыл 25 қазан жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты 26 қазан, дүйсенбі күні қосымша демалыс беріледі. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қатарынан үш күн – 24, 25 және 26 қазанда демалады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2026 08:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

17 Қазан 2026 13:44see143

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

17 Қазан 2026 09:04see141

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see141

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

17 Қазан 2026 13:43see140

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

17 Қазан 2026 12:52see138

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

17 Қазан 2026 13:43see136

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

17 Қазан 2026 10:02see134

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see128

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see126

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see126

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

17 Қазан 2026 20:13see124

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

17 Қазан 2026 14:38see123

Атырауда вокзалды қайта жаңғырту кезінде жұмысшы бес метр биіктіктен құлады

17 Қазан 2026 10:38see119

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see118

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see117

Дастан Сәтпаев Вулверхэмптонға қарсы матчта көзге түсті

17 Қазан 2026 09:30see116

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see116

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

17 Қазан 2026 15:57see116

Қазақстан Америка ұшақтарына отын құю қызметін көрсете бастады

17 Қазан 2026 13:44see112

Әмір Омарханов Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

17 Қазан 2026 16:15see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары