Сағатына 80 шақырымға дейінгі жылдамдық: қазақ тазылары сынақтан өтті
Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Астанада қазақ тазыларының аңшылық сынағы өтті. 30-ға жуық ит жылдамдығын, төзімділігін және аңшылық түйсігін көрсетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Жарыстың басты мақсаты - жеңімпаздарды анықтау ғана емес, ұлттық тұқымның бірегей қасиеттерін сақтап қалу. Сынақ нәтижелері кинологтарға алдағы уақытта асыл тұқымды көбейту үшін ең үздіктерді іріктеп алуға көмектеседі.
"Тазы тұқымымен айналысып жүргеніме 14 жыл болды. Оған дейін көптеген тұқымды өсірдім, бірақ таңдауым осыған түсті. Олар иесіне өте адал, аңшылыққа құмар келеді. Өте сабырлы жануарлар. Біз жаттығамыз, жұмыс істеу қабілеттерін шыңдаймыз, нәтижелеріміз де жаман емес", - деді тазы иесі Данияр Малғождаров.
![]()
Иттер жылдамдық пен физикалық төзімділіктен бөлек, аңшылық қасиеттерін де көрсетуі тиіс. Жарыстың екінші кезеңінде олар қоянның ізін иісі арқылы тауып, содан кейін оны қуып жетіп, ұстап, аңшыға алып келуі керек. Қуғын кезінде төрт аяқтылар сағатына 80 шақырымға дейін жылдамдық ала алады.
"Қазақстан кинологтар одағы жұмыс тобының отырысында сынақтардың өзіндік бірегей ережелерін әзірледі, өйткені тазының қасиеттері өзгеше. Тазы тұқымдас иттердің әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Қазір біз осы ережелерді екінші жыл қатарынан қолданып келеміз. Иттердің із кесуі, құмарлығы, жылдамдығы мен шеберлігі, сондай-ақ далалық жағдайда өзін қалай ұстайтыны бағаланады", - деді қазақ тазыларының жұмыс қабілеттерін сынау жөніндегі сарапшы Александр Линник.
![]()
Мұндай жарыс осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Бүгін сөреге отызға жуық тазы шықты. Бірақ басты міндет - ең жүйрік пен ептіні анықтау ғана емес, деп атап өтті Қазақстан кинологтар одағының өкілдері. Далалық сынақтардың нәтижелері тұқымды көбейту үшін үздіктерді таңдауға септігін тигізеді. Бұл ұлттық тұқымның табиғи аңшылық қабілетін сақтауға мүмкіндік береді. Себебі иттің сырт келбеті ғана емес, қазақ аңшылары ғасырлар бойы бағалаған қасиеттері де маңызды.
"Бұл іс-шаралар Қазақстанда тек экстерьерді, яғни сыртқы келбетті ғана емес, сонымен қатар өте маңызды жұмыс қасиеттерін бағалау бойынша да жұмыс жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Бүгін 30-ға жуық ит жиналды. Барлығы өздерінің нағыз тазы екенін дәлелдеді. Әрине, біреуі жақсырақ, біреуі сәл төменірек нәтиже көрсеткен шығар, бірақ олардың барлығы осы тұқымға тән жоғары жүйріктік пен аңшылық құмарлықты паш етті", - деді Кинологтар одағының президенті Бауыржан Серікқали.
![]()
Ұлттық тұқымның ерекше қабілеттері ғалымдарды да қызықтырды. Олар бұл иттердің жылдамдығы мен төзімділігіне тікелей байланысты болуы мүмкін генетикалық нұсқаны анықтады. Тазының бірегей қасиеттері қазақ даласының қатал жағдайында ғасырлар бойы қалыптасқан. Сондықтан бұл тұқымды сақтау - тек ұлттық аңшылық дәстүрін емес, Қазақстанның құнды генетикалық мұрасын қорғау деген сөз.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:21
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2026 08:34 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















