Павлодарда жүргізушіден пара алған полицей айыппұл арқалады
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Павлодарда автожолдағы тұтас сызықты кесіп өткен жүргізушіден пара талап еткен бұрынғы полиция қызметкеріне қомақты айыппұл салынды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімінде көрсетілгендей, 2026 жылғы мамырда Павлодар — Омбы тасжолында полиция қызметкері жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатқан. Ол қарсы қозғалыс жолағына шығып, жолдағы тұтас сызықты кесіп өткен.
Тексеру барысында жүргізуші туысына қоңырау шалып, көмек сұраған. Оның туысы полиция инспекторымен таныс болып, одан жүргізушіні жауапкершіліктен босатуды өтінген. Полицей бұған келіскенімен, 30 мың теңге көлемінде пара сұраған.
Алайда жүргізушіде сол сәтте ақша болмаған соң оны кейін аударуға уәде берген. Нәтижесінде инспектор әкімшілік хаттама толтырмай, босатып жіберген. Бірақ жүргізуші ақшаны аудармаған әрі қоңырауларға жауап бермеген. Содан полицей жүргізуші үшін араша түскен танысына хабарласып, 15 мың теңге берсе де жеткілікті екенін айтқан.
— Инспектормен қарым-қатынасын бұзғысы келмеген танысы өз қаражатынан 15 мың теңге көлемінде пара беруді ұйғарған. Қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында ол өзге азаматқа телефон соғып, 15 мың теңге қарыз сұраған, — делінген Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімінде.
Ақырында оқиғаның мән-жайы құқық қорғау органдарына белгілі болып, қылмыстық іс қозғалған. Сот алдында бұрынғы полиция қызметкері мен жүргізушіні жауапкершіліктен босатуды сұраған оның танысы жауап берді.
Жүргізуші іс бойынша куәгер ретінде өткен.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:56
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2026 07:51 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















