Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Астанада қоғамдық көлікте қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасады деген күдікпен 46 жастағы ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға туралы жәбірленуші әлеуметтік желіде жазған. Оның айтуынша, автобуспен келе жатқанда бейтаныс ер адамның өзіне қол тигізгенін сезген. Бұрылып қарағанда оның әрекеті кездейсоқ болмағанын түсінген.
Қыз ер адамға қарсылық білдіріп, оны суретке түсіріп алған. Кейін болған жағдайды әлеуметтік желіде жариялаған.
Жәбірленуші мұндай жағдайда әйелдердің өз құқығын қорғауы қиын екенін айтып, полицияға жүгінген күннің өзінде оқиғаны дәлелдеу оңай болмайтынына алаңдаушылық білдірген.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған оқиға бойынша 46 жастағы ер адам ұсталған.
«Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау бөлмесіне қамалды», – деп хабарлады полиция.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:107
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2026 12:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















