Астанада ер адам саябақта қызға тиісті деген күдікпен ұсталды
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Астана тұрғыны әлеуметтік желіде сіңлісіне саябақта ер адамның тиіскенін жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Айтуынша, оқиға 29 шілде күні таңертең болған. Бейтаныс адам қызды күшпен ұстап, жібермей қойған.
"Ол маңайдағы адамдардың назарын аудару үшін айқайлап, қарсылық білдірген. Осыдан кейін ер адам оқиға орнынан қашып кеткен. Сіңлім оны бейнекамераға түсіріп үлгерген", – деп жазды жәбірленушінің туысы.
Астана полиция департаменті күдікті ретінде 27 жастағы қала тұрғыны ұсталғанын мәлімдеді.
"27 жастағы ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады ведомство.
Полицияның мәліметінше ер адамға ұсақ бұзақылық бабы бойынша іс қозғалған. Іс материалдары сот қарауына жіберілді.
Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:84
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 09:21 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















