Тоқаев биоалуантүрлілікті қорғау қорын құруды ұсынды
Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Сурет: Ақорда
Қазақстан сирек кездесетін жануарлар түрлерін қорғау жөніндегі Халықаралық қор құруды ұсынып, табиғатты қорғауға бағытталған ауқымды 10 жылдық бағдарламаны іске қосып жатыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі көшбасшылар саммитінде мәлімдеді.
Президент шетелдік әріптестерді Қазақстанның экологиялық бастамаларына халықаралық деңгейде қосылуға шақырды.
Гендер банкі және 10 жылдық ұлттық бағдарламаМемлекет басшысы елімізде биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған 10 жылдық Ұлттық бағдарлама қабылданғанын хабарлады. Бағдарлама экожүйелерді қалпына келтіруге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға, сондай-ақ қорықтар мен ұлттық парктер желісін кеңейтуге бағытталған.
«Біз сондай-ақ биоалуантүрліліктің ұлттық генетикалық банкін құрып жатырмыз. Қазақстан өңірлік ынтымақтастыққа да белсенді қатысуда. Сәуір айында Астанада БҰҰ-ның Өңірлік экологиялық саммиті өтіп, оның қорытындысы бойынша Орталық Азиядағы экологиялық ынтымақтастық туралы Астана декларациясы қабылданды. Бұдан бөлек, Каспий маңы мемлекеттерінің қолдауымен Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаны іске қосуды ұсынып отырмыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент су тапшылығы мен су ресурстарын басқару мәселелеріне де ерекше назар аударып, бұл саланы бірлескен жұмыстың басым бағыттарының бірі деп атады.
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасын еске салды.
Жоспар бойынша, бұл құрылым Орталық Азия елдерінің күш-жігерін біріктіріп, әлемнің барлық мемлекеті үшін ашық болады. Ұйымның негізгі мақсаты — су қауіпсіздігін нығайту, өзендерді, көлдерді және сулы-батпақты алқаптарды қорғау. Бұл табиғи нысандардың жай-күйі миллиондаған адамның өміріне тікелей әсер етеді.
Кеше, 17:39
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:71
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қазан 2026 13:43 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















