Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

Атырауда вокзалды қайта жаңғырту кезінде жұмысшы бес метр биіктіктен құлады

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Қазақстан Америка ұшақтарына отын құю қызметін көрсете бастады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

Өңірлерде өткен аптада қандай жаңа нысандар ашылды?

Өңірлерде өткен аптада қандай жаңа нысандар ашылды?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Өткен аптада жаңа кәсіпорындар, көлік тораптары мен энергетика нысандары пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өнеркәсіп және өндіріс

Ақмола облысында инвестиция көлемі 7,4 млрд теңге болатын жаңа металлургиялық кешен іске қосылды. Реконструкцияланған өндірістік алаңда айына 2-ден 3 мың тоннаға дейін қорғасын құрамды шикізатты қайта өңдеу жолға қойылған. Жоба Мемлекет басшысының шикізаттық бағыттан терең өңдеуге және қосылған құны жоғары өнім шығаруға көшу жөніндегі тапсырмалары шеңберінде жүзеге асырылды.

Инфрақұрылымды дамыту

Алматыда Наурызбай және Бостандық аудандарының 15 мыңға жуық тұрғынын сумен қамтамасыз ететін су құбыры алаңын реконструкциялау аяқталды. Жоба аясында жаңа екінші көтерілімдегі сорғы стансасы салынды, жалпы көлемі 2 мың м3 екі таза су резервуары реконструкцияланды, инженерлік желілер жаңартылды және заманауи автоматты бақылау жүйесі енгізілді. Жүргізілген жаңғырту жұмыстары су құбыры желісіндегі қысымды тұрақты ұстап тұруға, әсіресе су тұтыну көлемі артатын уақытта, сондай-ақ су берудегі іркілістердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Қостанай облысында республикалық маңызы бар Қостанай - Мамлютка автожолының 43 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Жобаның жалпы құны - 5,6 млрд теңге. Жолдың осы учаскесін жаңғырту қауіпсіздікті арттыруға, көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік берді, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстанның транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайту жөніндегі міндеттері шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға және өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етті.

Ақтөбе облысының Қарауылкелді ауылында реконструкциядан кейін теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің вокзалдарын кезең-кезеңімен жаңғырту шеңберінде орындалды. Жаңғырту аясында жалпы ауданы 207,73 шаршы метрді құрайтын бір қабатты вокзал ғимараты жаңартылып, 25 орындық күту залы жабдықталды. Сонымен қатар вокзал маңы абаттандырылып, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарына қатты жабын төселді, аумақ көгалдандырылды.

Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу

Қостанай облысында жоғары сапалы сүттің өзіндік өндірісін ұлғайту және импортқа тәуелділікті төмендету жөніндегі жұмыс шеңберінде құны 3,2 млрд теңге болатын заманауи тауарлы-сүт фермасы пайдалануға берілді. Қуаттылығы 400 бас малға арналған кәсіпорын жылына 4380 тоннаға дейін сүт өндіруге қауқарлы. Кәсіпорында Германиядан сатып әкелінген голштейн асыл тұқымды мал басы тартылып, 30 жұмыс орны ашылды.

Ақмола облысының Еңбек ауылында құны 8,1 млрд теңге болатын сүт-тауарлы фермасы іске қосылды. Кешеннің жобалық қуаты 900 бас сиырға есептелген, ал күтілетін жылдық сауын 4230 тонна сүтті құрайды. Кәсіпорын үшін жоғары технологиялық жабдықтар сатып алынды, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жөніндегі биокешен орнатылды.

Энергетика

Қостанай облысында жалпы қуаты 100 МВт жел электр стансасы пайдалануға берілді. Жобаға салынған инвестиция көлемі 38,6 млрд теңгені құрады. Нысанда әрқайсысының қуаты 6,25 МВт болатын 16 жел генераторы орнатылған. Екі станса жылына 380 млн кВт/сағ дейін электр энергиясын өндіре алады, бұл өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, инфрақұрылымды дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін сенімді жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 Президенттің Жетісу облысының Панфилов ауданындағы халықты табиғи газбен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында бірден бес елді мекен газбен жабдықтауға қосылды. Атап айтқанда Жиделі, Ақарал, Қызылжиде, Сарпылдақ, Керімағаш ауылдарына жалпы ұзындығы 58 шақырым газ құбыры тартылды. Нәтижесінде 1,5 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:56
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2026 08:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

17 Қазан 2026 13:44see143

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see141

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

17 Қазан 2026 13:43see140

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

17 Қазан 2026 12:52see138

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

17 Қазан 2026 13:43see136

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

17 Қазан 2026 10:02see134

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see129

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see127

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see126

Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

17 Қазан 2026 20:13see124

Қазақстандық жүзуші Астанадағы әлем кубогында рекорд жаңартты

17 Қазан 2026 14:38see123

Атырауда вокзалды қайта жаңғырту кезінде жұмысшы бес метр биіктіктен құлады

17 Қазан 2026 10:38see120

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see118

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see117

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде ойран салған ер адам қамауға алынды видео

17 Қазан 2026 15:57see116

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see116

Қазақстан Америка ұшақтарына отын құю қызметін көрсете бастады

17 Қазан 2026 13:44see112

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see111

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

18 Қазан 2026 13:22see106

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

18 Қазан 2026 08:10see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары